Еңбек табыс кілт жетістік жолы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек табыс кілт жетістік жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек табыс кілт жетістік жолы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек - табыс кілт, білік - жетістік жолы»

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.  

2. Дамытушылық: Оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру.

 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, суреттер.

Сабақ түрі: аралас

 Сабақ барысы:

 І.  Ұйымдастыру.

Мұғалім:    -Нағыз еңбек неден басталады?   -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

 Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек.  Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.

тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

Сүйікті іс   күш,жігер береді.Жарқын болашақ                                                              

Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді.Ауыр шынықтырады жеңіл

 Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

 Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»

Сұрақ – жауап.

1 . Еңбек, еңбексүйгіштік ұғымдарын қалай түсінесіндер?

2 . Еңбек адамға не үшін қажет?

3 . Сендердің қазіргі еңбектерін қандай?

Мұғалім: Енді бәріміз слайдқа назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.

ІІ.  Негізгі бөлім

  Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.

Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға  ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты  бағдарламасын ұсынды. Біздің  әлеуметтік саясат  бәсекеге қабілетті және күшті  ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН   құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы. 

Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті.

Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық.

2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық.

Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі.

Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады.

«Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.

Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.

-Жұмбақ шешу;

 Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте  өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын  мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры  бар.

 Ала таяқ  ұстаған,

Жол тәртібін  нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

 Оқу-білім бағдары,

Заманының  бағбаны.

/мұғалім/

 Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз/

 Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/

 Өңкей сығай  екі топта 

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

/футболшы/

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін  сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

/ұшқыш/                  



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
22
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі