400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ең кішкентай құс

Материал туралы қысқаша түсінік
Колибрлер – әлемдегі ең кішкентай құс. Оңтүстік Американың Амазонка бассейндерінде, ылғалды жазықтарда сондай-ақ таулар мен шөлейттерде мекендейді. Олар жерде жүре алмайды, себебі аяқтары өте әлсіз болады. Есесіне қанаттарының бұлшықеттері күшті жетілген. Олардың иықтары басқа құстар секілді жоғары-төмен қозғалмайды, қанатының ұшымен көлденең жатқан сегізді сызғандай қалыпта айналып отырады. Колибрлер қанатын жылдам қағады: олар тұрған жерде кішкене дақ тұрғандай көрінеді, олардың үні де әлсіз. 6-сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы : 6


Сабақтың тақырыбы

Ең кішкентай құс. Тәуелдік жалғау

Мақсаты



  1. Оқушылардың бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы — табиғат жайлы түсініктерін толықтыру, құстар тіршілігі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат беру.

  2. Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, қорытынды жасай білуге үйрету.

  3. Табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды аялауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер



Құстардың пайдасы,оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.

Құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді біледі. 

Керекті жабдықтар

Бейнебаян, слайдтар, стикерлер, карточкалар, кесте



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




І.Кіріспе

Амандасу

Психологиялық ахуал туғызу

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?

-Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын

Балалар,ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық «Жылы лебіз» атты тренинг өткіземіз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Серпілген сауал» әдісімен тексеру

Шаттық шеңберін құрады.


Сұрақтарға жауап береді.



Тұсаукесер





Ой-маржан. «Бәйге»

Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап. Жылдамдықтарыңа қарай, тез әрі дұрыс жауап беру. Әр топқа 10 сұрақ.

Сұрақтар 1-топ.

1. Түнде ұшатын құс (үкі)

2. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында таралған түр саны (8600-ге жуық)

3. Қай құстар ұша алмайды (пингвин, түйеқұс)

4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

5 Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар. (жыл құстары)

6 Ең кішкентай құстың салмағы (1,5 грамм)

7. Ең ірі құс және оның салмағы (түйеқұс, 90кг)

8 Ең кішкене құс (колибри)

 

Негізгі бөлім





Сөздікпен жұмыс

Салмақ -вес

Тұмсық -клюв

Жіңішке - тонкий

Ұзын -длинный

Қанаттары -крылья

Құйрық -хвост

Қауырсын –перья

Құбылып тұрады -переливаются

Қысқа-короткий

Жүрек- сердце






Ең кішкентай құс – Колибри
Колибри – жер бетіндегі ең кішкентай құстар. Олардың салмағы дене тұрқына қарай 1, 6 — 1, 8 — 2 — 6гр. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын. Қанаттары онша ұзын емес, құйрық қауырсындары қысқа. Колибридің аяқтары 4 саусақты әлсіз болғандықтан, жерде жүре алмайды. Қауырсын қанаттары түрлі — түсті, жарыққа құбылып тұрады. Өзі кішкене болғанымен жүрегінің көлемі қарыннан үш есе үлкен. Жүрегі минутына 1000 рет соғады.



Топтық жұмыс. Жұмбақтар.

1-топ:

1. Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.
(тоқылдақ-дятел-woodpecker)

2. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш-ласточка-swallow)

3. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді
(шымшық-синица-titmouse)

4. Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады
(шағала-чайка-slagull)

5. Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...
(тауық-курица-chicken, hen)

2-топ:

1. Орыннан орынға ауысқан
Ұшқалақ қарала ...
(
сауысқан-сорока-magpie)

2. Мойыны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы?
(
аққу-лебедь-swan)

3. Кеудесі қайқаңдап
Жүреді байпаңдап
(
қаз-гусь-goose)

4. Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы
(
үкі-филин-owl)

5. Үні ғажап, дүлдүл
Бақта сайрар ...
(
бұлбұл-соловей-nightingale)

Құстар жайлы болжамдар.

1 Шағала келсе сең бұзылады.

2 Қарлығаш өрлеп ұшса күн жылы болады, жер бауырлап ұшса жаңбыр жауады. 3 Жыл құстары қаптап келсе, көктем ерте шығады.

4 Құс жүнін үрпитсе –жаңбыр жауады .

5 Қарға қарқылдаса-қар жауады

6 Сары шымшық ысқырса күз келеді

Ережемен жұмыс

Тәуелдік жалғау

Жекеше түрі:

I жақ менің дос-ым, менің әже-м

II жақ сенің дос-ың, сенің әже-ң

II жақ сіздің дос-ыңыз сіздің әже-ңіз

III жақ оның дос-ы оның әже-ci

Карточкалармен жұмыс

1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Моя семья, твой отец, Ваша мама, его сын, её подруга, моя тёща, твой свекор, Ваш супруг, его жена, её супруг, моя бабушка, твой дедушка, его внук, её правнучка, мой сват, твой свояк, Ваша племянница, его старшая сестра, её младшая сестра, мой младший брат, твой зять, Ваша невеста, его ровесник, её семья.


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыз.

Үлгі: студенті – Университеттің студенті.

... ескерткіші, ... жұмысшылары, ... көйлегім, ... киімің, ... орамалыңыз, ... үйірмеміз, ... бөлмесі, ... тойларың, ... сабағы, ... беті, ... есігі, ... дәптері, ... кабинеті.

Керекті сөздер: дәрігердің, кітаптың, оқушының, балалардың, бөлменің, сендердің, олардың, Абайдың, менің, сенің, біздің, сіздің, заводтың.



Жаңа сөздермен сөйлем құрастырады




«Ойлан, жұптас, бөліс»












Жұмбақтардың шешімін табады.














































Пікірлерін айтады.







Мұқият тыңдап, дәптерлеріне жазып алады.








Тапсырманы орындайды.


Қорытынды





«синквейн» колибри

Рефлексия: «Алма ағашы»

Үй тапсырмасы: әңгімелеу


Тапсырманы орындайды


Стикерлерге жазып, «Алма ағашына» іледі.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі