400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ең қымбат нәрсе уақыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бисеналина Гулайна Сәндібайқызы бірінші санат



Қазақ тілі. 8 класс.


Сабақтың тақырыбы: Ең қымбат нәрсе – уақыт.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Уақытты үнемдеудің қажеттілігін балалардың білуіне қол жеткізу,мектеп пен үйдегі жұмыс кестесін құруды балалардың ойымен санасына сай құрастыру. 
Дамытушылық: Септік,тәуелдік жалғауларды практикалық жолымен пысықтау.Сөйлеу тілін,танымдық ойөөрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Балаларға уақытты үнемді пайдалана білуге үйрету.Оқушының белсенділігін,қазақ тіліне қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап, ауызекі сөйлеу,мәнерлеп оқу,СТО әдісі


Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі:
 
Балалармен жылы шыраймен сәлемдесу, жылы орта қалыптастыруға тырысу.
 
Кезекші оқушының есеп беруі (сұрақ
-жауап түрінде) 

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 
- Балалар,бүгін біз сабақта септік жалғауы мен тәуелдік жалғауларын практикалық жолымен пысықтаймыз.Уақытты дұрыс пайдалана білуімізді,күн тәртібін дұрыс құруымызды үйренеміз.Жаңа мәтінмен танысып,мәтіннің мазмұнын талдаймыз
.  


3.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы сағатты дұрыс білетіндеріңді анықтаймын.


4.Жаңа сабақ.

Shape2 Shape1 Shape3

Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4

Уақыт








5. Мәтінмен жұмыс.

1 топ – мәтінді оқу

2 топ – мәтінді мазмұндау

3 топ – мәтінге сұрақтар әзірлеу


6. Өз бетіндік жұмыс.

1 топ – «Уақыт» сөзін тәуелдеу

2 топ – «Уақыт» сөзін септеу

3 топ – «Уақыт» сөзіне синоним жазу


7. Ойланып көр.

1 минутта неше секунд бар?

1 сағатта неше минут бар?

1 сағатта қанша секунд бар?

1 тәулікте неше сағат бар?

1 аптада неше күн бар?

1 айда неше апта бар?

1 жылда неше ай бар?

1 жылда неше күн бар?

1 ғасырда неше жыл бар?


8. Бекіту. Есте сақтау жұмысы.

Уақыт - күткедерге өте баяу,

Қорыққандарға тым жылдам нәрсе.


9. Қорытындылау. С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста » үзіндіні оқу.


- Ей Күн, қайда барасың? 
-Түнде ұықтап демалам.
 
Ұйқым әбден қанған соң
 
Ертең қайтып оралам.
 
-Ей, Ай, қайда барасың?
 
-Көк теңізге барамын.
 
Күндіз ыстық болған соң,
 
Тұңғиықта жатамын.
 
-Ей, Жел, қайда барасың?
 
Желпеймін таң ауасын
 
Паналаймын сонан соң,
 
Тау мен тастың арасын.
 
Көкек,қайда барасың?
 
Ұшып, қонып секектеп?
 
-Балаларды оятам,
 
-Таң атқанда көкек деп...
 
- Қарап тұрсаң , «не керек,
 
Елдің бәрі жұмыста
 
Гүл сорады көбелек
 
Дән тасиды құмырсқа.»
 


Уақытты қалай түсінесің?

Сен уақытты қалай тиімді пайдаланасың?

Сабаққа қанша уақыт дайындаласың?


10. Рефлексия.

Сабақтан алған әсерің (стикерледі толтырып, тақтаға жабыстыру)


11. Үйге тапсырма.

«Ең қымбат нәрсе – уақыт» тақырыбына эссе жазу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі