400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ең мейірімді жан - ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананың ыстық көңілі, аялы алақаны, балаға деген махаббаты туралы. Ана мен баланың арасындағы сыйластық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ең мейірімді жан-АНА

Менің анам мен үшін –өлемдегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Неліктен жақсы көретінімді де білмеймін. Оған бар болғаны менің өмірімде бар екендігі үшін алғыс айтамын. Мен үшін анамнан жақын жан жоқ.Менің анамның есімі- Жазира . Менің анам дәріханада жұмыс істейді. Кейде жұмыстан шаршап келеді, кейде ренжіп келеді. Біз отбасында 4 баламыз. Алайда ешқашан бізге келгенде мейірімін, жылуын, жанашырлығын төгуден шаршаған да, ренжіген де емес. Анамның мейірімі бәрімізге да жетеді, біреумізді кем, бірімізді артық жақсы көрмейді. Оның мінезі сондай жайлы. Кез-келген адаммен , кез-келген жерде тіл табыса алады. Біздің қатарымыздан кем болмауымыз үшін, заманауи жас болып өсуіміз үшін әрдайым жаңаша жетіліп отыруымызды қадағалайды. Қазір заман жаңашылдықтың , техниканың заманы. Сондықтан анамыз әртүрлі қосымшаларға қатыстырып, білімімізді дамытып, еліміздің көркем жерлерін аралатып көзі ашық , көкірегі ояу азамат болып қалыптасқанымызды қалайды.Мен үшін одан мықты, одан ақылды, білімді, мейірімді адам жоқ. Қандай да болсын қиындықтың шешімін табатын да- менің анам.Сіздер білсеңіздер ғой, менің анам сонымен қоса өте шебер аспаз. Дайындаған тағамдарын біз балалары ғана емес , үйге келген қонақтар да мақтап кетеді. Үй шаруасына келгенде де өте мықты. Менің ойымша менің анам шаршамайтын сияты. Осынша күшті қайдан алады екен деп ойлаймын!?. Анашым өзі ғана жасап қоймай бізді үй шараушылығына тәрбиелеуді де ұмытпайды. Біздің әрқайсымызға бөлінген жұмыстарымыз бар. Мен киімдерді бүктеймін, шай дайындаймын. Кеше кекс пісіруді үйретті...

Сөзімді қорыта келгенде айтарым, ата-анам менің –бар байлығым, қазынам . Анамның мейірімі жан-жағына шуағын төгер –күнім. Осындай алып күнге жылынып, мейіріміне бөленіп жүрген барша адамзат , аналарыңызды мәңгі құрметтеңіздер, ардақтап, аялай біліңіздер. Қазақ халқы «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» деген және де « Жұмақ-ананың табанының астында» деп те айтады. Олай болса анамызды сыйлап, құрметтейік!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2022
1644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі