Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Еңбегі ел бағасын алған жан...»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
20 мамыр күні Алмалы ауылындағы №181 орта мектепте өтетін
«Еңбегі ел бағасын алған жан...» атты кездесу кештің сценарийі.
Белгіленген орын тақырыпқа сай безендіріледі. «Ұстазым» әнімен сахнаға оқушылар әдеби монтажбен шығады. Бейне проектор арқылы «Еңбегі ел бағасын алған жандар...» атты мектепті әр жылдары басқарған азаматтар жайлы слайд-шоу көрсетіледі. Ән біткен соң, фанфар беріліп, музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
Жүргізуші Бұл табиғат күн көзінен нәр алған,
Жылу, жарық бәрі содан таралған.
Бірақ біздің Алмалының ауасы,
Аналардың ақ сүтінен жаралған.
Мынау дүние күн көзінен нәр алған,
Жарық, жылу бәрі содан таралған.
Бірақ біздің Алмалының аспаны,
Ата-баба алғысынан жаралған.
Жүргізуші Ассалаумағалейкум, азаматын ардақтап, әрбір ісін салмақтап, көзден кетсе, көкейінен орын берген, ортадағысын құрметтеп, төбесіне көтерген, құт мекенін құндақтаған, елім деп еңсесін тіктеген, жерім деп жігерін қайраған, тірлік тайқазанында қайнаған, бақыт байрағын күн көзіне байлаған ағайын, көзі ашық, көкірегі ояу көрермен, құрметті қонақтар!
Жүргізуші : Құрметті қонақтар, ардақты ағайын!
Қай кезде де, қай кезеңде де тарихты халық жасайды. Жақсының да, ізгілікті істердің егесі - халық. Алайда, ел басшысыз болмайды. «Мың қосшыға бір басшы» деген халық даналығы да осыдан туындаса керек. Ауылымыздың алтын ұясы атанған мектебімізді әр кездері басқарған игі жақсылар тобының алды сиреп, тарих куәсіне айналса, арты сол игі істі жалғастырып, қолдан-қолға өткізіп келеді. Бәрінің де ой-арманы шәкірт қамы болды, сол үшін де тер төкті. Көбісінің тағдырына ауыр кезеңдер келді, бірақ олар мойымады, өздері басқарған мектеп ұжымына, ұстаздарға рух берді, жігерлендірді, алға, үлкен істерге, білікті білімділікке бастай білді. Халық өзі қалаулы ұл-қыздарын, елеулі ұрпағын тауып, танып алады, еңбегіне сүйсініп, қадірлеп, айтып жүреді.
Сөз өзінің іскерлігімен, парасат-пайымымен, білім-біліктілігімен мектебімізді 1994-2008 жылдар аралығында басқарып, сонау Москва қаласынан кезінде В.Монаховтың өзін осы мектепке қонаққа шақырып, ғылыми-практикалық конференция өткізген, Монахов технологиясын мектеп жоспарына енгізе білген, «Мектеп жұмысын соңғы нәтиже бойынша басқару» бағытындағы іс-тәжірибесін таратқан, елдің ыстық ықыласына бөленген Абай Ергешов ағайымызды сахна төріне шақыралық. /Қошеметпен қарсы алу./
(өмірбаян)
Жүргізуші Уақыттың тегершінін доғарар кім,
Ойыңа әр кезеңі оралар мың.
Басқарған мектебімді әр кездері,
Еңбегі ұмытылмас ағалардың-деп, алдыңғы толқын ағаларына алдағы атқарар істерге ағалық ақыл сұрап, көрегенділігін танытып жатқан №181 қазақ орта мектебінің қазіргі таңдағы директоры Света Бакирова апайымызды сахна төріне шақырамыз /Сөз кетеді./
Жүргізуші Қазақтың кең даласындай жүректі,
Барша жанға
аппақ,
таза тілекті.
Бір атаның би
ағасы
бұл
ағам,
Жер бетіне қаншама әсем
гүл
екті.
Жүргізуші
Қайырымды қолын
созған
сан досқа,
Бұл
адамға
жыр жазбадым мен босқа.
Бұл
ағама
арналатын сөз
басқа,
Бұл
ағама
айтылатын ән
басқа!
Жүргізуші
Сізге біткен ой
құнарлы, тіп нұрлы,
Өнегесін жас ұрпаққа
білдірді.
Жібергендер қолтығынан
Сіз демеп,
Алатауға
ту қадап
та үлгерді.
Әдеби монтаж
Жүргізуші Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса
арын,
Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.
Тасқан жанның тасқамалын талқандап,
Мұңды жанның маңдайынан сипадың.
Ж:
Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,
Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық
Өз күшіңмен келесің асыл аға,
Бақытыңды сәтімен қаластырып.
!..
«Мың алғыс !» айтамыз.
Жүргізуші: Мұғалімдер хоры «Ұстазым»
Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,
Жүрегіңде қасиет бар киелі...
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,
Тәрбиені үйреттің басқышы көп...
Өнегелі еліне еңбек еттің,
Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,
Сондай жұртқа қадірлі адам едің!
Ұл-қыздарың қондырған ұясына,
Мен де Сізді бір тауға санап едім.
«Талпынған бақытына болады кез,
Арналы дарындардан қалады сөз» -
Деп құйған құлағына шәкірттердің,
Жүргізуші:
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсыз. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр - жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдіңіз. Мұндай жетістігіңіздің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
Сізге арнап сахнада мектебіміздің қыздары мың бұралып би билейді. «
Мына дүниеде-ұстаз деген ұғым бар.
Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл
ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын,
тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті
аямайтын. Лаулатып жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік
қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де
тәлім алдық.
Жүргізуші : Әр сөзі
мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
Жүргізуші :
Ардақтаймыз ұстазды ұлағатты,
Жас жанға мейір нұрын ұялаттың.
Өзіңдей абзал жанды мақтан тұту,
Міндеті деп әркімнің ұран айттым!
Біздің бүгінгі кешімізге арнайы қонақ ретінде шақырылған, ардагер ұстаздар, аға буынның өкілдері Құдайберген ағай, Айнагүл апай, Ақжүрек ағай, Базарша апай, Бөкен апай, Сарагүл апай, Гүлсәпен апайларға сөз кезегін береміз береміз. /Сөз кетеді./
Ән
Жүргізуші Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Жүргізуші Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Жүргізуші: Қадірменді, Абай ағай, №181 орта мектепті 14 жыл басқардыңыз. Сіз мектеп директоры болып тұрған кезеңге бір саяхат жасап өзіңіз осы алтын шаңырақты басқарған жылдары ұмытпастай болып есте қалған оқиғалардан айтып берсеңіз? /Жауап кетеді./
Жүргізуші
: Ұстаз деген ұлы сөз
ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара
шашты.
Жүргізуші Ұстазға әркім басын ию
керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жүргізуші Жақсылар ұмытпайды
ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке
шыққандарын.
Ән
Сен қалай ойлайсың, Нұрсұлтан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Сондықтан да бір кездері өзіңіз оқытқан, қазіргі кезде ұстаздық жолға түске шәкірттеріңіз Майгүл, Маржан, Күлшат, Мөлдір өз тілектерін білдіреді.
Жүргізуші Мектепті 2004-2005 жылы бітірген түлектер атынан Әбсұлтанов Нұрдәулет әнмен сәлемін жолдайды. /Ән кетеді./
Жүргізуші Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Жүргізуші Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Жүргізуші Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
Жүргізуші Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Кездесу кешіміздің келесі сөз кезегін мектебіміздің түлегі, өзі қазір бір саланың білікті басшысы болып отырған, аудан қала берді облыс, республика аймағына атымтай жомарттығымен аты танылған кәсіпкер, демеуші апамыз Рәбибі Құрманәліқызына береміз.
Жүргізуші Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол,мейлі ,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Жүргізуші Ұстаздар -
ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Жүргізуші
Мейірімділік ақ таңы боп атқандар,
Ұрпақ үшін өмір отын жаққандар.
Асыл қасеиттеріңмен тұлғаланып,
Біртіндеп құдірет боп бара жатқандар.
Жүргізуші Өткенді дәмді еске саласыңдар,
Тірлікті жасап берген осы асылдар.
Өмірде көш басшы боп барасыңдар,
Жүректе от боп лаулап жанасыңдар. Бүгінгі аға буынның өткен өмір жолын көз алдымызға сәл елестетер болсақ, қызығы да, қиындығы да мол, ұзақ жол екені белгілі. Осы 58 жылдық тарихтың ішіне бәрі сыйып жатыр. Ал, сол қиын-қыстау замандарда мектебімізді басқарып, ат тізгінін тарта ұстаған азаматтардың еңбегін ерлікке бағалауға да болары хақ.
Орынбасарларға сөз беру Жұман , Шара, Гүлмира, Зүбайра, Қуантай
Ж: Той тойлаған жақсы
ғой жанұямен,
Құда-жекжат, нағашы, қариямен.
Жүзге дейін талмастан, қажымастан,
Жүзе бергін үлы Өмір-дариямен ( Айым апай, жанұясына сөз
беріледі)
Жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік, құрметті қонақтар!
Иә, тарихты жасайтын тұлғалар. Олар әрқашан өздеріне белгісіз, халыққа белгілі ұлылығымен қарапайымдылықты қатар ұстап, еліне елеулі, халқына қалаулы болған жандар.
Даңқы елге тараған, халық аузында аңыздай сақталған ұлыларымыз бен ұлықтарымыз көп болғай.
Уақыт керуені ешуақытта тоқтаған емес. Ғасырлар жүгін арқалаған әрбір ұрпақ та өзара сабақтасып, бар жақсыны келер ұрпаққа мұраға қалдыруымен келеді. Өмірдің өлмейтіні де сонда, адамзат ақылының кеңдігі, адамзат тарихының тұңғиық тереңдігі де осында.
Жүргізушілер: /әдемі әуен фонында төмендегі өлең шумақтарын оқиды./
Ұстаздық ойдан нәр алған,
Өткізіп өмір, қыс, жазын.
Жалыннан жаны жаралған,
Қиын-ау жолы ұстаздың. Жүргізуші
Ұшырып биік аспанға,
Қарлығаш қанат арманда.
Жақсылық үшін басқаға,
Күн менен түнін арнады. Жүргізуші
Тапқандай содан бақытын,
Өрмелеп қиын асқарға.
Қалғандай ізі уақыттың,
Күмістей аппақ шаштарды. Жүргізуші
Жинаған сырын жылдардың,
Кеңпейіл көңіл сандықтай.
Қамқоршы болмай шыдар кім,
Сезімі нәзік жанды ұқпай. Жүргізуші
Шығарған мерей атағың,
Шәкіртке ұстаз анадай.
Қызықтар әрбір қадамын,
Ұстазға шәкірт баладай. Жүргізуші
Аманат
жүгін көтерген,
Ұстаздық оңай іс емес.
Шаршауын шәкірт өтеген,
Ұстаздар осал күш емес. Жүргізуші
"Ұстазым" деген ұлы сөз,
Жүректің берген бағасы.
Мұғалім - ұстаз бола алса,
Баланың көп қой данасы Жүргізуші
/Осы өлеңдерді оқып жатқан тұста балдық би биленуі шарт.
Би бітісімен сахнаға мектеп түлектері шығып «Ұстазым» әнін орындайды. Осы сәтте 10 кішкентай оқушылар қонақтарға гүл тарту етеді./
Соңғы текстер:
Жүргізуші Ұстаздық – от, күн барда ол
сөнбейді,
Шәкіртінен жаңбыр боп та селдейді.
Шәкіртінің шәкіртімен жалғасып
Ұстаз мәңгі өмір сүрер
өлмейді.
Жүргізуші Талай іске басшы болып, жан шыдап,
Жүріңіздер жарық болып, шамшырақ.
Алтын ұя мектебімнің тарихы,
Сіздерменен айшықталсын жарқырап!
Жүргізуші Қай-заманда да ұлттық сананы ұлықтаған ел азбайды. Қазақы қалпымыз жойылмай, керегеміз тарылмай, жүретін жолдан жаңылмай, алға өрлей берейік. Көз қалдырып – бұлақ көзін аша жүрейік, із қалдырып - жақсылық мұра шаша жүрейік. Жылдар тоғысында амандықпен жүздескенше, ағайын!
.