Ең сүйкімді бүлдіршін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ең сүйкімді бүлдіршін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең сүйкімді бүлдіршін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ең сүйкімді бүлдіршін» 1 – 4 сынып арасындағы қыздар сыны байқауы.
Мақсаты: 1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін жетілдіру.
3) Мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  1. «Қыз – өмірдің қызғалдағы»

  2. «Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі»

  1. Суреттер, шарлар, гүлдер, жұлдызшалар т.б.


Барысы: І. Ұйымдастыру

Жүргізуші:

1. Құрметті ұзтаздар, оқушылар, бүгінгі біздің әсем де, әдемі мектебімізде тағы бір мереке. 1 – 4 сынып қыз балаларының арасында өткізгелі отырған «Ең сүйкімді бүлдіршін» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2. Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың,
Қарсы алайық құрметтеп аруларды,
Ұстанған қазағымның ата салтын – дей келе ортаға сайысқа қатысушы бұлдіршіндерді шақырайық. (Саппен қыздар ортаға келіп тұрады.)


3. Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейін қазыларды таныстырып.
Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:

1) Мектебіміздің басшысы – Қ. Дәулетова
2) Тәрбие ісінің меңгерушісі – Л. Исаева
3) Метебіміздің психологы – Ұ. Құлтаева

4. Бүлдіршіндер бар өнерін салар анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал, ендеше, таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп, жарып.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1) Тегімді менің сұрасаң.

Өзін таныстыру (тегі, туған жері, әуесқойлық ісі т.б.).

  1. Жарнама.

  2. Өнерлі өрге жүзер.

  3. Сымбатыңа сән киім жарасады.

  4. Ойлы болсаң, озып көр. Сұрақ – жауап.

МАРАПАТТАУЛАР:
БАС ЖҮЛДЕ - 1
І-орын - 1
ІІ-орын - 1
ІІІ-орын - 1 және арнайы номинациялар
( «Білімді бүлдіршін», «Өнерлі бүлдіршін», «Сүйкімді бүлдіршін»)


5. Сайысқа қатысушы бүлдіршіндер бір – бірден келіп реттік номерлеріңізді алыңыздар.

6. Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң» деп аталады. (Қыздар реттік нөмірлері бойынша өздерін ортаға шығып таныстырады.)


ІІ бөлім «Жарнама»
Бұл сайыста өздері дайындап келген жарнамаларын көрсетеді.


ІІІ бөлім «Өнерлі өрге жүзер»

Сахнада қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда - дей отырып бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалайық. (Қыздар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)


ІV бөлім «Сымбатыңа сән киім жарасады»
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Бүлдіршіндердің сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Бүлдіршіндер реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)


V бөлім «Ойлы болсаң озып көр»
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне - деп Фариза апамыз айтқандай, енді бүлдіршіндерімізді «Ойлы болсаң озып көр» атты сайысымызға шақырамыз.
(Қыздар сандықшадан екі реттен сұрақтарды алып жауап береді.)

1 – сұрақ.

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. 10 жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?


  1. сұрақ.

  1. Жыл мезгілдерін ата.

  2. Қарлығаш өзін құспын деп айта ала ма?


  1. сұрақ.

  1. Бір аптпдп неше күн бар?

  2. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?


  1. сұрақ.

  1. Елбасымыз кім?

  2. Есік пен терезенің арасында не тұр?

  1. сұрақ.

  1. Ұлттық рәміздерді ата.

  2. Ақ орамал Қара теңізге құласа не болады?


  1. сұрақ.

  1. Елордамыз қай қала?

  2. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?


  1. сұрақ.

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

  2. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?


  1. сұрақ.

  1. Апта күндерін ата.

  2. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?

Әділқазылар бүлдіршіндеріміздің бағасын берем дегенше 2012 жылдың «Ең сүйкімді бүлдіршіні», 2 – сыныптың үздік оқушысы, әншіміз Исламова Шұғыланың орындауында «ертегілер» әні. Қабыл алыңыздар!
1. Әділқазыларға сөз беріледі.

2. Сайысқа қатысушы бүлдіршіндер марапатталады.

VІ. Қорытынды.

Құрметті, бүгінгі «Ең сүйкімді бүлдіршіндер» байқауының көрермендері, әділ қазылар алқасы алтын уақыттарыңызды бөліп келіп тамашалағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз, - дей келе 2012 жылдың «Ең сүйкімді бүлдіршіні» Исламова Шұғыла «Ең сүйкімді бүлдіршін» тәжін биылғы 2013 жылдың «Ең сүйкімді бүлдіршін» атағын иеленген 3 сынып оқушысы Сариева Сандуғашқа табыстауға рұқсат етіңіздер!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі