«Еңбекпен тапқан тиын»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еңбекпен тапқан тиын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі мазмұнын әңгімелеу, ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңбекпен тапқан тиын»(грузин ертегісі)

May 13, 2014 by im0101 Leave a comment

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын»

(грузин ертегісі)

Мақсаты:

а) білімділік: Ертегі мазмұнын әңгімелеу, ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ұғындыру.

ә) тәрбиелік: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді тыңдауға, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, актерлік шеберліктерін, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, үш қадамнан тұратын сұхбат, әңгіме кестесі

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: еңбек, сурет, математика, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа назар аудару.

Оқушыларды түгелдеу.

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-деп ақын Қ.Мырзалиев жырлағандай, ана тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»

«Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

«А» (сұхбат алушы)

1. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?

2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?

3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?

4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?

5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?

6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?

«В» (жауап беруші)

1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор,т.б

2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер-көкке сыймайды.

3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.

4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.

5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.

6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:

– Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,-деді.

«С» (жинақтаушы)

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:

Қызығушылықты ояту.

«Галлереяға саяхат» әдісі бойынша мәтін мазмұнына сай салған суреттер топтамасынан мультфильм жасау, салған суреттерін қабырғаға іліп, сол жайында әңгімелеу.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:

Мағынаны тану.

-Қазір көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Көбейту амалын орында, нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой.

48:8

36:4 25:5 24:6 3:3 6*0

г

і е т р е

48:8 6 36:4 9 25:5 5

2 4:6 4 3:3 1 6*0 0

0-е 1-р 4-т 5-е 6-г 9-і

Қандай сөз шықты?

Әр ертегі түрлеріне мысалдар келтіру.

-Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.

Ү. Оқулықпен жұмыс:

1. Ертегіні ЖИГСО-1 (аквариум) әдісі бойынша оқу.

2. Ертегіні рөлге бөліп оқу.

ҮІ. Оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:

1. Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.

2. Ертегіні сахналаңдар.

ҮІІ.Дәптермен жұмыс:

Ертегіге сүйеніп балаға мінездеме бер.

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Ой толғаныс.

– «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

Тұрмыс-салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады. Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Кім еңбек етсе, сол тоқ. т.б.

ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Әңгіме кестесі»

Ертегінің аты Ертегі қай елдікі? Кейіпкерлері Ана мен баланың іс-әрекетіне өз көзқарасың Ертегі немен аяқталды? Нені үйрендің?

Х. Үйге тапсырма:

1. Ертегіні түсініп оқу

2. Кейіпкерге хат жазу

ХІ. Балаларды мадақтау.



«Мен не үйрендім?»Тарауды қайталау

Жарияланды 15-11-2014, 19:02 Категориясы: Кембридж тәсілі

Сабақтың тақырыбы: «Мен не үйрендім?»Тарауды қайталау

Сілтеме: Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4 - ші сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра»2011жыл.

Жалпы мақсаты: Өткен тарауды қайталау

Оқу нәтижесі: Топтық жұмыс арқылы тақырыпты түсіну, ойлану, талқылау.

Мұғалім оқуға бағыттап отыру

Оқушылардың өзін - өзі бағалау мүмкіндіктері

Тапсырмалар: Топқа бөліну, сауалнама, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бағалау парағы.



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

а) Психологиялық дайындық

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла

5 - ке қолды жеткізу



ә) Сыныпты топқа бөлу(қызыл, сары, жасыл, көк стикердің түсіне қарай)

Сынып ережесін құру.

1. Сабақтан қалмау, кешікпеу.

2. Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.

3. Ойымызды еркін, тиянақты баяндау.

4. Келесі топтың ойын тыңдау.

5. Уақытты үнемді пайдалану.



Өткен сабақты қорытындылау.

1. Көкшетау өлеңін шумақтарға бөліп мәнерлеп оқу

2. Ілияс Жансүгіров шығармаларын бәйтерек бұтақтарынан оқу

Жаңа сабақ

Тарауды қайталау

а) Өз біліміңді тексер.(10 сұрақтан тұратын тест)

ә) Тест жауабын көрсету



Шығармашылық жұмыс

1-топ. «Көктем»туралы өлеңдерді еске түсіріп, жатқа айту

2-топ. «Көктем»тақырыбына эссе жазу

3-топ. Шатасқан шумақтарды ретке келтіріп жазу

4-топ. Жыл мезгілдері туралы эссе жазу



Сергіту сәті

«Жұмыр қылыш» биін көрсетеді, жасатады.

Тапсырма

5 жол өлең құрастыру



«Сөз ойла, көп ойла»

Негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздер құрастыру қажет

«Көктем»

Сұрақтары бар қорап



Бағалау

Бағдаршам әдісімен оқушылар өздерін бағалайды

Топтарға бір - бірін бағалату

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі