8 минут
12
минут
10 минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен
амандасу.
Сабақтың мақсатын
түсіндіру.
Психологиялық дайындық: «Еңбек дегеніміз не?»
сұрағы бойынша әр оқушы өз ойларын ортаға
салады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Еңбек – адам өмірінің негізгі тірегі.
Әрбір жетістік, әрбір табыс – еңбектің нәтижесі.
Адам еңбектің арқасында қоғамға, елге, өз отбасына пайдалы тұлға
болады. Біз бүгін еңбек туралы тереңірек түсінік
аламыз».
Мақал-мәтелдерді
талқылау:
«Еңбек түбі –
береке»;
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей»;
«Қолы қимылдағанның аузы
қимылдайды».
Еңбектің адамзат тарихындағы маңызы, атақты
ғұламалардың еңбек туралы айтқан ойлары мен нақыл сөздері.
Мысалы:
Абай
Құнанбаев: Абай еңбекті білім
алумен, өзін-өзі жетілдірумен байланыстырып, «Қара сөздерінде»
еңбексіз табыстың келмейтінін
түсіндірген.
Ыбырай
Алтынсарин: Ыбырай Алтынсарин еңбек
пен білімнің қатар жүретінін айтып, балаларды еңбекке баулуды
негізгі міндеттердің бірі деп
санаған.
Оқушыларды топқа бөліп,тапсырма
беремін.
1
топ. «Еңбектің түрлері және оның
ерекшеліктері» постер қорғау
2
топ. «Еңбекқор адамның бойындағы
қасиеттері» пікір алмасу
3
топ. «Мен болашақта қандай
мамандықпен айналысқым келеді» жоспар
құры
Оқушыларға еңбектің нәтижесі мен жетістіктері
туралы ой
қозғау.
Мысалы:
Еңбекпен қандай
жетістіктерге жетуге
болады?
Жетістікті қалай
түсінеміз?
Адал еңбек адамға не
береді?
Мақсатқа ұмтылған адам күндердің бір күнінде
сол көздеген дүниесіне жетері анық. Жетістікке жетіп, шалқаю жақсы
адамның ісі емес. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес,
адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық
болғаныңыз жөн. Тағы бір айта кететін нәрсе, жақсы адам өзіне
қалағанды өзгеге де қалайды. Тек қана өзім үшін деп емес, өзгелерге
де пайда келтіру жағын ойластырыңыз. Ең үлкен жетістік – өзгелерге
пайда келтіру, қоғамға пайдалы іс
тындыру. Солай емеспе
оқушылар.
Қауіпсіздік сабағы (10
минут)
«Бейтаныс адамдарға жеке
фотосуреттерді жіберу
қауіп»
. Лайк пен репостқа сақ
болыңыз. Күлкілі суретті репосттау немесе лайк
басу қылмыстық процеске айналуы мүмкін. Әлеуметтік желіде ұлт
тақырыбындағы мәтін, сурет пен видео; діндерді күлкі қылатын
контент; фашизм мен терроризм туралы ақпарат жариялаудың қажеті
жоқ. Өзіндік цензураны ойлаңыз. Сізге қауіп төндіруі мүмкін пост
жарияламаңыз немесе оларға лайк
баспаңыз.
2. Таныстырыңыз бен бейтаныс адамдарға
«сіз» деп сөйлеңіз. Әлеуметтік желіде
немесе мессенджерде біреуге дос болуды ұсынсаңыз, кім екеніңізді
және неге дос болғыңыз келетінін жазыңыз. Бірден шаруаға көшіңіз,
жұмбақтап «сәлем» деп жазып алып, жауап күтіп отырмаңыз. Әдеттегі
сыпайылық ережелері виртуал кеңістікке де қатысты. Мысалы, бейтаныс
адамдар мен жасы үлкен кісілерге «сіз» деп
сөйлеңіз.
3. Сауатты
жазыңыз. Авто-түзеткішке сенбеңіз және тыныс
белгілерін ескеріңіз. Орфография мен пунктуацияны
қадағалаңыз.
4. Эмодзиді шамадан тыс
пайдаланбаңыз. Интернетте хат
алмасқанда әңгімелесушінің интонациясын түсіну қиын, ондайда
стикерлер мен смайликтер көмекке келеді. Бірақ эмодзиді
бей-берекетсіз қолдану оқуды және айтқанды түсінуді қиындатады. Бұл
нәрсе #хэштегке де қатысты.
5. Хабарламаларды бөліп
жазбаңыз. Хабарламаны сөзбен немесе
сөйлеммен жіберу көбіне шатастырады. Сіз ойды әлі аяқтаған жоқсыз,
бірақ әңгімелесуші жауап бере бастады, сіз оның ескертуіне жауап
бересіз, ол сіздікіне, сонымен хаос
басталады.
6. CapsLock
қолданбаңыз. Интернетте
ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН жазу айқайлауды
білдіреді.
7. Басқа адамдардың уақытын
құрметтеңіз. Көбіне хабарлама
жедел келеді. Бірақ әңгімелесуші бірден жауап бермесе, ренжімеңіз
(тіпті ол желіде отырса да). Түнде хабарлама жіберу де жақсы емес.
Әсіресе «ШҰҒЫЛ» деген белгімен жіберу. Мәселе өмірге немесе
денсаулыққа қауіп төндіруге қатысты болмаса, оны таңертеңге
қалдыруға болады. Ерекшелік: әңгімелесумен 24/7 режимінде сөйлесуге
келіскенсіз.
8. Суреттерді достарыңыздың рұқсатынсыз
жарияламаңыз. Біріншіден,
фото досыңызға ұнамауы мүмкін. Екіншіден, кез келген адам жеке
өмірін көпшілік назарына ұсынуға құлшыныс білдірмейді.
Фотосуреттерді рұқсатсыз жариялау жанжалға әкелуі
мүмкін.
9. Спам
жасамаңыз. Әлеуметтік
желілерде сіздің атыңыздан жіберілген шақырулар мен хабарламаларды
бақылауға алыңыз. Бұл ойындар мен қосымшаларға шақыру, сіз жазылған
топтардың акциялары мен іс-шараларына шақыру болуы
мүмкін
Қорытынды:
Еңбек етсең ерінбей
тояды қарның тіленбей дегендей, бір нанды жеу үшінде еңбек етіп
адал табыс табу керек. Еңбектің наны тәтті-жалқаудың жаны тәтті деп
бекер айтпаған. Себебі еңбекпен тер төгіп жасаған әрбір әрекетің,
затың бағаланбай қоймайды. Ал жалқаудың күнделікті әрекеті ұйықтау.
Ұзақ ұйықтап қалу арқылы жалқау адамдар ештеңеге үлгермейді, күні
бойы шаршаумен өтеді. Еңбекшіл адамда ұйқы тұрмақ шаршауда жоқ
болады себебі олар көп қимылдап бос уақытты бекер өткізбейді.
Қорытындылай келе еңбекшіл болған адам жаман болмайды. Сондықтан
еңбек етуге тырсайық.
|
Оқушылар еңбек туралы өз
ойларын жеткізеді
Негізі мамандықпен еңбек ету
немесе қосымша, жеке
кәсіп,жалдамалы
Әрбір топ өзінің жұмысын
орындап қоғайды
Жетістік дегеніміз – бір мақсатқа бағытталған
рухани әрі дене қуатының белгілі бір деңгейге, биікке
жетуі. Жетістікке
жету жолындағы басты ұстанымдарды біліңіз.
Олар:
Алдыңа үлкен-үлкен мақсаттар қоя
білу;
– Әр
іске дайын бола білу;
– Қандай жағдай болмасын үнемі алға
ұмтылу;
– Қорықпау, сенімді бола
білу;
– Әрқашан еркін ойлау, тәуелсіз бола
білу;
– Өзгелермен кеңес құру,
т.б.
Жетістіктің
90%-ы еңбекпен келетінін ешқашан ұмытпаңыз. Бұл үшін мына нәрселер
керек:
– Өз
қарым-қабілетіңді білу;
– Өзіңді өзгелерге
мойындату;
– Өмірлік һәм ұлттық құндылықтарды тану,
т.б.
Белгілі бір табысқа кенелу үшін
алға мақсат
қоямыз, оған жоспар
құрамыз. Мақсат құрған кезде мына нәрселерді әрдайым жадыңызда
ұстаңыз:
– Мақсатыңныңыздың пайдасын
білу;
– Үнемі ізденіс жасаудан
шаршамау;
–Ісіңізздің нәтижесін талдап, саралай
білу;
|
Қима
қағаздар
Қима
қағаздар
Плакаттар, түрлі түсті
қағаздар
|