Еңбек ер атандырар!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек ер атандырар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек ұғымы жайлы түсінік беру және өсіп келе жатырған жасөспірімге насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңбек ер атандырады»


Адамды адам еткен – еңбек. Егер өткен күндер белесіне көз жүгіртер болсақ, алғашқы адамзат жаратылысының еңбек ету арқылы қазіргі адам кейпіне біртіндеп келе бастағанын аңғарамыз. Шынымен де, еңбек ету арқылы адам өзінің қажеттілігіне қол жеткізе алады, еңбек ету арқылы ол өзін басқа жаратылыс иелерінен бір саты жоғарыға шығарады. Адамзат еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізе алады. Күнделікті ішіп-жейтін тамағы, үстіне киетұғын киім-кешегінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы, қоғамдық байлықтың негізі – осы еңбекте.

Қазақ халқы бағзы заманнан еңбекке аса мән бере отырып, балаларын да еңбекқорлыққа тәрбиелеп келген. Осыған сай айтылған қазақ мақалдары да өте көп. «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбек – адамның екінші анасы» деген мақал-мәтелдер осыған дәлел болмақ. Сонымен қатар ұлы Абай да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санап, қайсы бір жырларында халқын еңбекке шақырған. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлы ақынның сөздері қазірде халық арасында нақылға айналған.

Мен де өз кезегімде еңбекке баулитын «Технология» пәні мұғалімі екендігімді мақтанышпен атап өткім келеді. Осынан орай өзім балаларды кішкентайынан еңбекке құштар қылып, еңбектене отырып адал нан табуға үйреткім келеді. Егер де әрбір адам баласы өзі қызығатын, өзі сүйетін, қолынан келетін іспен айналысып, еңбек ететін болса, сол еңбегі өзіне де, өзгеге де берекелі болып, түптің түбінде жемісін берері хақ. Менің де сондай сүйікті ісімнің бірі – ағаш өңдеу.

Археологиялық қазбалардың деректеріне сүйенсек, ағаштың көркемдік тұрғыда өңделуі Қазақстан аумағында бағзы заманнан бастау алған. Ол кездерде ағаштан үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтар, киіз үйдің сүйегін, ер-тоқымдар жасаған. Қазақ халқы ең алғаш іңгәләп дүние есігін ашқан ұрпағын осы ағаштан жасалған бесікке бөледі. Күнделікті өмірі ағаштан жасалған ыдыс-аяқтан тамақтанумен, ағаштан жасалған түрлі дүниелерді пайдаланумен өтті. Ал, ең маңыздысы ағаштан жасалған киіз үй де оның теңдесі жоқ баспанасы болып келді.

Ағаш – қолжетімді, табиғи таза, мықты және жеңіл болғандықтан басқа еңбек материалдарына қарағанда анағұрлым тиімдірек деп ойлаймын. Ағаштан жасалған бұйымдар адаммен туған кезден бастап, о дүниеге аттанғанға шейін бірге болатын әр заттың ерекше мағынасы бар деп есептеймін. Сондықтан әр сабағымда әр материалдың тиімділігі мен онымен жұмыстану ерекшеліктерімен қоса балаларға еңбектің мән-маңызы мен тарихи құндылығын терең танытуға тырысамын. Бүгінде ағаш өңдеу сәндік-қолданбалы өнері өткен заманнан бері келе жатқан өз қасиетін жоғалтпады. Уақыт өткен сайын ағашпен жұмыстанудың түрлі әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары қолданысқа ие болып келе жатыр. Оқушыларымды аталмыш жаңашылдықпен таныстырып қана қоймай, оның пайдасы мен сол арқылы жетістікке жету жолдарын да қарастырамыз. Себебі. «Еңбек етсең – емерсің» демекші, қазіргі заман - еңбекқор адамның заманы.

Халқымызда «Еңбек ер атандырады» деген тәмсіл бар. Шынымен де, адал еңбекпен маңдайы терге оранғанның әр заманда жұлдызы биік болмақ. Өйткені, ол сол еңбегі арқылы айналасына нұр сеуіп, береке сыйлайды. Бізден кейінгі ұрпақ та еңбектің мәнін ұғып, қазақтың байырғы заманнан келе жатырған қолөнеріне асқан құрметпен қарап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізсе нұр үстіне нұр болар еді...



Қайратов Айбек Мирхатұлы

2 жалпы білім беретін орта мектебінің,Еңбек пәні мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.08.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі