Материалдар / "Ең білімді оқушы" интеллектуалды ойын 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ең білімді оқушы" интеллектуалды ойын 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық құндылық негізі сапалы білім, саналы тәрбие » тақырыбына сыныптан тыс іс-шара 3- сынып оқушыларына арналған интеллектуалды ойын. Ойынның мақсаты -Сыни және креативті ойлау; -Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, ең білімді оқушыны анықтау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
172
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мұғалімнің аты- жөні:

Байшукаева Динара Тулепбергеновна


Ресурстар


Күні:

29.02.2024

Сынып: 3

Қатысушылар саны: 3

Қатыспағандар саны:

























Слайд





































«Бәйге» үстел ойыны








































































































Слайд


https://www.youtube.com/watch?v=8imYt96wknc














«Ұяшық

тар сыры»















































Сыныптан тыс:

«Ең білімді оқушы»

Құндылық

Талап

Мақсаттары:

- Сыни және креативті ойлау ;

- Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, ең білімді оқушыны анықтау;

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)























Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




























































































Соңы(бекіту)

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері.



Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді, жастар екені даусыз. Осы мақсатпен біз 1 - сынып оқушыларымен бірге күнделікті алған білімімізді ортаға салып, байқамақпыз.

Сайыстың жүру барысы:


1.«Бәйге» кезеңі

2.«Полиглот» кезеңі

3. «Кім жылдам » кезеңі

4.«Ғажайып төрттік» кезеңі

5.«Жорға» кезеңі



1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)


2.«Полиглот» кезеңі

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

1.Қолы менен қаламы жоқ,

   Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
   Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow)

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква-letter)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. 
(сызғыш – линейка-ruler)

 5. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады
. (қоян – заяц-hare)

 6. Жолбарыстан аумайды,
      Тышқандарды аулайды
.(мысық – кошка-cat )

 7. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. 
(пияз – лук-onion)

 8. Бұлаңдаған құйрығы,
      Бір алдарлық қулығы. 
(түлкі – лиса-fox)

 9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
      Құшағымда білім көп. 
(кітап – книга-book)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок- the beel)



3. «Кім жылдам?» кезеңі

1.Қазақтардың жаңа жылы?(наурыз)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (жұма)

5.Күй атасы кім ?   (Құрманғазы)

 6. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім ?       (Ыбырай)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.Ұлы жүздің биі ?  (Төле би)

9.Нешінші сыныпта оқисың?    (үшінші)

10.Кімнің баласысың?



4.«Ғажайып төрттік» кезеңі

Сұрақтары:

АНА ТІЛІ

1.Биыл оның жасы он үшке толған еді.Бойы өскен.Қол аяғы ұзарған.

                          («Бала Абай».М.Әуезов)

2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Қаздай тізіліп тұрған асыққа дәлдеп тұрып жіберіп қалғанда, снаряд түскендей, асықтар аспанға бір ақ ұшады, жинай бер.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Елдестің ойыны»)

4. Ол 1905жылы Қытай еліне барады .Бұл сапарға Ресейден Он сегіз балуан қосылған еді. Әңгіме кім туралы?

 (Қажымұқан Естелік)

МАТЕМАТИКА

  1. Ең кіші үш таңбалы сан. 100

  2. 4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

  3. 5пен 8 санының көбейтіндісі   40

  4. 3*5+40 мәні қанша?    55



ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

Суреттер сөйлейді.

1.Қ.К.Тоқаев-президент

2.Т.Әубәкіров-ұшқыш

3.Ж.Жабаев-ақын

4.Ы.Алтынсарин -ұстаз



5.«Жорға» кезеңі

Сұрақтары:

 1-оқушыға:

1.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)


2.16 желтоқсан-қандай мереке?      (Тәуелсіздік күні)


3.Қазақстанның көрші мемлекеттерін ата.       (Ресей,Қытай,Өзбекстан,Түркіменстан,Қырғызстан)


4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты.   (Ибраһим)

6.Күй атасы ?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата.    (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)


Қорытынды.


Шын жүйректер сыналады жарыста ,

 Жарыстыңба орта жолда қалыспа.

 Әділқазы бағалайды сіздерді

 Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па, -

демекші осымен бүгінгі  «Ең білімді оқушы» атты сайысымыз аяқталды!  Оқуда озат болып, еліміздің жарқын болашағы болуларыңа тілектеспіз!            Келесі кездескенше сау болыңыздар!





Шеңбер бойы тұрып,өлең шумақтарын қайталайды



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!