Еңбекқор ұрпақ ел ертеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбекқор ұрпақ ел ертеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекқор ұрпақ ел ертеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: «Еңбекқор ұрпақ ел ертеңі»

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- еңбекқорлық туралы түсінік беру.
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру.
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Слайд, видеоресурс кәмпит тілек ағашы, түрлі түсті қаламдар, ақ парақтар, стикерлер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Топқа бөлу. Еңбекқор, талапкер, қуаныш
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Ескерту
3. Дәйексөз.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай

4. Оқиғаларды әңгiмелеу
1. Еңбектену адамға не үшін қажет?
2. Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
3. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
4. Өз еңбектеріңнің жемісін көргенде қандай сезімде болдыңдар?
Ер дәулеті – еңбек.
Еңбексіз іс бітпейді.
Еріншектің қолы жетпейді.
Ердің атын еңбек шығарар.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.



Мұғалім сыйы
Видеоресурс «Құмырсақа мен ала қоңыз»

5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс
1 - топ: Еңбекқор тобына «Еріншек баламен еңбекқор балаға» мінездеме беру
2 - топ: Талапкер тобына «Адал еңбек» постер қорғау
3 - топ: Қуаныш тобына «Еңбек пен бақыт – егіз» тақырыбында шығарма жазу.
Сыйқырлы кәмпит ойыны
1.«Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Қандай адамды «еңбекқор» дейміз?
3. Адал еңбек дегенді қалай түсінесің?
4. Еңбектің жемісі деп нені ойлайсыңдар?
5. Еңбексүйгіштік пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып бер
6. Еңбексүйгіштіктің бойындағы жақсы қасиеттерді атап бер?

6. Топпен ән айту.
Ертегілер

7. Үй тапсырмасы
Еңбек туралы мақал - мәтел жазу

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі