400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Еңбек-байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study сабақ жоспары № 1

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім:

Кәсіп-бақыттың шырағы, еңбек-ырыстың бұлағы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 8 (т2)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Еңбек – байлық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну;

8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

Сабақтың мақсаты


Оқушылар еңбек тақырыбына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсінеді және тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрайды

Зерттеу жұмысының тақырыбы

Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіру – сенімді оқушы кепілі

Зерттеу жұмысының мақсаты

Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіру

Сыныпта қарастырылатын проблема

Оқушылардың қазақ тілі, ағылшын тілі сабақтарында өз ойын жүйелі, нақты жеткізудегі қиыншылықтар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, сыныптың дайындығын тексеру, күнін, апта күнін, ауа-райын сұрау.

«Аффирмациялар» тренингі


Күнтізбеге сәйкес жауап береді




Оқушылар шеңбер құрып, болашақта кім болғысы келетіні туралы айтып, сол мамандыққа қатысты бір сын есім айту. Мысалы: Мен – ұстазбын. Мен ақылдымын.






«Бағалау білезіктері» арқылы ұпай жинайды.




Күнтізбе



@ustaz_kornekilikteri парақшасынан алынған


Оқушылармен бірлесе сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.



Оқушылар суреттер мен үлестірмелерді сәйкестендіріп, сабақ тақырыбын және мақсатын анықтайды



Сабақтың ортасы

Мұғалім «Word Wall» платформасы арқылы балаларды үш топқа бөледі.




Тыңдалым алды тапсырма:

«Ой шақыру» әдісі.

Оқушыларға қобдишадан сұрақтар:






« Еңбекпен келген нан тәтті» тыңдалым мәтінін ұсынады


Мәтін бойынша 2 тесттік сұрақ


Тыңдалым тапсырмасы

  1. Мәтінді мұқият тыңдап,

қос сөздерді, біріккен сөздерді, тұрақты тіркестерді теріп жазыңыздар



















Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сөйлемдерді тиісті күрделі сөздермен, тұрақты тіркестермен толықтыру (әр жұпқа екі сөйлемнен)











«Алтын алқа» әдісі

Әр топқа дөңгелек қима қағазға жазылған күрделі сөздер, көркемдегіш құралдар (мысалдар), тұрақты тіркестер, жіп беріледі.


Мұғалім т.т., к.с. және к.қ. анықтамасы жазылған конверт береді.




Сұрақтарға жауап береді.

  1. «Еңбек», «еңбексүйгіштік» деген түсінікті қалай түсінесіздер?

  2. Еңбек адамға не үшін қажет?

  3. Қандай адамды еңбекқор дейміз?


Оқушылар тыңдалым мәтінін тыңдайды (2 мәрте).


  • Балам, «Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөздің мағынасын білесің бе?

  • Әрине, әке, білемін ғой. Мектепте, үйде қолғабыс жасау. Сенің бізге тигізетін пайдаң да – осы.

  • Олай болса, қазіргі сенің негізгі атқаратын еңбегің — сабақ оқу, мен жақында өз кәсібімді ашпақшымын. Сонда маған да көмектесетін боласың.

  • Әке, кәсіп ашу үшін мамандану қажет емес пе?

  • Иә, мен аграноммын ғой. Сондықтан биыл жылыжай ашып, жеміс-жидек өсірсем деймін. –

  • Ол үшін не істеу керек?

  • Осы саланы жақсы меңгерген іскер, қолы алтын, сенімді әрі кәсіпқой мамандарды жұмысқа аламын. Оларға жоғары еңбекақы төлеймін. Қажетті құрал- жабдықты сатып аламын. Өтімді ауылшаруашылық өнімдерін игереміз. Өнімдеріміз туралы жарнама дайындаймыз.

  • Әке, бизнес-жоспарың қандай керемет! Мен сенің идеяңды құптаймын. Мен жарнама дайындауға көмектесемін.

  • Бұл ойын өте жақсы. Ешкімнің ала жібін аттамай, әділ қызмет етсек, жұмысымыз оңға басса, әлі-ақ сый-құрметке ие боламыз. Еңбегіміздің зейнетін көреміз.

Жұптық жұмыс


  1. Сенің негізгі атқаратын еңбегің – сабақ оқу, үйде қолғабыс жасау.

  2. Биыл жылыжай ашып, жеміс-жидек өсірсем деймін.

  3. Жоғары еңбекақы төлеймін.

  4. Қажетті құрал-жабдықты сатып аламын.

  5. Жұмысымыз оңға басса, әлі-ақ сый-құрметке ие боламыз.

  6. Ешкімнің ала жібін аттамай, әділ қызмет етсек, жұмысымыз оңға басса, әлі-ақ сый-құрметке ие боламыз.





Тапсырма: берілген қима қағаздардан

1-топ – тұрақты тіркестерден

2-топ – күрделі сөздерден

3-топ – көркемдегіш құралдардан алқа жасайды.




Тапсырма: Алқаға тізілген сөздермен 2-3 сөйлем құрастырады, «Рөлдер үштігі» әдісі арқылы қорғайды.

«Рөлдер үштігі» әдісі бойынша:

Бір оқушы – алқаға тізілген сөздерді айтып береді.

Екінші оқушы – мағынасын ашады.

Үшінші оқушы – құрастырылған сөйлемдерді оқып береді.

«Алтын алқаны» келесі топтың басшысына сыйлайды.









Сұрақтың мағынасын түсініп, жауап береді – 1 ұпай

Өз ойын дәлелді жеткізе алады – 1 ұпай

Барлығы 2 ұпай



Өзара бағалау

Мәтін бойынша жетекші сұрақтарға жауап береді - 1 ұпай

Қос сөздерді табады – 1 ұпай

Біріккен сөздерді табады – 1 ұпай

Тұрақты тіркестерге табады – 1 ұпай


Барлығы 4 ұпай



















Сөйлемдерді тиісті күрделі сөздермен толықтырады – 1 ұпай


Сөйлемдерді тиісті тұрақты тіркестермен – 1 ұпай










Алқа бөлшектерін дұрыс табады – 1 ұпай

Анықтамасы мен аудармасын түсіндіре алады – 1 ұпай

Сөйлем құрастыра алады – 1 ұпай

Барлығы – 3 ұпай


Оқушылардың есімдері жазылған «Word Wall» барабаны




Қобдиша, үлестірме қағаз





Аудио ресурс





























Сабақтың соңы

«+, -, қызық болды» рефлексиясы


Үйге тапсырма:

«Ат-тонын ала қашу» тұрақты тіркесіне карикатура салу


Ұпайлар саналады, күнделіктерге қойылады.




































2.      Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

3.      Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды.

4.      Айы оңынан туды – жолыболды.

5.      Алақанына түкірді – іске дайын тұрды.

6.      Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас тарту.

7.      Құрығы ұзын – билігі күшті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
16.11.2023
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі