Материалдар / Еңбек бәрінде жеңбек

Еңбек бәрінде жеңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2062
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Еңбек бәрін де жеңбек» Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже:
  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;
  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;
  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.

Куратордың кіріспе сөзі.Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)Олай болса біздің бүгінгі куратор сағатымыз еңбек туралы болмақ.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады.

Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер:
  • Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.
  • Еңбек ер атандырады.
  • Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
  • Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
  • Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме.
  • Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 
  • Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
  • Ердің атын еңбек шығарады.
  • Бақыт кілті еңбекте.
  • Еңбек ширатады,
  • Өмір үйретеді.
  • Маңдайы терлемегеннің
  • Қазаны қайнамайды.
  • Еріншектің ертеңі бітпес,
  • Жеңілтектің селтеңі бітпес.
  • Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.

Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды.

Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»Оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.

Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,

- Жалғас, еңбегің жемісті болсын- Нұрайна, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. - Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын- Алихан, өмірдегі тірегің еңбек болсын.- Абылайхан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.- Лаура, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!- Дильназ, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол- Қуандық, ата-анаңның еңбегін бағалай біл- Мерұлан, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте- Асылым, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын- Жеңіс, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!- Бекасыл, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол. Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

Шығармашылық тапсырма:1. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.2. Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)3. Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.4. Суретті құрап мақалды тауып оқы. (пазлы)Дәптермен жұмыс:«Мен түйген ой» эссе жаз.









































Мағынасын түсіндіру



  • Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.
  • Еңбек ер атандырады.
  • Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
  • Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
  • Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме.
  • Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 






















Мағынасын түсіндіру





  • Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
  • Ердің атын еңбек шығарады.
  • Бақыт кілті еңбекте.
  • Еңбек ширатады,
  • Өмір үйретеді.
  • Маңдайы терлемегеннің
  • Қазаны қайнамайды.
  • Еріншектің ертеңі бітпес,
  • Жеңілтектің селтеңі бітпес.
  • Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.









Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

























Тақырыбы:«Еңбек бәрін де жеңбек»











Куратор:Сарсенгалиева А.К

















2017-2018 оқу жылы

Анықтама

26 қыркүйек күні 6 «А» сыныбына «Еңбек бәрін де жеңбек» тақырыбында куратор сағаты өтті. Куратор сағатының мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже:
  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;
  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;
  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.














































Анықтама

28 қыркүйек күні 6 «В» сыныбына «Еңбек бәрін де жеңбек» тақырыбында куратор сағаты өтті. Куратор сағатының мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже:
  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;
  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;
  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ