Тақырыбы: Еңбек-жақсылықтың
кілті.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу,
еңбектің маңызын түсіндіру.
Қол еңбегіне қызығушылығын
артыру, еңбекқорлыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбек еткен адамның
еңбегі бағаланатынын ұғындыру.
Балалардың сөйлеу қабылетін
дамыту.
Көрнекіліктер: (жұмыс істеп жүрген адамдардың
суреттері, қол еңбекке арналған заттар, еңбекке қажетті заттар)
Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.т б
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші: балалар шеңберге тұрып , бір
бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық
шеңбер:
Қайырлы күн
балалар,
Күн шуағын төгіп
тұр.
Жерге нұрын сеуіп
тұр,
Қолды жайып
күлейін.
Жылы сөздер айтайық, балалар
бір-біріне жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: балалар сендер еңбек деген
сөзді қалай түсінесіңдер?
Еңбек деген
не?
Үйде ата-аналарыңа қалай
көмектесесіңдер
Еңбек еткен адам қандай
сезімге бөленеді?
Балалар:
Еңбек жұмыс жасау,
ата-анамызға көмектесу, гүл суғару, гүл отырғызу, ойыншықтарды
жинап көмектесу т.б
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар еңбек
дегеніміз бір жұмысты аяғына дейін жеткізіп аяқтау. Еңбек еткен
адам бақытты болады. Еңбек жақсылықтың кілті, еңбек еткенде адам
қуанышқа бөленеді.
Негізгі бөлім: Суретпен
әңгімелесу.
Тәрбиеші суреттерді
көрсетеді.
-Бұл
кімдер? Не істеп
жатыр?
( балалар Бағбан гүл
отырғызуда, аспазшы тамақ пісіруде, құрылысшы үй салып
жатыр)
Дидактикалық
ойын: « Кімге не керек» Қоржынның
ішіндегі заттарды тауып, атап беру.
Тәрбиеші: Енді балалар Кімге не керек
ойынын ойнасақ
Балалар: Суреттер арқылы әр заттың өз
маманына жеткізу.
Тәрбиеші: мамандықты айтады, балалар
тиісті құралдарды қояды.
Бағбанға-
суқұйғыш
Аспазға
-қасық
Құрлысшыға –
кірпіш
Тазалықшыға -шелек пен
шүберек.
Тапсырма-1: Қол еңбек «Гүл
отырғызайық»
Балалар гүлге керек заттарды
дайындап, қауіпсіздік ережесін сақтап гүл отырғызады. Келесі
балалар гүлге күтім жасап, гүлді суғарады.
Тәрбиеші
түсіндіреді: Гүлді күту – еңбектің бір
түрі.
Сергіту
сәті: Қимылды
ойын:
Қолға күрек
аламыз,
Жерді қазып
саламыз.
Гүл отырғызып
үйреніп,
Сумен гүлді
суғарамыз.
Күнге қарап
күлеміз,
Еңбекшңл болып
өсеміз.
Мақал
мәтел:
Еңбек түбі-
береке
Еңбек етсең ерінбей- тояды
қарның тіленбей
Еңбек жақсылықтың-
кілті
Еңбексіз күн - жарықсыз
шам
Тапсырма-2: Геометриялық пішіндер
ойыны:
Тақырып құрлысшы үй
салады.
Балаларға түрлі пішіндер
беріледі.
Төтбұрыш-қабырға
Үшбұрыш-
шатыр
Дөңгелек
-терезе
Тапсырма пішіндерді пайдаланып
, үйдің суретін құрастырады.
( математика+еңбек құрлышының
еңбегін түсіндіреді.)
Қорытынды
бөлім:
Балалар еңбек не үшін
керек?
Кім еңбек
етеді?
Біз қандай еңбектер жасай
аламыз?
Балалар: Үйде анамызға
көмектесеміз.
Балабақшада достарымызға
көмектесеміз.
Ойыншықтарды
жинаймыз.
Тәрбиеші: иа дұрыс айтасыңдар осы
жасаған жұмыстарымыздың барлығы еңбекке жатады. Еңбекор адам бәріне
үлгі болады.
Мақалмен
түйіндеу:
Еңбек етсең ерінбей тояды
қарның тіленбей.
Еңбек түбі
береке.