«Еңбек адамы - елдің алтын қазынасы». Жұмысшы мамандық иелерімен сұхбат жүргізу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еңбек адамы - елдің алтын қазынасы». Жұмысшы мамандық иелерімен сұхбат жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмысшылар жылы аясында мамандық иелерімен сұхбат жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбек адамы – елдің алтын қазынасы.

Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Кештің бағдарламасы:

1. Кіріспе сөз.

2. Қонақтарды таныстыру.

3. Бейнеролик.

4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.

5. Ойын «Мен кіммін?»

6. Оқушылардан сұрақ.

7. Қорытынды.

8. Қонақтарға сый.


1. Кіріспе сөз. 

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Еңбек адамы – елдің алтын қазынасы» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз.

Мұғалім: Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Бүгін бізде қонақта елге елеулі, халыққа қалаулы, әр мамандықтың майталмандары деп айтсақ та артық болмас. Сонымен, құрметті қонақтар, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.


2. Қонақтармен таныстыру.

Әлішер: Жігітке жетпіс өнер де аз демекші, ағаштан түрлі бұйым жасар №10 жалпы білім беретін мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі – Курманов Казбек Жаканович.

Айсара: саусағынан бал тамған кондитер – Әсел тәте

Әлішер: қолы алтын тігінші, дизайнер-декоратор – Суйменова Айжан.

Айсара: ақ халатты абзал жан, №10 жалпы білім беретін мектебінің медбикесі – Жаруллина Жанар.

Қонақтарымызға қошемет білдіріп қояйық!


3. Бейнеролик.

Мұғалім: Әлішер, Айсара, тақырыбымызға тұздық болсын. Қонақтарымыздың назарын арнайы дайындалған бейнероликке аударайық.

Өздеріңіз көріп отырғандай, биылғы жылды президентіміз «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады. Елімізде жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді. Қызметтің берер атақ-даңқына қарамай, мамандықты дұрыс таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз.

Әлішер: Дұрыс айтасыз, мұғалім. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау керек. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Айсара: Ендеше, көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» атты айдарымызға кезек берейік.


4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.

Мұғалім: Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзінің мамандығына деген, жұмысына деген махаббат болу керек. Өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтыны не ұнамайтыны, қалай түскені жайлы сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

Әлішер: 1)Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды және осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?

Айсара: Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

Әлішер: Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?

Айсара: Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Мұғалім: Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

Мұғалім: Адам болашақ мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу қажет? Оқушыларға қандай кеңес бересіз?

Мұғалім: Тұшымды жауап бергендеріңізге, оқушыларға айтқан ақыл-кеңестеріңізге рахмет! Ал енді біздің соңғы айдарымыз – «Мен кіммін?» ойыны.


5. Ойын «Мен кіммін?»

Мұғалім: Ойын шарты былай: Әр адамға 4 карточкадан таратылады. Карточканы маңдайларыңызға қойып, көрермендерге сұрақ қоясыздар. Көрермендерден иә не жоқ деген жауап ала аласыздар. Сол арқылы өзіңіздің кім екендеріңізді тауып аласыздар.


6. Көрермендерден сұрақ.

Мұғалім: Өте әдемі ойын болды. Біраз мамандық атауларын білдік. Осындай ақылды мамандарымызға көрермендерден сұрақ болса, қоюға рұқсат.


7. Қорытынды

Мұғалім: Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленіп, тезірек қолға түседі» демекші, адам өз таңдағалы жатқан мамандығының қыр-сырын толық меңгеру керек. Оған бар ынтасымен, махаббатпен берілу керек. Сонда ғана мамандық өз жемісін беретін болады.

Атақты ғұлама әл-Фараби:

Ісім өнсін десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса, «Еңбек адамы – елдің алтын қазынасы» атты кездесу кешімізге келіп, алтындай уақыттарыңызды қиып, маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге Алғыс білдіреміз!


8. Қонақтарға сый.

Қазақ ешқашан келген қонақты құр қол шығармаған. Сіздерге дайындаған сыйымыз бар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2025
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі