Материалдар / :«Еңбек түбі - береке»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

:«Еңбек түбі - береке»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Еңбек түбі - береке»

Мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, дәптер оқулық.

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, тілек айтады.
Ребусты шеш

Әңгімелесу
- Еңбек дегеніміз не?
- Еңбек ету адамға қажет пе?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді
(халық мақалы)
Сахналау
Қайдан келдің бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ?
- Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім Нан сатқан,
- Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Дирменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
- Нан дастарқанға қандай еңбекпен келді екен?

Ас атасы – нан. – Нанды құрметтеудегі қандай тыйым сөздерді білеміз?
Көп еңбек ететін адамды

Қызыға еңбек ететін адамды
Қандай адам дейміз?
Еңбекті сүйетін жанды
- Еңбекқор
Еңбекқор болу бұл қандай қасиет?
Еңбектің адам өміріндегі алатын орны зор.
Еңбекпен өмірің жарқын. Еңбекшіл болу үлкен қасиет.

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай)
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Мәтінмен жұмыс
Еңбексіз өмір – сүреңсіз
Мысал әңгіме
Б. Әділов.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:
- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі.
- Рахмет! – деді Сары пышақ.
- Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
* «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
- Еңбек еткен адамның өмірі – жарық. Ой қорыту.

Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»
Жалқаудың... тәтті, Еңбектің... тәтті.
Еңбек етсең... мереке
Тояды қарның.. береке
Еңбектің түбі... ерінбей
Көптің түбі... тіленбей
Тапсырма: (алма ағаштан алма жинау, еңбек ету.)
Еңбек түрлерін ата.

Шығармашылық тапсырма:
1. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.
2. Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)
3. Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.
4. Суретті құрап мақалды тауып оқы. (пазлы)
Қорытынды: «Адамды адам еткен – еңбек»
Жүректен жүрекке
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл ------------- Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. ------------------ Сүйсінеді қараған,
Қиындықты жеңіл кіл, ------------- Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүлге толады. -------------- Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!