Материалдар / "Еңбек қуанышы" сабақ жоспары 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Еңбек қуанышы" сабақ жоспары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
558
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағы


Мерзiмі 10.12.20 № 13

Сынып: 5 б

Оқушылар саны:28 Тақырып: Еңбек қуанышы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:еңбексүйгіштік, жауапкершілік

Мұғалiм: Майлыбаева Ж.Қ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға адал еңбек ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды еңбекті қадірлеуге, адал еңбек етуге баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқор болуға,төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау.


Ресурстар:





Баяу әуен

  1. Дәйексөз

«Еңбек түбі- береке »

Нақылы Балалар дауыстап қайталап айтады. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұраймын, мағынасын ашады.


Дәйек сөз.

  1. Үй тапсырмасы.

М.Төрежанов «Қолғабыс» әңгіме

Кітаптан оқу 13- сабақ

  1. Әңгiмелесейік

  • Еңбекке үйренудің қандай пайдасы бар?

  • Қолғабыс ету, көмек беру дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек ету адамға не үшін қажет?

  • Өзіңді-өзің отбасында қандай еңбекпен шұғылданасың? Айтып бер.

Сұрақ-жауап

  1. Оқиға немесе әңгіме айту. Мұғалім сыйы

Алғыс. М. Төрежанов

Қанқызыл помидорға тойғаннан кейін қасым мен Хасен шешесіне:

-Апа дәмді помидор бергеніңіз үшін сізге рахмет!-деді.

-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы помидор өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!

Балалар бақшаға жүгіріп келді де, помидор өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Помидор жапырақтары былай деп сыбырлады:

-Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, қара топырақты жерге айтыңдар!

Қасым мен Хасен жерге бас иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:

-Мейірімді жер, дәмді помидор өсіргенің үшін көп-көп рахмет!

Жер жұмсақ, майда қара топырақ бүлк еткізді:

-Ол алғыстарыңды алғыстарыңды маған айтпаңдар, жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді.

Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы тауға келіп, таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:

Рахмет саған жомарт бұлт! Сенің мейірірңе сусындаған помидорды жеп, бір рахаттандық!- деп айқайлады.Бұлт игі еңбекті бағалай білетін балаларға былай деде:

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!

  • Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып,күнге қарады да, бар дауыспен :

  • Уа әлемге тіршілік , бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған помидор қандай тәтті еді!Сол үшін саған көп-көп рахмет десті.

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар,- деді күн күлімдеп тұрып.-Помидор отырғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар! Помидорды дәмді еткен адамның еңбегі!

  • Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:

  • Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер.Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады,- деді.

Мен - адаммын әдістемелік кітаптан

  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма дәптердегі суреттерді бояңдар, сурет бойынша әңгіме құрап айтыңдар.

2- тапсырма өзіңнің бір апта бойы жасайтын еңбегіңнің тізбесін дәптерге жазып көрсет.

Топпен жұмыс

6.Үйге тапсырма

Мәди Айымовтың «Күн күлше» әңгімесі

Оқулықтан оқу

14- сабақ

7.Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!