400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕҢБЕК - ӨМІР МӘНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕҢБЕК - ӨМІР МӘНІ мұғалімдерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп:№49 жалпы орта мектебі Мерзімі.......................................

7-8Сабақтың тақырыбы:ЕҢБЕК - ӨМІР МӘНІ

Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:Шабыт, ынта, жігер, талап, шығармашылық

Мұғалім: Мамаева Мира 9 «А,Ә,Б,В,Г,Ғ»сыныптар Оқушылар саны ___



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек, шығармашылық түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері: - еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

  • еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Позитивті әуен, бейнефильм

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.Аңыз әңгімені талқылау

Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?


  1. Дәйексөз. «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады»

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? (дәйексөзді бірнеше рет айтқызу)

А.Құнанбаев

  1. Әңгімелесу(сұхбат).

Ықылас еңбекқор шаруа еді. Жыл бойы таң атпастан тұрып, өзінің егістік жерінде еңбек етеді. Көршілері жерді бір аударса, ол – екі рет, кейде үш рет аударады. Оның жері аса үлкен болмаса да, ешкімдікінен кем болмай иесін асырап отырады.

Ықыластың екі ұлы бар еді. Бірақ оның ұлдары өз әкелеріне ұқсамады: күні бойы ештеңе істемей бос жүрді, жұмыс істегілері келмеді. Әкесі олардың ақылға келіп, жалқаулыққа салынбай жұмыс істеуін өтінді. Олар оған құлақ аспады. Ықылас балаларының болашағынан қорықты. Жалқау ұлдарының өзі дүниеден өткен кезде қалай күн көретініне алаңдады.

Бір күні Ықылас ауырып қалады. Бірнеше күннен кейін оның ауыруы ұлғайып, енді сауықпайтынына көзі жетеді. Ол екі ұлын шақырып, былай дейді:

  • Балаларым, менің аз ғана демім қалды. Сендерге артымнан ештеңе қалдыра алмай барамын. Бірақ, таудың шығыс жағына қарай төрт аршын жерде біраз алтын көмілген еді. Сол алтынды тауып алыңдар, ол үшін сендерге жерді тау етегіне дейін терең және мұқият қазу керек.

Артынша ол қайтыс болады.

«Егер біз алтынды тауып алсақ, өмір бойы бай боламыз», - деп ағайындылар көмілген алтынды іздей бастайды.

Егіс алқабына барып барлық жерді аударып, қазып тастайды. Бірақ алтынды таба алмайды.

  • Мүмкін, біз жерді терең қазбаған шығармыз, - дейді үлкен ұлы.

Олар қайтадан жерді тереңірек қазып, аударып шығады. Тағы да ештеңе таппайды.

  • Мүмкін, біз жерді тым тез қазып, алтынды байқамай қалған шығармыз, - дейді тағы да үлкен ұлы.

Ағайынды ұлдар жерді қайта-қайта қопарып, қазып-қазып алтынды таба алмайды.

  • Әкеміз бізді алдаған екен! – деп ойлайды ұлдары.

Осындай бірнеше рет өңдеуден кейін жер жақсы қопсып, ағайындылар егіс екккен кезде, егін өте тамаша шығады. Өздерінің төрт аршын жерінен, жұрттың сегіз аршын жерінен алынатын өнім алады. Сол кезде ғана ағайындылар әкелерінің сөзін естеріне алып, сөздің мәнін түсінген еді.

Аңыз


Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр оқушыға тапсырма жазылған парақша тарқатылады, оқушылар жеке жауап береді, топ болып қорытындылайды.

Сіздер ата-ана болсаңыздар, балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?

Жерден «ат басындай» алтын тауып алсаңыз, не істейсіз?

Өзгерер ме едіңіз?

Адам өмірін қалай түзеуге болады?

Адам қайткенде тату тұра алады?

Неге адамдар іске тұрлаусыз, табансыз, бірді бастап, бірді тастағыш келеді?

Кісінің өзі байқамай жүрген қуатын, кейде, тұтқиылдан өмір өзі туғызады, Сіз байқадыңыз ба?

Өмір бойы еңбек еткен адамның кемелдікке жеткенін көрдіңіз бе?


  1. Топпен ән салу.

«Сәлем хат» психологиялық ойын-жаттығуы.

Оқушылар хат жазатын бір парақ алады да ең керемет сөздермен өрнектеп тілек , соңына аты-жөнін жазып, қолтаңбасын қояды да жанындағы оқушыға ұзатады. Осылай оқушылар кезекпен бір-біріне беру арқылы параққа барлық оқушы өз тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырады.Соңында «Сәлем хат»оқушылардың бәрін аралап, жақсы тілек жинап өзіне қайтып оралады.Оқушы бұл «Сәлем хатты» өзіне сыныптастарынан естелік ретінде өзіне қалдырады. 5 – жылдық, 10 – жылдық, 20 – жылдық және т.б. кездесулерде осы хатты алып келуге келіседі. Бұл жаттығу болашақта оқушыға үлкен сенім, моральді қолдау, жағымды әсер береді.



  1. Үй тапсырмасы.

«Адам көркі – еңбек» ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырыңыз. Суретші ретінде сурет салыңыз.

Келесі сабақ № 9-10 сабақ «Жақсылық жан жадыратады»

тақырыбын оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

"Дұрыс әрекет, «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бар жерде, «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бүкіл әлемде.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9- сынып «Бөбек» Алматы, 2010











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі