«Еңбегімен елге сыйлы» тақырыбындағы салтанатты шара
Өтетін орны:
Өтетін уақыты:
Қатысушы контингент: Еңбегімен ерекшеленген білім мекемелерінің
қызметкерлері, 100 адам.
Б А Ғ Д А Р Л А М А
9:55 – 10:05 Қонақтарды қарсы алу.
Қонақтар орналасқан сәтте мерекелік шара басталады.
10:05 – 10:15 ПРОЛОГ. Фанфар. Бейнеролик.
ҚР Мемлекеттік Әнұраны
10:15-10:45 Білім бөлімінің құттықтауы және марапаттау.
(Еңбегімен ерекшеленген білім мекемелерінің
қызметкерлері, 100 адам) Жүргізуші марапат реттіліктері
бойынша марапатталушыларды аты-жөндерін хабарлап
тұрады. Білім бөлімінің басшысы кіші қызметкерлерді
марапаттайды.
10:45 – 11:15 Концерттік бағдарламаны тамашалау.
Концерттік бағдарламада мектеп оқушылары өнер
көрсетеді.
Жүргізушінің қортынды сөзі.
САЛТАНАТТЫ ШАРАНЫҢ СЦЕНАРИЙІ
«Еңбегімен елге сыйлы»
Фанфар
КІРІСПЕ
Жүргізуші 1:
Мереке бүгін, бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің!!
Жүргізуші 2:
Бейбіт, еңбек сүйерім,
Татулық, бірлік, береке!
Шалқыған шаттық күйлерім,
Әр күнім табыс мереке.
Армысыздар, құрметті әріптестер, еңбек ардагерлері және кеш қонақтары! Бүгінгі мереке –ел еңсесін көтерген, туған өлкемізді өркендеткен еңбек адамдарын ұлықтауға арналған ерекше күн!
Жүргізуші 1:
Бүгін - маңдай тердің, адал еңбектің мерекесі – Еңбек күні !
Еңбек – ел дамуының тірегі,
Еңбек – адам бойындағы қадір-қасиеттің айғағы.
Бүгінгі шара – әр салада еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіретін, еңбекті ұлықтайтын күн! Еңбек-елдің берекесі, халықтың бақыты. «Еңбек түбі-береке» деген аталы сөздің айғағы ретінде, бүгінгі еңбек адамдарына арналған «Еңбегімен елге сыйлы» атты мерекелік салтанатты шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Жүргізуші 2:
Қай қоғамда болмасын еңбек адамының рөлі қашан да зор. Азаматтардың еңбегі елдің даму деңгейін айқындап, әрбір отбасының амандығын, тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін шешуші фактор болып саналады.
Жүргізуші 1:
2013 жылдан бастап адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді.
Сондай-ақ, елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүзеге асуда. Бұл – туған жердің табиғатын қорғап, жас ұрпаққа жасыл болашақ сыйлауға бағытталған игі бастама.
Мемлекет басшысының бастамасымен акция аясында Сыр өңірінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күнде тазалық шараларына барлығы 271 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері белсене ат салысты.
(Экраннан бейнеролик көрсетіледі.)
РЕСМИ БӨЛІМ
ҚҰТТЫҚТАУ
Жүргізуші 1:
Халқымыз «Еңбегіне қарай –құрмет, жасына қарай-ізет», «Еңбек-адамның көркі, адам-заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек-бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті. Ендеше бүгінгі мерекелік шарамызда алғашқы құттықтау сөз кезегі
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы *****беріледі
(Құттықтау сөзі.)
МАРАПАТТАУ
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ӘН: «Еңбек – елдің берекесі» әні.
Орындайтын мектеп оқушылары.
Жүргізуші 2:
Адамды адам еткен –еңбек Адал еңбек –адамның абыройы. Еңбек – бақыт, еңбек – абырой, еңбек – даңқ, еңбек – адам өмірінің мән-маңызы, мазмұны. Осыған орай, еңбек жеңісіне ұмтылу, бақытқа қол созу әрбір жанның игі арманы, өмірлік мұраты. Олай болса бүгінгі мерекеде өз еңбегімен дараланған , оқушылардың білім алуы мен тәрбиеленуіне өз үлесін қосып жүрген, мектеп жүрегінің үнсіз еңбеккерлерін марапаттау рәсіміне кезек берейік.
(Фанфар ойнайды, марапат табыс етіледі.)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші
1:
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ерен еңбек иелеріне құрмет қошеметтеріңіз!
Естелік суретке түсуге шақырамыз!
Жүргізуші 2:
Бүгінгі күн – еңбек иесін ұлықтар,
Алғыс айтып, құрметпенен құшақтар!
Жемісті жыл, берекелі тірлікпен,
Елім алға еңбекпенен ұмтылар!
«Асылым» би тобының орындауындағы қазақ биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші 1:
"Адамды адам еткен -еңбек" дейді,
Данагөйдің бұл сөзіне кім сенбейді?!
Шын мәнінде , зер салып түсінгенге,
Еңбек қана адамды алға жетелейді.
Еңбек қана адамды ширатады,
Жалқаулықтың қамалын қиратады.
Абыройың асқақтап ел ішінде,
Өзгелерге өзіңді сыйлатады.
Отандастарымыздың елдің әл-ауқаты мен өркендеуі жолында талмай еңбек етуі еңбекке деген ерекше құрметінің белгісі. Бұл күн нағыз еңбектің бағасын білетін, нәтижесімен мақтана алатын адамдарды біріктіреді.
Ән : «Мен қазақтың баласы»
Орындайтын:
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізуші 2:
Еңбек – қоғамды алға сүйрейтін ұлы күш, берекенің бастауы.
Адамзатқа тән еңбекқорлық , іскерлік, жауапкершілік секілді асыл
қасиеттер шынайы еңбек адамының бойынан
табылады.
Жүргізуші 1:
Еңбекке деген құрмет - уақытпен өлшенбейтін құндылық. ҚР президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Озық білім мен қажырлы еңбек қана
елді табысқа жеткізеді. Адал еңбек-бүкіл жетістіктің бастауы,
табысқа жетудің кілті» - деген қанатты сөзін өміріміздің ұстанымы
етейік. Әр еңбектеріңіз бағаланып, әр істеріңіз табысты,
өмірлеріңіз жақсылыққа толы болсын!
Жүргізуші
2:
Еңбек –бар байлықтың бастауы, елдің өркендеуінің кепілі. Олай болса, еңбекті ардақтап, еңбек адамына құрмет көрсетейік! Әрбіріңіз өз еңбегіңіздің игілігін көріп, еліміздің гүлденуіне үлес қоса беріңіздер! Еңбектеріңіз өнімді, мерекелеріңіз берекелі болсын!
Бәрі
бірге:
Мереке құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Еңбегімен елге сыйлы" сценарий

шағым қалдыра аласыз