400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ең жақсы мамандықтар" 6 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздарға 6 сынып бойынша сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: «Пресновка орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Маутбаева Т.Б.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ең жақсы мамандықтар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

Сабақтың мақсаттары

Негізгі және жанама ақпаратты ажыратады, мәтіндегі ақпарат бойынша кесте толтырады, өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі ақпараттарды анықтайды

Дескрипторлар

  • негізгі ақпараттарды анықтайды

  • жанама ақпараттарды анықтайды

  • кейбір жағдаяттармен байланыстырып сөйлейді

Құндылықтар

Мамандық туралы тәжірибе жинақтау, өзара құрмет, ынтымақтастық

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, дүниетану

Тілдік мақсаттар

Мамандық таңдау, бағыт-бағдар, қызу жұмыс, ғылыми жаңалық, зертхана, мүмкіндікті пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

А2. Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.

ТБ1.5. Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын хабарлау.

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут









10 минут















































10 минут










10 минут







Мәтіналды жұмыс:

-Жақын болашақта қандай мамандықтар пайда болуы мүмкін?

-Болашақ мамандықтарды ой картасына (кластер, ментальді карта, постер) түсіріңіз.

-Өз жұмысыңызда суреттер мен символдарды пайдаланыңыз.

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді оқып, негізгі және жанама ақпаратты анықтаңыз.

Әлем күн сайын өзгеруде. Күні кеше ғана ата-аналарымыз жұмысшы, жүргізуші мен құрылысшы мамандықтарын көп сұранысқа ие деп білсе, бүгінде жоғары жалақы төленетін ІТ-маман, мерчендайзер, блогер, бета-тестер, модератор және басқа да SMM-шілер мамандықтары қызметінен бейхабар.

Балаңыз жақсы жұмыс тауып қана қоймай, мансапқа жетуі үшін қандай мамандық таңдағаны жөн? Мүлдем жоламауы тиіс мамандықтар қайсы? Бұл туралы Экспресс-К хабарлайды.

Инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері үшін тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Бұл мамандықтарға деген сұраныс алдағы жылы артады. Алайда кәсібилікке, қосымша машықтарға деген сұраныс та ұлғаймақ.

Ал өзге мамандықтар үшін ауыр уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.

Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D-принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D-принтерлер құрылысышылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады. Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады.

Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысын жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді. Орақ тілді тілшілерден кем түспейтін роботтандырылған бағдарламалар пайда болуына байланысты тілшілердің де басым бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін.

Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді де бағдарламалар алмастырады. Десе де бұл мамандық түбегейлі жоғалмайды, тек түрленеді. Жақын аралықта ақылды қалалар мен компьютерлік жүйе дизайнерлеріне деген сұраныс туындайды.


Мәтінсоңы тапсырма:

1-тапсырма. Мәтін мазмұны негізінде төмендегі кестені толтырыңыз:

Сұранысқа ие болатын мамандықтар

Сұранысы төмендейтін мамандықтар

Қызметі түрленетін мамандықтар






2-тапсырма. Болашақта қандай мамандықты таңдаған дұрыс? ПОПС әдісімен талдаңыз:

Пікір

Дәлел

Мысал

Қорытынды


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтіндегі ақпараттарды анықтайды

  • негізгі ақпараттарды анықтайды

  • жанама ақпараттарды анықтайды

  • кейбір жағдаяттармен байланыстырып сөйлейді























http://stan.kz/keleshek-mamandyktary-zhumyssyz-kalma/













Сабақтың соңы

3 мин


Рефлексия

«Менің термометрім» бойынша бүгінгі сабақтан алған дағдыларын көрсетеді. Олар стикерге аты-жөндерін жазып өз меңгерген деңгейі бойынша жапсырады.



Таратпа





Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі