400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еңбек өмір мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу; шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілеттерін дамыту; еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 6 ЖОББМ

Мерзiм: 19.01.17

Мұғалiм: Каримжанова Д.Т.

Сынып: 6 «б»

Оқушылар саны: 16

Тақырып: №18 сабақ «Еңбек өмір мәні»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: өз- өзінен ақиқатты іздеу, өзіне- өзі сенімді болу, жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың мақсаты: ақиқат құндылығы арқылы адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамды адами тұрғыдан ажарландыратын еңбек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • -еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • -шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілеттерін дамыту;

  • -еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(классика-лық музыка жазылған таспа.)

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру.

18сабақ. 71-72 бет

Ұ.Есдәулетовтың «Қара пима» поэмасынан берілген үзіндіні оқып келу

1. Поэмадан қандай ой түйдіңіз?

2. Адамдардың зиянды әрекеттерге баруына қандай себептер бар деп ойлайсыз?


Сабақ барысын талдау









  1. 3. Дәйексөз.

«Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.

(Д.И.Менделеев)

-Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

-«Жан тәнімен» сүю дегеніміз?

1834-1907жж.

Орыс энциклопедист- ғалымы, химигі.

  1. 4. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

«Өсиет»

Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?-депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем, «Орындаймын әке!»

Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма» депті.

Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы. «Әкемнің соңғы сөзі еді,нәскиімен жерлейік»- деп өтінеді. Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры. Әкесін жер қойнына тапсырған тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды. «Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме» деген жазу бар екен әлгі қағазда.

  • Аңыздың ой тереңдігі неде?


  1. 5. Шығармашылық жұмыс

1 топқа – «Адам өміріндегі еңбектің алатын орны» тақырыбында коллаж жасау. 2-топқа – сахналау


  1. 6. Топпен ән айту

«Еңбекке кел, қалқатай»

Сөзі: Т.Ысмайлов, Г.Сабиолдина

Әні: С.Мұхамеджанов


Кім сүйеді еңбекті, мен сүймесем,

Ту қададым тың жерге қол тимеген.

Жалқауланбай алыстан, ортаға кел,

Кім бар екен еңбекке бас имеген.


А-ей, күрегімді қолғаалып,

Би билейін қуанып

ЕShape1 ңбекке кел, қалқатай,

Білегіңді сыбанып. 2 рет


Еңбек десе өзіңе тең келмеген

Бірге жүрші бидайға дестеленген

Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ

Бізболарексендейдіескермеген


А-ей, күрегіңді қолға алып

Би билейін қуанып

Еңбекке кел, қалқатай, 2 рет

Білегіңдісыбанып.



  1. 7. Үй тапсырмасы.. №19сабақ. 74-76 беттердегі мәтіндерді оқу,жағдаяттарды талдау


  1. 8. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі