Қысқа мерзімді жоспары |
||||
Педагогтың аты-жөні |
Сактаганова А.К |
|||
Күні |
22.09.2025ж. |
|||
Сыныбы: 5Б |
Қатысушылар саны |
30 |
Қатыспағандар саны |
|
Сынып сағаты тақырыбы: |
«Еңбек етсең емерсің» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 4-САБАҚ «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға еңбек туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Еңбекке қызығушылықтарын ояту, өз еңбегімен мақтану сезімін тәрбиелеу; Еңбексүйгіштік, тәртіптілік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту
|
|||
Сабақтың жабдықтары |
Интерактивті тақта, компьютер, презентация |
|||
Құндылықты дамыту |
Құндылық: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Апта дәйексөзі: «Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. (Абай) |
|||
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут |
ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау І. Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сөзі: Сұрақтар арқылы диалог: Еңбекқор адам қандай болады? Еңбексіз өмір қандай болар еді?
|
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. 3. Гимн орындалады Сұрақтарға жауап береді |
Интерактивті тақта, компьютер, презентация, мерекеге орай көрнекіліктер
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
30 минут |
Мақал-мәтел сайысы:Оқушылар кезекпен еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады Грузия ертегісінен үзінді.Бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Бірақ ол баласы еңбек етпей, тек қана дайынға үйреніп, жалқау болып өскен екен. Әкесі ұлының болашағына алаңдап, бір күні: — Сен менің байлығымды мирас етіп ала алмайсың! Еңбектенбеген адамға байлықты беруге болмайды! — депті. Ұлы ренжіп, ештеңе деместен үйден кетіп қалады. Бірақ анасы оны тоқтатып: — Балам, тыңда. Әкең саған байлығын бермеймін деді. Бірақ мен саған көмектесем. Біз бір айла ойлап табамыз, — дейді. Содан анасы ұлына біраз алтын беріп: — Мынаны алып, жақын маңдағы ауылға барып, еңбек етіп келгендей болып көрін. Сосын осы алтынды әкеңе беріп, «өз еңбегімнің жемісі» деп айт, — дейді. Ұлы анасының айтқанын орындайды. Әкесінің алдына барып, алтынды көрсетіп: — Әке, міне, еңбек етіп тапқан табысым! — дейді. Әкесі алтынды қолына алып, пештің отына лақтырып жібереді. Ұлы үндемейді. Әкесі ішінен: «Бұл шын еңбегі емес екен, әйтпесе жанып кеткеніне жаны ашыр еді», — деп ойлайды. Келесі күні анасы тағы да алтын береді. Ұлы тағы да барып, «еңбегім» деп көрсетеді. Әкесі бұл жолы да отқа лақтырып, тағы да баласының үнсіз қалғанын байқайды. Ақыры анасы ұлына: — Енді шынымен барып, еңбек етіп кел. Сонда әкең бәрін түсінеді, — дейді. Ұлы амалсыз басқа ауылға барып, бір байға жалданып, бірнеше ай ауыр жұмыс істеп, ақыры біраз ақша табады. Қайтып келіп, әкесіне табысын ұсынады. Әкесі тағы да алтынды отқа тастайды. Бұл жолы ұлы отқа ұмтылып, қолын күйдіріп болса да алтынды алып шығады. — Әке, бұл менің маңдай теріммен тапқаным! Қанша қиын болса да, отқа тастамаңыз! — деп шырылдайды. Сонда әкесі жымиып: — Енді түсіндің бе, балам? Міне, енді сен байлықтың қадірін білетін азамат болдың. Еңбектің дәмін татқан адам ғана шын бай бола алады, — дейді. Сөйтіп, әкесі бар байлығын баласына сеніп тапсырыпты. Ал баласы адал еңбекпен байлығын еселеп, дана да еңбекқор адам болыпты. Талқылау сұрақтары: Әкесі неге баласына байлықты бергісі келмеді? Анасы қандай айла ойлап тапты? Ұлының көзқарасы қалай өзгерді? Ертегінің негізгі ойы қандай? Мұғалім оқушыларға қақтығысқа жол бермеуде 5 негізгі қадамды таныстырады:
|
Мақал-мәтел айтып жарысады
Ертегіні тыңдап ,артынша талдайды |
Слайдтар |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
10 минут |
|
Өз ойларын айтады |
Стикерлер |
Қысқа мерзімді жоспары |
||||
Педагогтың аты-жөні |
САФИЕВА МИРА Н. |
|||
Күні |
15.09.2025ж. |
|||
Сыныбы: 5Ә |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
Сынып сағаты тақырыбы: |
«ДОСБОЛLIKE» .«Буллингтен қорған! ». «Күйзеліс сезімі- дос па әлде жау ма?»
|
|||
Сабақтың мақсаты: |
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау жағдайларының алдын алу, сынып ұжымын бірін-бірі қолдауға, ауызбіршілікке тәрбиелеу |
|||
Сабақтың жабдықтары |
Интерактивті тақта, компьютер, презентация, т.б. көрнекіліктер |
|||
Құндылықты дамыту |
Құндылық: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. 3-апта дәйексөзі: Еңбек етсең жетесің, өрлеп таудың шыңына. |
|||
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу Оқушылардың назарын сабаққа аудару «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа- райында не істек керек?
|
Мұғаліммен амандасады Назарын сабаққа аударады
|
Жарайсың! Тамаша! Керемет!
|
Сабақтың ортасы |
Бейнеролик не туралы? Буллинг қандай жағдайларға әкелуі мүмкін? Адамдар неліктен бір біріне қиянат жасайды? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? Балалар оқиды, талқылайды. • Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол: адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату • оны елемеу немесе жекелету • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
• Расисттік буллинг Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады. • Таптық буллинг Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету. • Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін. • Дінге қатысты буллинг Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету. • Мүгедектерге қатысты буллинг Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: • уайымдау • ұйқының бұзылуы • тәбеттің болмауы • өзі жайлы жаман ойлау • өз-өзіне физикалық зақым келтіру • өлім туралы ойлау • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы • ауыру • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану • қорқу
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? • Батыл болуға үйрен Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды. • Құрбыңмен/досыңмен бөліс Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады. • Ересек адамдармен бөліс Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі. • Мұғаліммен бөліс Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo
https://wordwall.net/resource/67303096/%D0%B1%D1%83%D0%BB%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B3-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 |
Сабақтың соңы
|
3 «Қ» Қызық Құнды Қиын
|
Сабаққа кері байланыс береді
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады |
1-10 балл аралығында бағалау |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Еңбек етсең емерсің»

шағым қалдыра аласыз