400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еңбек - бәрін жеңбек" оқу-іс әрекеті 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 29.01.2021 жыл

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек-бәрін жеңбек!»

Сабақтың мақсаты: Балаларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.

Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, көрініс, шығармашылық жұмыс.



Көрнекілігі: даналық сөздер, слайд, бейне-сабақ, таратпа қағаздар, еңбек құралдары.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын.

Сұрақ –жауап әдісі

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға ұсынылады: Әрбір қатысушы әртүрлі рольдерде болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады. (балға, оқтау, жіп, күрек, тігін машинасы - қазақи қоржын қоданылады).

2. Бүгінгі оқу-іс әрекетінің тақырыбымен танысу үшін келесі бейнежазба ны мұқият қарап алайық! Осы бейнежазба барысында айтылған негізгі ойды түсініп, сұрақ-жауап арқылы өз ойларыңмен бөлісеміз.

Бейнежазба «Еңбек-бәрін жеңбек» 3 мин

- Бұдан балалар, сендер нені ұқтыңдар?

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Жарайсыңдар!

Жауаптар:

Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.

Еңбек етпеген ішіп жемейді

(халық мақалы)



Кіріспе әңгіме. - Иә жарайсыңдар, балалар! «Бала тәрбиесінің ең үлкені –оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады»- деген Әзілхан Нұршайықов атамыздың сөздерін негізге ала отырып осы тәрбие сағатын еңбек тақырыбына арнауды жөн көрдік. Бүгінгі «Еңбек- бәрін жеңбек» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

-Сабақтың мақсаты оң мен солды аңғарғандарыңды, жеткен жетістіктерінді бағалап,өздеріңді қаншалықты білетіндеріңді таразыға тартып,ортаға салып оны ары қарай дамыту болып табылады. 3 мин

3.Дәйек сөз (слайд) 7 мин

Бұлшық етті білектер,

Еңбек сүйгіш жүректер.

Жойқын күш үдей түседі,

Шыққан сайын ащы тер.



М.Мақатаевтың өлең жолдарымен толықтай келісеміз бе?

Балалар, Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл неше жыл толды? 09 ақпан 1931ж (90жас) Ақиық ақын атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

– «Үш бақытым», «Ғашықпын», «Фаризаға» т.б.

Балалар, қазағымыздың ғұлама ақын-жазушыларының еңбек туралы айтқан нақыл сөздерін мағынасына қарай талдап, ойымызды ортаға салайықшы!

Нақыл сөздер (слайд )



1. Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар. (Абай)

2. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. (Абай)

3. Еңбектің наны – адал.

4. Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. (Мұхтар Әуезов)

Бағалау



4. Көрініс (үй тапсырмасы) «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдан үзінді. (көрініс). Ортаға өнерпаз оқушыларымызды шақырамыз! 2 мин

Автор сөзі: - Баяғыда шегіртке мен құмырсқа болыпты.



Жазда шегiртке өлең айтты, биледi, қыдырды және ұйықтады.



Ал құмырсқа жұмыс істеді, тамақ жинады.



Күз түсті, сосын қыс келді, қар жауды.

Шегіртке тоңды. Тамақ жоқ. Ол құмырсқаға келді.



Шегіртке:– Құмырсқа, маған тамақ берші, үйге кіргізші, – деді шегіртке.



Құмырсқа:– Сен неге жазда жұмыс істемедің?



Шегіртке:– Уақыт болмады.



Құмырсқа:– Уақыт болмады?! Не істедің?



Шегіртке:– Өлең айттым, қыдырдым, биледім, ұйықтадым.



Құмырсқа:– Солай ма?! Енді қазір билеп көр, – деді құмырсқа.



Ұлдар, керемет өнерлерің үшін көп рақмет! Балалар, Мағжан мен Сұлтанның көрсеткен Абай атамыз аударған «Шегіртке мен құмырсқа» атты мысалдан адам бойындағы еңбекқорлық пен жалқаулық сынды қасиеттерді анық байқауға болады. Балалар, сендердің ойларыңша шегірткенің істегені дұрыс па?

Бағалау

4.Жаттығу«Молекула» 1 мин

Жаттығу барысы:

Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш»дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.

Үш! Бір! Төрт! Екі! Бес!

5. Барлығымыз үйде ата-аналарымызға көмектесеміз. Солай ма, балалар?! Келесі «Мен көмекшімін» бейнеролигін бәріміз бірге тамашалайық! 2 мин

6. Шеберлік сәті (салат жасау). Балалар, «Еңбекпен тапқан - нан тәтті» дегендей, қазір бәріміз бірігіп осы бейнероликтегі Гүлімнің дәмді «Оливье» салатын жасап көрейік! Ендеше, іске сәт! Балалар,естеріңде болсын, асханада өткір заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз! (Бағалау) бақылаушылар береді. 10 мин 7. Шығармашылық жұмыс. Біз бүгін еңбек тақырыбын жан-жақты ашып қарастырып жатырмыз. Онда қанекей, балалар, «Еңбек» тақырыбына берілген мақал-мәтелдерді бірге аяқтайық! (слайд презентация) 3 мин

Мақал-мәтелдер:

1. Ердің атын еңбек шығарады.

2. Бақыт кілті еңбекте.

3. Көп еңбегі көңілді.

4. Көз қорқақ, қол батыр.

5. Еңбек – бақыт бастауы.

6. Ерінбеген шелектен су ішеді.

7. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

8. Еңбек түбі – береке.

9. Еңбек – ата, жер – ана.

10. Еңбекпен тапқан нан тәтті.

Бағалау

8. Көзге жаттығу(Бекзатқа, Мағжанға жеке жасату). Көз қарашығын жаттықтыруға арналған «Пальминг» жаттығуын жасаймыз. 1 мин

1.Көзәйнекті шешеміз 2.Алақанды жылытамыз, көзімізді жұмып, қолымызбен көзімізді басамыз.

3.10–ға дейін санаған соң көзді ашамыз.



9.Дауыспен жұмыс жаттығулары

«Береке» деген сөзді сыбырлап, орташа, қатты деңгейде айтамыз.(Гүлімге жеке айту)

Еңбекке қолданатын сөздерді дыбыс және қимылмен көрсету. Слайд 3 мин

Бағалау

10.Қорытынды: Кері байланыс. 2 мин

-Бүгінгі ұйымдасқан тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?

-Қандай ой түйіндедіңдер?

-Қандай тапсырмалар, ойындар ұнады?

Осы тәрбие сағатынан қандай қорытынды шығарғандарыңды қолдарыңдағы смайликтерді тақтаға жапсыру арқылы көрсетулеріңді сұраймын.

Күтілетін нәтиже: Ұлттық сана сезімі оянған, бойына парасатты, мәдениетті, мейірімді, еңбекққор қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

11.Мадақтау сәті. 1 мин

Келесі кезекте ұйымдасқан тәрбие сағатында көрсеткен жетістіктері үшін:

1. «еңбекқор бала»

2. «белсенді бала»

3. «шапшаң бала»

4. «ұқыпты бала»

5. «талапты бала» номинациясымен марапатталады. Балалар, рақмет сендерге!!!



Сараптама:

29.01.2021жылы 4 сынып балаларымен «Еңбек-бәрін жеңбек!» деген тақырыпта оқу іс-әрекетін өткіздім. Бұл тақырып тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай, апталық бағдарлама аясында жасалған. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің үш мақсаты орындалды. Оқу іс-әрекетіне топтағы 5 бала қатысты. Балалармен және ата-аналармен алдын-ала жұмыстар жүргізілді. Топта «Еңбек-бәрін жеңбек!» тақырыбына байланысты әңгіме жүргізілді. Топ ережесімен таныстырылды. Топта бейнежазбалар, слайдтар дайындалып көрсетілді. Өз ойларын қорғау, сабақ барысында бір-бірін формативті бағалау, тәрбиеші жағынан мадақтау болды. Сабақ барысында түзету, қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Оқу іс-әрекетін ой салу, ойға шабуыл (brainstorming) мақсатында мультфильм көрсету арқылы бастадық. Дәйек, нақыл сөздің мағынасын аштық. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 9 ақпанда 90 жыл толуы туралы, баланы ақпараттандыру мақсатында қысқаша мағлұмат берілді. Үйге «Менің көмекшім» атты бейнеролик түсіру тапсырмалары берілді. Бұл жерде ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас пен еңбекке баулу, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту маңыздылығы есепке алынды. «Шеберлік сәтіне» Гүлімнің дәмді салатын жасату арқылы балалар бойындағы асқа деген құрмет, топпен жұмыс жасау, колабаративті(ынтымақтастық) орта құруға үйрету(сплощенность), бір-біріне сыйластық көрсету арқылы толеранттылық таныту. Оқу іс барысында қимылды ойын, дидактикалық ойын түрлері қолданылды. Логикалық ойлауға тапсырма берілді. Сұрақ-жауап әдіс-тәсілін қолдана отырып, топпен және жекелей жұмыстар жүргіздік. Видеожазба көрсету арқылы сабақты түрлендіріп, балалардың тақырыпқа қызығушылығын арттыруға тырыстық. Ұйымастырылған оқу іс – әрекетінің барысы әр кезеңде уақытқа мөлшерленіп (тайменеджмент) және қауіпсіздік ережелері сақталып, гигиеналық талапқа сай болуы қадағаланды. Балалардың жалығып немесе шаршап кетпеуі үшін корекциялық сергіту жаттығуларын:мысалы тілге (Гүлім)үшін және көзге арналған жаттығулар (Мағжан мен Бекзатқа), қимыл қозғалыс жаттығулары Темірлан мен Сұлтанға жекелей және топпен қолданылды. Балалар оқу іс – әрекеті барысында жинақы, тәртіпті отырды. Әр тапсырманы қызыға тыңдап, мұқият орындауға тырысты және қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алды. Тәрбиешінің әр сөзіне құлақ аса тыңдады. Қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын, балалар өз жас ерекшеліктеріне сай жауап берді. Оқу іс-әрекетін мадақтау және рефлексия (feedback) жасап, аяқтап, қортындыладық.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі