Еңбек
- адамның тұрмыс-тіршілігінің
және дамуының тірегі.
Адамзаттың
Ұлы жаратылыстан дәл бүгінге
дейінгі кәсібі еңбек болып
келеді. Демек, адамды адам еткен
– еңбек.
Қазақтың
ойшылы, ақын Абай Құнанбаев «Егер
мал керек болса, қолөнер үйренбек керек,
мал жұтайды,өнер жұтамайды»
Орыс
жазушысы Лев Толстой «Еңбектен басқа
еш нәрсе адамның мерейін
асырмайды» деп жазды. Ұлы
бабаларымыздан қалған мақал-мәтелдер
мен көреген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
әр жолдауындағы білім мен
еңбекке қатысты қанатты
сөздерінен-ақ еңбексіз өмірдің
жоқтығының айғағы.
Бүгінгі
мектептегі «Технология.Көркем еңбек»
пәндерінің түп нұсқасы «Еңбек»
сабағы «Еңбекке баулу» сабағы
еді. Бұл сабақта балаға қарапайым
«Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру
мен күтіп баптауды» үйрететін болса,
бүгінгі таңда ғылым мен
техниканың қарыштап дамыған
заманы. Ғылым мен озық ойлы
технологияның заманы. Адамзат
баласының ақыл ойының дамыған
заманында «Еңбек» сабағы
«Технология.Көркем еңбек» болып
өзгеруде .
«Технология»
сөзі - гректің «techne» (өнер,
шеберлік, ептілік ) және
«logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен
шыққан.Демек, технология ғылымы
–шеберлік ғылым.Қазіргі таңда
технология дегенде адамға қоғамға
қажетті бұйымдарды жасаудың әдістері
деген мағынаны түсіндіреді.
Ұялы байланыс , ғаламтор,компютерлер
бастысы осы. Технология түсінігі
«Дизайн» түсінігімен тығыз
байланысты. Ағылшын тілінен
аударғанда «сызба,жоспар» деген
мағыналарды береді. Ал.қазіргі
«Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу
өнері мен сызбаларды жоспарды
біріктіре отырып, заттың немесе
бұйымның жасалуын үйрету болып
табылады.
Дизайн
- бізді қоршаған ортадағы
тартылымдылық қасиеттерді
әдемілеу, көркемдеу болып
табылады. Дизайннның графикалық
дизайн, өндірістік дизайн,киім
дизайны сияқты көптеген түрлері
бар. «Технология.Көркем еңбек» ғылымының
бүгінгі таңдағы балаға берері
технологиялық бұйымдарды жасау
және өндіру кезіндегі
ерекшелігі.Өндіру кезінде
еңбек,қаражат,материал,уақыт
шығындары аз және еш
қиындықсыз көп данада өндіру
мүмкін болатын бұйымдар
технологиялық болып
есептелетіндігін үйретеді.
Сонымен
қатар сенімділік - бұл барлық
сапа талаптарына сай болуы.
Үнемділік
–өндіру шығынының төмен болуы
Қолайлылығы
–бұйымның жеңіл икемді болуы.
Тартымдылығы-
сыртқа көрінісінің ерекшелігі
сияқты талаптарын үйретеді.
«Көркем
еңбек.Технология» сабақтары
балалардың шығармашылық жігерін
ашуға шеберлік деңгейінің
шыңдалуына,әр жұмыста жетістікке
жету жолын үйренумен қатар
жасауға болады екен ғой деп
толықтырады.
Бұл
сабақтардан шығармашылық жұмысқа
кірісе отырып,бұрын қасиетсіз
тастанды нәрселерден әдемілік пен
әсемдікті сезінеді және өзі жасап
көруге талпынады.Балалар оқу мен
тәжірибені ұштастыра отырып, өз
ойларын қорыта дамыта түседі.Балалар
кез келген бұйымды жасаудан
бұрын,оның құрылымы туралы
техникалық жоба үлгісімен танысады.
Бұндай құжатқа бұйымның сызбалары
мен оның технологиялық картасы
жатады.