Каниева Галия Акпаровна,
Абай облысы, Курчатов қаласы. «№4 ЖББОМ» КММ
Эссе
Еңбек пен өнер
егіз
Егін сал, не сауда қыл,
малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер
болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп
ап,
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге
хақ.
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
Еңбек-өмірді, қоғамды ұстап тұрған негізгі тұтқа.
Еңбек-тіршілік көзі.
Халқымыз
еңбек пен өнерді егіз деп таныған. Еңбек-тәрбиені шыңдаушы, адам
бойына құндылықтарды қалыптастырушы.
Еңбек
арқылы отбасы мен мектеп жастардың белсенділіктерін арттырып, өмір
жолына қажетті дағдыларды дамытады. Абай Құнанбаев «Егер де мал
керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай адал еңбегін
сатқан қолөнерші-қазақтың төресі сол»-дегендей, қазақ қолөнер
шеберлігін қадір тұтқан. Қолөнері халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен
ұштасқан. Күнделікті қолданатын қажеттіліктердің өзі қолөнерімен
туындап, отырған ортасы шеберлікпен әсемдеп, безендірілген. Жүн
иіру, киіз басу, оюмен өрнектеу, сырмақ басып, ұлттық киімдерді
әшекейлеу-әрбір әйел заты үшін өнер арқылы танылған еңбек болған.
Сондай-ақ, ер адамдарға тәнті тері өңдеу, былғарыдан киім тігу,
қамшы өру, темірден құрал-сайман, ағаштан ыдыс, кереует жасау
сияқты қолөнері жақсы дамыған. Ата бабадан мирас болып қалған
дәстүрлер қазіргі таңда ұрпақтарынан жалғасын табуда, олар тарихи
құндылықтарды жаңғыртып қана қоймай, еліміздің экономикасы мен
ғылымды дамытуға үлес қосуда. Атақты педагог А.Макаренко «Еңбекке
баулымайтын тәрбиені дұрыс кеңес тәрбиесі деп түсіну мүмкін емес.
Сондықтан тәрбие жұмысында еңбек ең негізгі элементтің бірі болуы
тиіс»-деген екен.
Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлық пен іскерлігіне
байланысты.
Қызмет етсең халқыңа,
Игі ат қалар артыңа.
Пайдалы басқа еңбектен,
Бас кетсе де тартынба- деп С. Дөнентаев жырлағандай, жаңа заман
тәуелсіз ел мұраты-жастардың білім мен біліктілікке талпынып
әрекеттенуін, еңбекпен өсуін талап етіп отыр.
Еңбек-қоғамды дамытатын қуатты күш. Жер бетінде болып жатқан
өзгерістер мен жаңалықтар-адам еңбегінің
жемісі.