Еңбек-түбі береке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек-түбі береке

Материал туралы қысқаша түсінік
"Еңбек түбі береке" 9 сынып Қауіпсіздік сабағы 10 минут .
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-апта дәйексөзі:

Еңбек-жай ғана қызмет емес,адам болмысының айнасы!(Абай)

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

23.09.2024 ж

Сынып: 9 « »

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы « Еңбек түбі береке»

Мақсаты:

«Оқушыларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру,адал еңбек арқылы жетістікке жетуге болатынын көрсету және еңбекқорлықты дәріптеу.


Құндылық

Енбекқорлық және кәсіби біліктілік;

Енбектің адалдығы мен маңызын ұғындыру,еңбекқорлық пен жауапкершілікке баулу және оқушылардың еңбекке деген ынтасын арттыру.


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Гимн орындау.

Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Психологиялық ахуалды жақсарту.

Оқушыларды топтарға бөлу.”Шуақты күн” сергіту сәті.Барлық оқушы 1,2,3 деп санаған кезде бір дауыста «Бүгінгі күнге сәттілік» деп айтады

Мұғалім «адал еңбек» ұғымын түсіндіреді, оның қоғамдағы рөлі мен маңызын айтады.

Қысқаша әңгіме: «Еңбектің адалдығы дегеніміз не?» және «Адал еңбек адамды қалай шыңдайды?»

Өмірден нақты мысалдар келтіреді(танымал адамдардың өмір жолдары, еңбектің адалдықпен байланысты жетістіктері)



Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер


https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

Еңбектің маңызы туралы презентация:
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын мысалдар арқылы түсіндіру(атақты атақты адамдардың жетістікке жету жолдары,еңбекқор адамдардың өмірі).
Видеоролик көру;
Еңбектің маңыздылығы туралы қысқа мотивациялық видео көрсету (тақырыпқа сай).

Алдымен тақтаға қарап, видео тамашалаймыз. Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»

Талқылау:
Оқушылармен видеоролик бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру:
Адамға еңбек не үшін қажет?
Адал еңбектің нәтижесі қандай болмақ?
Еңбекқор адам қандай қасиеттерге ие?
Топтық жұмыс
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа еңбекпен байланысты тапсырма беру,
1 тапсырма еңбек туралы ойларын айту.
2 тапсырма мақал-мәтелдер айту.

Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады.

Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.

3 тапсырма жұмбақтар.
Жұмбақтың жауабын 3 тілде айту.

Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер ) 
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме ) 
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің ) 
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет ) 
Еңбек адамның ... ( екінші анасы ) 
Еңбек – ата, ... ( жер – ана) 
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан ) 
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )

Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғап шығады

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.




























Оқушылар, алдарыңызда берілген сұрақтар бойынша 2 минут дайындалып алып, әр топтан ортаға бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді





























Еңбек тақырыбына қатысты жұмбақ жасырамын. Жауабын 3 тілде айтады


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады






ҚБ «Мадақтау, мадақтау »

















ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады





































ҚБ «Өзін-өзі бағалау»

Интербелсенді тақта/ компьютер










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер









Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау:

«Еңбек түбі береке» тақырыбы бойынша рефлексия.

Қорытынды ойлар:Еңбектің берекесі мен адал еңбектің нәтижесі туралы ойларды қорытындылау.

Бағалау

Тәрбие сағаты барысында белсенділік танытқан оқушыларды мақтау,мадақтау.

Сыныптың жалпы белсенділігіне баға беру.


Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма:

Оқушылар өздерінің болашақ кәсібі туралы шағын эссе жазуды тапсыру(еңбек және адалдық туралы).


Қауіпсіздік сабағы (10минут)

«Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді»

Материалдар мен ресурстар: Жасөспірім өміріндегі ата-аналардың рөлі туралы бейне.

Бейне қарау:

Балалар мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынас- бұл өзара түсіністік, құрмет пен қолдау сезіміне негізделген тығыз байланыс.Бала ата-анасына сенгенде, ол өзін қауіпсіз сезінеді және кез келген қиын жағдайда көмек сұрай алатынын біледі.Егер бала сәтсіздікке ұшыраса, оған бұл үшін ұрысудың қажеті жоқ.Барлық бастамаларда ата-аналар баланы қолдап,оны жиі мақтауы керек.Ата-аналар балаға дос болуды және басқа балалармен өзін қалай ұстау керектігін үйретуі керек.Егер ата-ана балаға көмектессе, ол анасы мен әкесінің оны жақсы көретінін және әрқашан қолдайтынын біледі.

Талқылау: ата-аналардың кеңестері маңызды шешімдер қабылдауға қалай көмектеседі?(өмірлік тәжірибе, обьективті көзқарас, қолдау және эмоционалды қолдау, салдарды талдауға көмектесу, құндылықтар туралы сөйлесу).

Топтық жұмыс: ата-аналардың кеңестері пайдалы болған өмір мысалдарын талқылау.

Балалар үшін не маңызды.ата-аналардың кеңестері немесе олардың мысалы?

Осы туралы оқушылар өз пікірлерін айтып бір-бірімен пікір алмасу.

Кері байланыс:

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Презентация


















Стикер, жапсырма қағаз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі