400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Еңбекқорлық пен еріншектік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктер қорын жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыпайылық, сыйластық, еңбекқорлық

Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

  • Еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

«Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату.

Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

«Қойшы Қаһарман» ертегісін сұрау.

Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады.

Әңгімелесу

  1. Еңбектену адамға не үшін қажет?

  2. Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?

  3. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Мәтінмен жұмыс

Еңбексүйгіш пен Еріншек

Ертегі

В.А.Сухомлинский

1.Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер?

2. «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.

- Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.

Топпен жұмыс

1-тапсырма. Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беру тапсырылады. Оқушылар тапсырманы орындау кезнде адал еңбек қана адамды табысқа, бақытқа жеткізетіні, жасаған жұмысыңның еш кетпей, пайдалы болғаны, еңбегіңнің өнімді болуы өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да тиімді болатыны жайлы айтады.

2-тапсырма. Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беру.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Дәйексөз

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап».

Абай Құнанбаев

- Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық – еріншектік. Бұл әдет - бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық», - деген екен.

Халық мақалы

Дәптермен жұмыс:

Мақалдардың жалғасын табу.

  1. «Еңбек-ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы».

  2. «Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой».

Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Үй тапсырмасы:

«Еңбек» өлеңін жаттау. 103-014 бет.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі