Сабақ
тақырыбы:
Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар
беру және оның iс -қағаздарын жүргiзу.
Сабақ
мақсаты:
білімділік: Еңбек қорғау жөнінде
нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс
жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу,оның мазмұны, жасауға
қажетті құжаттар, жасау және өзгерту тәртібі туралы
түсіндіру;
дамытушылық: еңбек қорғау инженерімен
қызметкердің құқықтар мен міндеттерін айыра білу, кәсіби санасын
дамыту;
тәрбиелік: білім алушылардың құқықтық
сауаттылығын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және еңбексүйгіш
тұлға тәрбиелеу.
Сабақ
типі: білім, білік дағдыны
қалыптастыру.
Сабақ түрі: топтық
сабақ
Сабақ өткізу
әдісі: әңгімелеу, талдау, топпен
жұмыс, көрнекілікпен жұмыс.
Көрнекіліктер:
1. Тiркеу кiтапшасының
үлгiлерi
2. Жеке
тапсырма.
3.Нұсқаулықтар
Сабақтың жүру
барысы
I.Ұйымдастыру
II. Жаңа тақырыпты
меңгерту.
Тақтаға тақырыпты жазу,
оқушылар назарын аудару, анықтама беру.
Еңбеккерлерге нұсқауларды
берудi ұйымдастыру.
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу
мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi
–кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi-
қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (внеплановый); 5шi – тиiстi
нұсқау (целевой).
Алғаш жұмысқа орналасуға
келген адаммен кiрiспе нұсқауды еңбек қорғаудың инженерi, ондай
маман болмаған жағдайда , бұйрық бойынша , оның мiндетi жүктелген
адам өткiзедi.
Егер еңбеккер сол кәсiпорынның
iшiнде бiр саладан екiншi салаға қызметiн ауыстырса мысалы:
механизатор, құрылысшы болып ауысса, онда сол саланың бас маманы
кiрiспе нұсқауды өткiзе алады.
Жұмыс орнындағы алғашқы
нұсқауды , қайталама және тиiстi нұсқауды - жұмыс берушi - бөлiмше
бастығы өткiзедi.
Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң
бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай
барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе
өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де
жүргiзу керек.
Кiрiспе нұсқауды арнайы
жабдықталған , қазiргi талапқа сай, техникалық оқу және үгiт ,
көрнекi құралдары бар еңбек қорғау кабинеттерiнде
өткiзедi.
Кiрiспе нұсқауды -өндiрiстiң
барлық ерекшелiктерiн ескере отырып, қауiпсiз еңбек ету
стандартының шарттарына сәйкес жасалған жолнұсқа (инструкция)
бойынша жүргiзедi. Жолнұсқа жергiлiктi кәсiподақ комитетiмен
келiсiлiп кәсiпорынның басшысы немесе бас инженерi бекiткен соң ,
күшiне енедi.
Жүргiзiлген кiрiспе нұсқау
''Кiрiспе нұсқауды тiркеу журналына'' жазылып, рәсімделеді немесе
нұсқау алушыға жеке карточка толтырылып нұсқау берген және нұсқауды
алған адамдардың қол қоюымен расталады. (кiрiспе нұсқаудың мазмұны
осы жазбаның соңында берiлген)
Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа
жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен
екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен ,
кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар ,
студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес
жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы
алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.
Ескерту
!
Кәсiпорында (мекемеде) еңбек
барысында құрылғылар , аспап-жабдықтарды пайдаланбайтын , олармен
жұмыс iстемейтiн, материалдарды , шикiзаттарды сақтауға қатысы жоқ
еңбеккерлермен , қызметкерлермен жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау
өткiзiлмейдi. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды әр адаммен жеке
түрде және қауiпсiз еңбек ету әдiстерi мен жолдарын көрсете отырып
өткiзедi.Нұсқауды әр жұмыстың ерекшелiгiне , әр мамандыққа
арналған,қауiпсiз еңбек ету стандартына сәйкес жасалған жолнұсқа
бойынша/инструкция/ жүргiзедi. . Жолнұсқа , жергiлiктi кәсiподақ
комитетiмен келiсiлiп кәсiпорынның басшысы немесе бас инженерi
бекiткен соң , күшiне енедi. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды алған
адам 2-5 кезек /смена/ бригадир немесе шебердiң бақылауымен жұмыс
iстейдi.Нұсқауды алушы адам ''Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды
тiркеу журналына'' айы, күнiн көрсетiп қол қойған соң ғана өз
бетiнше жұмыс iстеуге рұқсат алады.Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне,
жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын
мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек. Қайталама нұсқау
жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде
өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi
ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн ,
меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.
Қайталама нұсқау - жұмыс
орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес
жүргiзiледi.
Қосымша
нұсқау:
- еңбек қорғау ережелерiне
,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген
кездерде;
- технологиялық процесcтерде
өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса
олар жаңартылғанда;
еңбеккер қауiпсiз еңбек ету
ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына ,
жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;
бақылау, қадағалау
органдарының міндеттеуі бойынша
жүргізіледі.
Қосымша нұсқауды жеке түрде
немесе бiрыңғай мамандық иелерiмен топтасқан түрде , жұмыс
орнындағы алғашқы нұсқаудың көлемiнде
өткiзедi.
Тиiстi нұсқау
:
- тікелей мамандығына қатысы
жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі
(тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс
жердегі жұмыстар).
- катастрофа, дүлей зілзала,
авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті
жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;
Қауіпті жұмыстарды орындау
алдында нұсқауды өткiзу үстiнде наряд-допуск толтырылады. Айтылған
iс қағазына жұмысшының бiлiм дәрежесiн тексеру нәтижесi жөнiнде ,
жұмысқа қатысатын адам саны, олардың басқарушысы кiм, жұмысты
ұйымдастыру жолы, жұмыс барысында қолданылатын және еңбек
қауiпсiздiгiн сақтауға қажеттi құрал-жабдықтар туралы мәлiметтер
кiредi.
Тиiстi нұсқау алып, бiрақ
тексеру кезiнде қанағаттарлықтай бiлiм дәрежесiн көрсете алмаған
еңбеккер жұмысқа жiберiлмейдi.. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау ,
қайталама және қосымша нұсқауларды өткiзген бөлiмше бастығы, ол
туралы ''Жұмыс орнында өткiзiлген нұсқауларды тiркеу журналына ''
толтырады. Журналға нұсқаудың түрi жазылып, нұсқау берген және
нұсқау алушы адамдар уақытын көрсетiп, қолдарын
қояды.
Қосымша нұсқауды тiркегенде,
оның кезектен тыс жүргiзiлу себебiн көрсету
керек.
Кiрiспе нұсқаудың
мазмұны.
Кәсiпорын /мекеме/ туралы
жалпы деректер
Еңбек қорғау заңнамалары
(өкiмет, министерлiктер бұйрықтары; қауiпсiз еңбек ету стандарттар
жүйесi; жұмыс және демалыс уақыты; әйелдер және жасөспiрiмдер
еңбегiн қорғау заңдары; шаруашылықтың iшкi еңбек
тәртiбi).
Қауiпсiздiк техникасы
ережелерi.
Өндiрiстiк санитария
жағдайлары (зиянды өндiрiстiк факторлар туралы жалпы түсiнiк;
өндiрiстiк желдету, жарықтандыру, шу мен дiрiл туралы және оларды
реттеу, күресу жолдары).
Еңбеккерлерге арналған жеке
басын қорғау құралдары және арнайы киiм туралы
мәлiметтер
Өрт қауiпсiздiгi мәселелері
(өрт қауiпсiздiгi нұсқаулары, өрттiң себептерi, өрттiң алдын - алу
шаралары, өрт сөндiруге арналған бастапқы құралдар мен оларды
пайдалану жолдары).
Жапа шеккен /жарақаттанған/
адамға алғашқы көмек көрсету түрлерi.
Жұмыс орнындағы алғашқы
нұсқаудың мазмұны.
Өндiрiс бөлiмшесiнiң
технологиялық процесci, жабдықтары жөнiнде жалпы деректер. Негiзгi
қауiптi және зиянды факторлар / әсерлер/
Жұмыс орнында жабдықтарды
дұрыс, қауiпсiз орналастыру және сол тәртiптi
сақтау
Станоктың / машинаның,
құрал-жабдықтың/ құрлысымен олардың қауiптi жерлерiмен таныстыру ;
жарақаттанудың алдын алатын қорғау, тежегiш аспап-жабдықтармен
таныстыру. Оларды дұрыс пайдалану жолдары.
Жұмыс орнындағы жеке басты
қорғау құралдарымен таныстыру және оларды пайдалануды
үйрету.
Цех территориясында қауiпсiз
жүрiп-тұру жолдарымен таныстыру
Цех iшiндегi тасымалдау және
жүк көтеру машиналарын пайдалану ережелері. Жүктi тиеу-түсiрудің
қауiпсiздiк ережелерi.
Өрттiң алдын алу шаралары, өрт
қауіпсіздігі ережелері. Бөлiмшедегi өрт сөндiру құралдарын
пайдалану және өрт бола қалған жағдайдағы әр жұмысшының мiндетi
туралы ескертпе.
III. Бекіту
кезеңі
1. Қарапайым мысалдармен
ситуациялардан шығу жолдарын түсіндіру арқылы оқушыларды әңгімеге
тарту.
2.
Сәйкестендіру тестін орындау
Сұрақ
|
Жауап
|
1. Мазмұн-түрiне және өткiзiлу
мерзiмiне қарай нұсқаулар бөлінуі
|
5
|
2. кіріспе нұсқау қай уақытта
жүргізіледі?
|
еңбекшiнiң бiлiмiне , осы
қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық
адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге
немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де
жүргiзу керек
|
3.
жұмыс орнындағы алғашқы
нұсқау қай уақытта
жүргізіледі?
|
Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа
жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен
екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен ,
кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар ,
студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес
жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен міндетті түрде
жүргізіледі
|
1. Кәсіпорын,мекемелерде
нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі
міндетті?
2. Әр нұсқаудың жүргізілу
мерзімдері қандай?
3. Әр нұсқау қандай мазмұнда
жүргізіледі?
4. Нұсқауларды кiмдер
жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
IV.
Қорытындылау
Оқушылардың жауабын
бағалау.
VI.
Үйге
тапсырма: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар
беру және оның iс -қағаздарын жүргiзу тақырыбына
жұмыстану.