Еңбек-өмір мәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек-өмір мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек жайлы ҚМЖ 6-7 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы:

4 «Үміт»арнайы мектеп-интернаты

Күні

16.10.24ж

Тәрбиеші:

Асан Ш..

Сыныбы:

Топпен


Тақырыбы:

«Еңбек-өмір мәні»


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу


Дәйексөзі:

Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «Шеберлер», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Еңбекқорлар» тобына бөлемін.


Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал

Оқушылар шаттыұқ шеңбер құрайды













Оқушылардың пікірі тыңдалады.





Сабақ басы












Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық.

Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


Жұмбақ

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам (полиция)


Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.

Барша жұртты қаратқан

Бейнегер кім тым асқан?


Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзеннің,

Жылытқан кім өз елін?


Күміс қанат,сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттанда тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?




Шығармашылық жұмыс

Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.

Екі топ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазылған карточкалардың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіреді.

















-Балалар «Еңбек құралдары»  атасақ

Еңбек құралдары: 

Ұста құралы: 

Шаруа құралы: 

Тігінші құралы:  






Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


























Жұмбақтың жауабын табады




















Еңбегің сайлы болса...

Ішің майлы болады


Еңбеккер ұйқыдан ширақ тұрады...еріншек ұйқыдан қирап тұрады


Еңбегіңе қарай құрмет..жасына қарай ізет


Еңбек түбі береке...көптің түбі мереке

Т.б



Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.

Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.

Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.

Тігінші құралы:  ине, жіп, біз.


Ортасы





































Соңы



Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды.

Адамнан басқа қандай жануарлар шам жасап қараңғыны жарық етеді?

Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?

2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?

Еңбек қорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?


Сұрақ–жауап.

1. Сонымен адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Еңбектің пайдасы қандай?
3. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
4. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
5. Еңбек туралы қандай мақал–мәтелдер бар екен?

Жеңімпаз топ анықталып,мадақталады.


Сабақты ашық микрафон әдісімен қортындылаймыз.








Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?









Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып өсуіміз керек.Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз керек.


Оқушылар ойларын айтады

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі