Еңбектің наны тәтті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбектің наны тәтті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс оқушыларын дамыту, тәрбиелеуге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiмі:

Сабақ: №:23

Тақырып: Еңбектің наны тәтті

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм

Мұғалiм: Басмагамбетова К

Класс: 3

Оқушылар саны: 23


Сабақ мақсаты: Оқушыларға шынайы еңбектің ақиқат

құндылығынан туындайтынын ұғындыру


Міндеттері:

-оқушыларға ақиқат құндылығы туралы түсінік беру;

-оқушылардың шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм қасиеттерін дамыту

-шындықты айтуға, басқалардан жақсылықты іздеуге,

оптимизмге тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе

үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі ор-наласқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек

қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын

елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашу-да. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға кө-

мектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін

шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек

шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақта-

рыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуен-ді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап,

бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға

бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды

туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адам-дарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпірі-

не нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің

ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұ-рыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы

бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Б.Досымовтың «Маңдай тер» әңгімесі

1. Әңгіменің негізгі идеясы неде?

2. Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?

3.Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

4. Хамиттің іс-әрекетіне көзқарастарың қандай?

5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

6. Еңбек еткен адам қандай жетістікке жетеді?

Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?




  1. Дәйек сөз.

«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар».

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Дәп

терге жазып, 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Бар-

лығы бірге 4 рет айтып шығады .

-Бейнетің дегенді калай түсінесің

-Татқаның дегенді ше?


Сергіту сәті.

Қырға шықсаң, өрлеп,

(Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді)

Мұның аты –Еңбек. (Екі қолын жаяды)

Кесте тіксең зерлеп,

( Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)

Мұның аты – Еңбек (Екі қолын жаяды)

Сабағыңа жөндеп

(Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)

Әзірлесең – Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды)




  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Еңбекпен тапқан тиын

Грузин ертегісі

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:

  • Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.

Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:

  • Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді баласына.

  • Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң «Мынаны еңбегіме алған едім»,-деп әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

  • Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынынбілген анасы:

  • Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап,-деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

  • Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай , шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

  • Әке! Мен бұл ақшаны апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз.Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

  • Бұл ақшаны, шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті,-депті.

  • Еңбектің саған берер пайдасы?

  • Өз еңбегіңнің жемісін көргенде қандай күйге бөленесің?

  • Жалқау мен еңбекқордың айырмашылығы неде және олар қандай жетістікке жетеді?


  • Әңгіменің негізгі түйіні неде?

  • Әкесі неліктен өмір бойы жинаған мүлкін басқа біреуге бермекші болды?

  • Анасының баласына берген бағыты дұрыс болды ма?

  • Әкесі баласының өтірік айтқанын қалай аңғарды?

  • Баланың қай әрекетінен ақшаны еңбектеніп тапқандығын көреміз?

  • Анасы баласына қандай кеңес берді?

  • «Еңбектің наны тәтті» болатындығын рас екендігін қалай аңғарамыз?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға сөздер беріледі, олар осы сөздерден еңбек туралы мақал-мателдер құрастырады.



  1. Топпен ән айту.

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

Тоя ма көзің, айтшы сен өзің,

Бақыт-ау, бақыт?





  1. Үй тапсырмасы.

«Алтын мүйіз» ертегісі



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі