Күні: 05.12.2019ж.
Бөлімі:
Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Еңбекшіл құмырсқа»
Мақсаты:
Жәндіктердің бәрі тірі жан иесі деген
түсінік қалыптастыру.
Оларда тыныс алады, қозғалады, тамақтанады.
Табиғат әлеміне мейірімді болуға үйрету.
Көрнекілік:
Құмырсқаның суреті, түрлі-түсті
қағаздан жасалған құмырсқаның бейнесі.
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық!
Тәрбиеші:
Балалар орнымыздан тұрып, шаттық
шеңберін құрып, амандасып алайық.
Армысың- алтын күн!
Армысың-жер ана!
Армысың-сен және мен!
Тәрбиеші:
Балалардың қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:
Ал, қыс мезгілінде не ай бар?
Балалар:
Қыс мезгілінде үш ай бар. Ол желтоқсан,
қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші:
Ал, балалар осы қыс мезгілінде барлық
тіршілік иесі жылы жерге орналасады.
Сондай-ақ жәндіктерде жылы жаққа кетеді
екен, соның ішінде бүгін біз құмырсқаға
тоқталмақпыз. Балалар тақтада ненің
суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар:
құмырсқа.
Тәрбиеші:
Балалар құмырсқаның несі бар екен?\
Балалар: Мұрты,
аяғы.
Тәрбиеші:
Құмырсқаның аяғы нешеу екен, қане бірге
санайық.
Жауабы: 6
Құмырсқа-муровей
Тәрбиеші:
Ой, жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!
Олай болса балалар құмырсқа өте еңбекқор
екені, ол өзінің тамағын мұртымен аяқтары
арқылы тасып, қуысқа тығып өзін-өзі
асырайды екен.
Тәрбиеші:
Олай болса балалар құмырсқа туралы
тақпақ білеміз бе?
Исламхан:
О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер –ақсың жұмысқа.
Кемал:
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың туысқа.
«Ғажайып сәт»
/Үнтаспадан музыка дыбысы
естіліп тұрады./
-Құмырсқа:
Балалар сәлеметсіңдер ме? Көңіл-күйлерің
қалай?
Балалар:
Керемет.
-Құмырсқа:
Балалар мен өзімнің түрымды ұмытып
қалыппын. Маған қайтадан бастапқы
түрімді қайтаруға көмектесесіңдер ме?
Балалар:
Әрине, жарайды.
Тәрбиеші:
Қане, онда балалар құмырсқаға салып
берейік, суретін жапсырайық.
Тәрбиеші:
Жапсырмас бұрын орнымыздан тұрып,
сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Терең тыныс алайық.
Тәрбиеші:
Ой, жарайсыңдар! Олай болса ары қарай
жұмысымызды жалғастырайық.
Балалар:
Жарайды!
-Құмырсқа-Ой, жарайсыңдар, керемет,
рахмет сендерге менің түрім шынымен
керемет екен. Мен өз жаратылысыма
ризамын.
Қорытынды:
Құмырсқа еңбекшіл жәндік, сүтқоректілер
отрядына жатады. Балалар сендерге
бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі белсенді
сабақ үшін алғыс білдіріп, сендерге
ЖАРАЙСЫҢ! Деген смайлик берейін.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Құмырсқаның тірі жәндік екенін.
Игереді:
Құмырсқа туралы тақпақ жаттауды.
Меңгереді:
Құмырсқа суретін салып, жапыстыруды.