400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек ер атандырады

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 27.09.18 ж.

Тобы: «Сұңқар»

Тәрбиеші: Қожақұлова.Н.

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: Еңбек ер атандырады

Мақсаты: Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың бойына рухани тәрбие беру, олардың ой өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түзету жұмысы: Ой-өрісін дамыту

Әдісі: Әңгімелесу

Көрнекілігі: кітаптар, суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың қызығушылығын ояту.

ІІ. Кіріспе. Тәрбиеші:

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

4. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

ІІІ. Еңбек және бақыт дегеніміз не?

Еңбек
Бақыт
Әңгімелесу арқылы оқушылардың сүйіп істейтін істері туралы әңгімелесу.
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
( халық мақалы)
Жалғасын тап:

Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның ... ( екінші анасы )

Еңбек – ата, ... ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )

Байлық, бақыт және ақыл туралы ертегіні тыңдау.
Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті: -Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уакыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.

Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: -Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті, - дейді ,- ешкім ешқашан буынып көрген жок...

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап: Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың ?- дейді. Сонда кенже ұлы былай депті: -Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат – жігерге толы жүрегім бар дейді.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Өз жерлестіріміздің өз еңбегі арқылы бақытқа жеткен адамдар туралы тоқталып өту.
Мадина Ералиева, Роза Бағланова, Күлән Қалымбетова, Ғани Мұратбаев т. б
Оқымысты — ойшылдар бар ғұлама,
Түлеп ұшқан мектебімнен қияға.
Еңбек – іздену, үйрену, көмек көрсету, оқу, қамқор болу, нәтижеге жету.
Бақыт — Қуанышқа бөлену, сезіну, қадірлі болу, адалдық, мақсатқа жету, өз еңбегінің жемісін көру
IV. Қорытынды.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Бір — бірімізге еңбектеріміздің жемісті болуына тілек білдірейік…


Тексерілді: ________________________







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28.01.2019
2812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі