Тақырыбы: «Ең іскер, ең
шебер» екі топ
арасындағы сайыс
Мақсаты: Жас ұрпақты белсенділікке,
технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке,
тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Еңбек туралы ұлағатты сөздер,
дайындамалар,презентация Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Мақсат пен тақырыбымен
таныстыру
ІІІ.Негізгі бөлім
1.Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
-Өздеріңізге белгілі осы
аптада «Политехникалық пәндерінің апталығы өтуде. Жоспарға сай
аптаның 4– ші күні өтетін ер балаларға арналған «Ең іскер,ең шебер»
сайысына қош келдіңіздер.
Сайыстың
мақсаты: : Жас ұрпақты
белсенділікке, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып,
жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Алдымен әділ-қазылар алқасымен
таныстырып өтейін:
-
Бекбергенов А.К. –мектеп
директоры
-
Бозмбекова Б.С. – оқу –тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
-
Ибраимова Ж.К.-бірлестік
жетекшісі
-
Уразбаева Ш.С.- мектеп
психологі
Жауаптарды бес балдық жүйесімен
бағалау.
Сайыстың бөлімдеріне
тоқталсақ:
1..«Таныстыру»
2. Сұрақ -
жауап»
3.
Коллаж технологиясы бойынша
еркін тақырыпта бұйымдар жасау.
4.
«Әр қолда өзінің
ісі». Топ басшылар
сайысы.
5 «Тіл
өнері»
6.
«Қол өнері»
жігіттеріміз өздерінің қолдан
жасаған бұйымдарын
көрсетеді.
Жүргізуші.
Кімдер іскер,кімдер шебер
білейікші,
Өнерлісі мектептің деп
жүрейікші,
Әідлқазыларға тек
әділдікті,
Ал сайыскерлерге сәттілікті
тілейікші.
1-жүргізуші:Бүгінгі өткізгелі отырған
сайсымызға қатысатын оқушыларды сахна төріне
шақырамыз.
І«Таныстыру»
Сайыс шарттарымен таныстырып
өтейін:
Шарт:
«Таныстыру»
Ал кімнің өнері бар
қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек
салыпты.
Терме ұстап, енді бірі ши
тоқыса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - деп келе,
кезекті «Тұлпар» мен «Сұңқар» тобының сайыскерлері өзін таныстырып
өтсін.
Таныстыруды
бағалаңыздар.
2-жүргізуші
II. Шарт: «Сұрақ -
жауап»
«Білекті бірді
жығады,
Білімді мыңды
жығады.
Инемен құдық
қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып,
кезекті
Сұрақ - жауап»
сайысы.
Бұл
шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді.
Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне
де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Сандықтан әр топтың топ
басшысы сұрақты алады. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Жауабын
ортаға әр топтан бір адам ортаға шығып жауап
береді.
1) Үш арсыз, үш жамандықты атап
беріңіз?
- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі
арсыз;
- Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата -
бабадан қалған жұртты
бұзбау;
2) Қазақша ай аттарын
ата?
- Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым,
Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша,
Желтоқсан;
3) Төрт түлік малдың иесі қалай
аталады?
- Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой -
Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі
баба;
4) Қазақтың ұлттық аспаптарын
ата?
- Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы
т. б.
5) Жеті атаны атап
беріңіз?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене;
6) Жеті қазынаны атап
беріңіз?
- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік
ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік
тазы;
7) Үш жүзді және үш көзді
атаңыз?
- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші
жүз;
- Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз
анасы – құлақ;
8) Бес қару деген
не?
- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта,
Шоқпар;
Сұрақ – жауап сайысына баға
беріңіздер..
1-жүргізуші
ІІІ. Сайысымыздың үшінші
бөлімі.
Коллаж технологиясы бойынша
қағаздан жасалған еркін тақырыпта бұйымдарды
жасау.
Сайысымыздың үшінші
бөліміне баға
беріңіздер.
2-жүргізуші
IV.
«Әр қолда өзінің
ісі». Топ басшылар сайысы.
Екі қолмен бірдей жұмыс жасау. Сол қол үшін – үшбұрыш
Оң қол үшін – дөңгелек
Топ басшыларды
бағалаңыздар
1-жүргізуші
V «Тіл
өнері»
Бұл сайыста тапқан сөздеріңізді қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде айтасыздар, егер бір сөзді дұрыс тапсаңыз 5
ұпай, екі сөзге 10 ұпай, үш сөзге 15 ұпай. Интерактивті тақтада әр
топқа арналған сұрақтар беріледі сол сұраққа жауап береді. «Не»
деген жерге керекті сөз
қоясыздар.
1) Жаңбырменен не көгерер? (жер, земля,
earth);
2) Не қорқақ, қол
батыр? (көз, глаза,
eye);
3) Қанша жуан
болса да жалғыз не үй болмас? (ағаш, дерево,
tree);
4) Не отбасынан
басталады? (Отан, Родина,
Motherland);
5) Туған жерге
неңді тік?(ту, флаг, flag);
6) Не басынан
шіриді? (балық, рыба,
fish);
7) Шебердің
саусағы не?(алтын, золото,
gold);
8) Жақсыдан
үйрен, жаманнан не? (жирен, отвращение,
away);
Тіл өнеріне баға
беріңіздер.
1-жүргізуші
VІ
.Сайысымыздың келесі түрі
«Қол өнері»
жігіттеріміз өздерінің қолдан
жасаған
бұйымдарын әділқазыларға әкеліп
тапсырсын.
Әділқазылар алқасы өз бағаларын
қойыңыздар.
2-жүргізуші
Әділ бағасын беретін
әділ-қазылар алқасына сөз берейік.
Сайыс болған соң жеңіс пен
жеңіліс қатар жүретінін білеміз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік
тілеймін.
Марапаттау
«Кез келген жұмысқа
жауапкершілікпен қарап, еңбектің арқасында барлық нәтижеге қол
жеткізуге болады»- деп сайысымызды аяқтағым
келеді.
Назарларыңызға рахмет! Сау
болыңыздар!