Еңбегі адал жас өрең

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбегі адал жас өрең

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ "Еңбегі адал жас өрең"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні: 9 сынып


Сынып:

Қатысушылар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Еңбегі адал жас өрең»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық ахуал туғызу

Жұмбақ шешу

Оқушылардың назарларын шараға аударып,қызығушылықтарын ояту.(Жай әуен тыңдап,соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді)



Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.





ҚБ

Мадақтау, қолдау


интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.






Сабақтың ортасы

20 минут

Ой шақыру.
XXI 
ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мық-ты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған. Сонда ғана біз өр-кениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, ма-қал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегені-міздің өзі – күнделікті өмірден алынады.Үйде ата – ана, мектепте мұғалім: -Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, – дейді.
Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек.
Бұл – еңбек тәртібі.
Еңбекпен 
өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе? – деп,бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.
Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз.


Олай болса, «Алтын қақпа» ойынын басатайық!
1.«Тас қақпа»
Мақалдарды жалғастыр:
1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)
2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)
3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)
4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)
5.Еңбек етсең ерінбей,
……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)
6.Еңбек ердің – көркі,
……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)
7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)
Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)
8. Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)
9.Еңбегің 
қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)
2. «Қола қақпа»
— Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы.
(Спандияр Көбеев)
Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)
—Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен 
шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
3. «Күміс қақпа»
«Суреттер сөйлейді»
(Суреттер бойынша не айтамыз?)

Осы суреттерді бір-бірімен байланыстырып,оқушылар өз ойларын баяндайды.
2.«Слепи сам своё счастье» видеоролигін қарап,оқушылар
өз ойларын ортаға салып,бір-бірінің пікірлерін толықтырады.
4. «Алтын қақпа»
1. Венн диаграммасы бойынша «Еңбектіңпайдасын»  топтастырады.
Мұғалімнің сөзі: Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Олай болса, еңбектің пайдасын жекелеп айта отырып, мына диаграмманы толықтырып көрелік.
Мысалы:
Еңбектің пайдасы – 
тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақыт-ты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтыра-ды.
2. «Біз –еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады.


Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.






Мәтінді тыңдайды. Талдайды.Өз ойын қосады. Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.













Мәтінді тыңдайды, талдауға қатысады. Сұрақтарға бірлесе отырып, бұл мамандықтың иесін анықтайды.
















Мақалды жалғастырады.


Топтастыру құрастырады.



















Сұрақтарға жауап береді

















































Суреттер бойынша сабақтың тақырыбын ашады


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»








ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату



интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.











интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.









интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.













интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.
























Сабақтың соңы

5 минут

Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні,мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.


Рефлексия:

«БББ» әдісі


Кері байланыс ретінде оқушылар тақырып бойынша сабақтан алған әсерлерін айтып қорытындылайды.


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі