400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еңбектің қадірі" шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбектің қадірі


Адам еңбек етпесе, оның қоғамға пайдасы жоқ. Жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәрі де еңбек етеді. Тіпті құртақандай құмырсқаның өзі де қамын жасап, тырбанады. «Бейнетсіз рақат жоқ» демекші, адамзат алдымен, еңбектенуге тиіс, еңбек еткен жан ғана оның жемісін жеп, рақатын көреді, еңбектің қадірін түсініп, бағасын біледі.

Жасынан еңбек еткен жан еңбекқор болып өседі. «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» демекші, барыңды салып еңбек етпесең, еңбексіз табылған дүниенің құны да жоқ. Еңбек етпей, босқа жүрген адамның болашағы да қара түнек. Себебі, ол өзі үшін, қоғам үшін қызмет жасауды білмейді, ортасына пайдасын тигізе алмайды. Ал еңбекқор болып, жұмыс жасайтын жанның болашағы жарқын, қоғамға да пайдасы мол. Кез келген адам жұмыстың қиындығынан қашпауы керек, керісінше бейнет тудырған дүниенің соңы зейнет болады. Сондықтан бәріміз де «Жан қиналмай жұмыс бітпес» деген қағиданы ұстануымыз керек. Мәселен, біз, яғни шәкірттер, «бес» деген бағаны алу үшін, әрдайым көп оқып, талмай ізденеміз. Сонда ғана оқуымыз бен ізденуіміздің жемісін көріп, ойымыздағы жақсы бағаны ала аламыз. Яғни, еңбекке біздер бала күнімізден үйренудеміз, мектепте де біздерді еңбексүйгіш, еңбекқор болуға баулиды. Мен ешқашан еңбектен қашпаймын. «Ерінбей еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген ұстаныммен өсіп келемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі