400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еңбек түбі-береке.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды еңбекке баулуға уйрету. Еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

cТәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!

Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту

Тәрбиелілік: Еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Еңбек жасай білу дағдыларын дамыту ;

Біліміділік: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын қалыптастыру, еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

  І Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Әңгімелесу.

  • “Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Қандай адамды еңбекқор дейміз?

  • Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Жалғасын тап:

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның … ( екінші анасы )

Еңбек – ата, … ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )

  • Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?

  • Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді

« Қайдан келдің, бауырсақ

Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.

Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Сергіту сәті   « Дұрыс па, бұрыс па?»

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді. v

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр

Қорытынды:

 Сурет арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 тамыз
764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі