Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Еңбек-өмір мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек етудің адам өміріне маңыздылығын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру. Міндеттері: 1.Қиянат жасамау мәнін түсіндіре отырып, еңбектің заңдылықтарын сақтай білуге үйрету; 2. Басқаға қиянат жасамауға, олардың бойына ізгілік, өз ісіне есеп бере алу қасиеттерін дамыту. 3. Ешкімге қиянат жасамауға, еңбексүйгіштікке, көмек қолын соза білуге тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


Мектеп: №3 ЖОББҚМ

Мерзім: 16,17.10.2018 №7

Тақырып: Еңбек-өмір мәні

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Ізгі істерді дамыту, көмек қолын созу,еңбексүйгіштік, мейірімділік

Мұғалім: Сулименова Г.С.

Сынып: 9


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек етудің адам өміріне маңыздылығын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Міндеттері: 1.Қиянат жасамау мәнін түсіндіре отырып, еңбектің заңдылықтарын сақтай білуге үйрету;

2. Басқаға қиянат жасамауға, олардың бойына ізгілік, өз ісіне есеп бере алу қасиеттерін дамыту.

3. Ешкімге қиянат жасамауға, еңбексүйгіштікке, көмек қолын соза білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(ертегі, нақыл сөз, үнтаспа)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

  1. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Аңыз әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру

  • Қалай ойлайсыңдар, аңыз әңгіме не жайында айтылған ?

  • Ықылас не жайында уайымдады?

  • Егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?

  • Сіздерге ата-аналарыңыз еңбектенуді қалай үйретеді?


  1. Дәйексөз.

«Еңбек-қуаныш, жалқаулық –айырылмас азап.» Абай.

- дәйексөздің мағынасын ашып, талдау.

Дәйексөзді жаттау. Дәптерге жазып алу.

Мағынасын талдау

  1. Әңгімелеу. Сиқырлы жүзік

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, -дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:

- Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi ,біздің қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi:

- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

-Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

- Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба?-дейдi. Сонда егiншi тұрып: - Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi-зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:

- Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.

- Кедейге берілген жүзік зергерге қалай әсер етті?

- Кедей жүзікті пайдаланды ма?

- Жай ғана жүзікке ие болған кедей бақытты отбасыға ненің арқасында жетті?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға «Адам көркі - еңбек» тақырыбында өлең құрастыру ұсынылады. Абайдың қара сөзі:

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі -

надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.

Надандық - білім ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені олрасыз біліп

болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,

кедейлік бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді,бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.


  1. Топпен ән айту.

«Еңбекке кел, қалқатай» Сөзі: Т.Ысмайлов, Г.Сабиолдина

Әні: С.Мұхамеджанов.


  1. Үй тапсырмасы

Л.И.Рувинскийдің мәтінін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12