Еңбектің ебін тапқан, табыстың көзін табады.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбектің ебін тапқан, табыстың көзін табады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлпілдек сымның қасиетін түсіндіру (майысқақ, жұмсақ, түрлі түсті). гүл жасап үйренуге, және де гүл жасау жолдарын қатесіз, дәлме - дәл, автоматты түрде орындай білуге үйрету. Гүл жасаудың қарапайым реттілігін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Еңбектің ебін тапқан, табыстың көзін табады».

Мақсаты:

А) Білімділік мақсаты: Үлпілдек сымның қасиетін түсіндіру (майысқақ, жұмсақ, түрлі түсті). гүл жасап үйренуге, және де гүл жасау жолдарын қатесіз, дәлме - дәл, автоматты түрде орындай білуге үйрету. Гүл жасаудың қарапайым реттілігін үйрету.

Б) Тәрбиелік мақсаты: дүниетанымдарын қалыптастыру, рухани байлыққа, эстетикалық талғамға, еңбексүйгішке тәрбиелеу және де әдемілікке баулу. Ұқыптылыққа, әдептілікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.

В) Дамытушылық мақсаты: Саусақ моторикасын, сөз байлықтарын дамыту, көркемдік образдарын кеңейту, салыстыру мен айыра білу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді меңгерту сабағы,

Пәнаралық байланыстар: бейнелеу, ән - күй, математика.

Көрнекілік құралдары: Гүлдер, музыка, плакаттар, альбом, суреттер, мата қалдықтары, қайшы, үлпілдек сым, ваза.



Сабақтың жоспары:

1 Ұйымдастыру кезеңі.

2 Мақсат қою кезеңі.

3 Материялды түсіндіру кезеңі.

4 Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.

5 Бекіту кезеңі.



1) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Есту мөлшерін анықтау.

-Сен қалай естисің?

Тіл бұрышымен жұмыс.

Күнделікті сөздер.

-Қазақстан Республикасының президентін ата.

-Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

-Түркістан облысының әкімі кім?

-Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

-Биыл Ұлы Абайдың туылғанына неше жыл?

- Биыл Ұлы Абайдың туылғанына 180 жыл.

-Еңбек дегенімізне?

-Еңбек — өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

- Талант дегеніміз не?

- Талант дегеніміз (грек сөзі- қабілет деңгейі) арнайы қабілеттің дамуының биік деңгейі..

Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

2) Мақсат қою кезеңі:

Оқушыларды танымдылық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастырып алу.

Бүгінгі сабақтың мақсаты: Гүл жасап үйрену, яғни кез - келген затты қолдану арқылы гүл шоғын жасап оны сәндеу, әдемілеп табиғи затқа ұқсастыру.

3) Материалды түсіндіру кезеңі:

Гүлдерде қаншама әдемілік пен поэзия жатыр. Гүлге қуанбайтын жан жоқ. Әрбір гүл өзінше әдемі. Қандай оқиға болмасын адаммен бірге гүл жүреді.

Мысалы: кездесуде немесе шығарып салғанда, қуанышта, туған күн де, мейрамдарда т. б

Гүлдер жайында күрделі аңыз бар. Көпшілік халықта гүлдің символикалық мәні бар.

1) Біреулері сүйіспеншілікті, мейірімділікті бақыттылықты белгілесе.

2) біреулері қайғы, қасіретті белгілейді.

Кейбір дәстүр, әдеп - ғұрыптар гүлмен байланысты.

Қызыл түсті қалампыр гүлі

- қан тамшысы сияқты ардагерлердің соғысқа қатысқан ата - бабамыздың кеудесіне құлпырып тұруға лайық.



Ақ гүлдер, Үйлену тойында - тазалықпен адалдықтың бейнесін білдіреді.

Әрбір адамның өзі ғана асыл тұратын, сүйетін гүлі болады.

Гүлді әрбір отбасылық мерекеде және басқадай күндерде, жаңа жылда, Халықаралық әйелдер күнінде. Бірінші майға тағы да басқа уақытта гүл сыйлайды.



Нұртас Исабаев ағамыздың жырлаған өлеңі бар.

Гүлдер, гүлдер сыйлаған шапағатын,

Сұлулықтың символы аталатын.

Жұпар шашып, жайқалған жүрегімен

Оятыңдар сезімін махаббаттың.

Сыйлыққа ұсынатын гүл шоғын талғаммен іріктеп алуға тырысу керек. Ең әдемі гүл шоғы деп гүлдердің тек бір түрінен ғана

Мысалы: тек розадан, тек сиреньмен, тек астырадан құрастырған гүл шоғын айтады.

Гүл туралы қызықты деректер айтып өтейін.

Міне біз сол табиғи затты өз қолымызбен жасап көрейік, яғни гүл жасап үйренейік.

Үлпілдек сымды көрсетіп:

"Бұл қалай майысады? Жұмсақ па?" – балаларға ұстатып сездіру.

Гүл жасауға керекті құрал жабдықтарымызды реттеп алайық.

Сабаққа керекті заттарымыз.

1.Үлпілдек сым (әр түсті)

2.Желім (ПВА немесе желім пистолет — тәрбиеші қолданады)

3.Көк таспа немесе жасыл сым – сабақ жасауға

4.Қайшы (тәрбиешінің бақылауымен)

5.Дайын гүлдің үлгісі

6.Суретті карточкалар (қадамдық)

7. Себет.

Бірінші біз гүлді жасамас бұрын техника қауіпсіздігін сақтап алуымыз, керек қайшыны дұрыс ұстау, бір бірімізге кедергі жасамау үшін ара – қашықтықты сақтау.

-Мына үлгіге қараңдаршы қандай әдемі, саған осындай гүлдерді сатып алуға ұсынса, мереке кезінде анаңа сатып алар ма едің?

Қарапайым заттардан жасап, табыс көзіне айландыруға болады.

Сендерге өзімнің еңбегімнің арқасында табыс тауып жүргенім туралы айтып өтейін. /жасаған, тіккен киімдер т/б көрсету/

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей./мақалдың мағынасын түсіндіру/

Біздің мектебіміздің түлектері Абылай мен Сандуғаш отбасын құрып, өздерінің кәсіптерін ашып табыс көзін тауып отыр./екеуі туралы деректер/

Енді бейнетаспаға назар аударыңдар.


-Ал енді балалар мен сендерге жасалу жолын көрсетемін

1-қадам:

Сымды алып, ұшын дөңгелетіп «жапырақ» тәрізді ілмек жасау.

Балаларға көрсету – баяу, анық.

2-қадам:

Осы ілмекті 4–5 рет қайталап, жапырақшалар жасау.

Тәрбиеші әр баланың жанынан өтіп көмектеседі.



3-қадам:

Жапырақшалары дайын болғанда ортасын нығыздап бұрау.

Гүлдің пішіні шығады.

4-қадам:

Сабақ жасау – жасыл сымды гүлдің төменгі бөлігіне қию.

Қажет болса, желім жағу – тәрбиеші орындайды.

5-қадам:

Гүлді түзеп, әдемі пішін беру.

Сергіту сәті (2 минут)

«Гүл ашты» қимылды ойыны:

Балалар алақандарын жұдырықтап, баяу ашып, «гүл» жасайды.

4 Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.

Оқушылар гүлді жасау барысында музыканы баяулатып күй ойнату.

5.Бекіту кезеңі: Жаңа сабақты бекіту барысында оқушылардан гүлді не үшін керек екенін, және де гүлді ерекшеліктерін айту.

-Гүлдер не үшін керек екен?

- Гүлдердің ерекшеліктерін ата.

Қорытынды сұрақтар.

-Қандай тақырыпта тәрбие сағатын өттік?

-Гүлді неден жасадық?

- Үлпілдек сым қандай болады екен?

-Жасаған гүліңді не істейсің?

Балалар өз қолымен жасаған гүлді топқа немесе анасын қуантатын сыйлық ретінде алады.

Қол моторикасы дамиды, пішін, түс, майысқақ материалмен жұмыс істеу бекітіледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі