Материалдар / «Еңселі елдің - ертеңі!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Еңселі елдің - ертеңі!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Еңселі елдің - ертеңі!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Өтетін күні: 01 маусым 2023 жыл
Өтетін уақыты: сағат 10. 00
Өтетін орны: мектеп алаңы

Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, шардан безендірілген арка, түлектерге арналып шығарылған баннер, гүлдер.


Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер.


Ұйымдастыру жұмыстары: Президиумға отыратын, сөз сөйлейтін адамдар алдын ала түгенделіп, орындарына отырғызылады. Оқушыларды тұрғызу, Ту алып шығатын 3 оқушы әзірлеу.


Жүргізу тәртібі:

Жүргізуші:

 Сәлеметсіздер ме, «Еңселі елдің - ертеңі!» атты салтанатты жиынға жиналған қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, балалар! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Міне 1000 жылдық тарихы бар Республикамыздың барлық мектептерінде толғанысқа толы ерекше күн. Өйткені сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен мектеп бітіруші түлектерімізді шығарып салғалы тұрмыз. Олай болса баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, түлектерді соңғы бітіру мерекесімен құттықтаймыз. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

/Музыка Қ.Баекенов «Ғажап life»/

Қайрат аға: Мектеп мемлекеттік әнұранға сап түзейміз.

/Мемлекеттік әнұран орындалады/

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Гүлжан Сайлаубекқызына беріледі.

Жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам. - құттықтау сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Қайноллақызына беріледі.

Жүргізуші:

Бақытқа бәрін балаған

Сөз кезегі өзіңде

Жас балдырған балапан – дей келе, күні кеше мектеп табалдырығын аттаған 1 – сынып оқушылары мектеп бітіруші түлектерге, тілектерін білдіреді. Ал енді жас бүлдіршіндер сөз кезегі өздеріңде.

/1 – сынып тақпақ айтады/


Жүргізуші: Сонымен қанша балл? Қанша? Естілмейді


Жүргізуші:
Бүгін мектеп бітіруші түлектердің естен кетпес ерекше күні, қаншама тілектер, жүректі тербетер сөздер айтылды. Ұстаз еңбегімен сусындатып, мейірімімен өсіп өркендеген, ыстық ұя мектебін әрқашан естен шығармайтын, алдымызда қимастықпен толқып тұрған түлектерімізді ортаға шақырайық. Мектеп бітіруші түлектер:

  1. Алшынұлы Думан - «тарих» пәнінен бірнеше аудандық олимпиаданың жүлдегері

  2. Болатбергенов Ерсін – «Алтын белгі» иегері

  3. Ерболатқызы Іңкәр – «биология» пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегері

  4. Заки Ғаламат - «құқық» пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегері

  5. Марқаев Еділжан – «АӘД» пәні бойынша мергендік танытып, аудандық сайыстардың бірнеше мәрте жүлдегері

  6. Нүкешов Диас - «география» пәнінен бірнеше аудандық олимпиаданың жүлдегері

  7. Сейлханов Дәулет – аудандық волейбол, күрес спорттық жарыстарының жүлдегері

/Музыка қосылады. 11 – сынып оқушыларының тақпақтары/


Жүргізуші:

Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган қонақтарда. Құрметті қонақтар келесі құттықтау сөз кезегі сіздерде.


Жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады

Түлектерге бақыт гүлі шашылады

Қимастықпен 11 дің білім кемесін

Ізін басар сыныпқа тапсырады – дей келе, мектебіміздің білім кемесін тапсыруға «Алтын белгі» иегері Ерсін Болатбергеновты орта шақырамыз.


Аруназ, Назерке:

Біз 10 – шы сынып оқушылары

Сіздердің ізбасарларыңыз

Мектебіміздің білім кемесін

Кедергісіз алға жол тартатынына сенім білдіреміз.

Жүргізуші:

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін!

/11 – сынып оқушыларының орындауында «Алтын ұя» мектебім әні./


Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы Тұрархан Сахматайқызына құттықтау сөз кезегін береміз.


Жүргізуші:  Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.
/Хор. Орындайтындар бітіруші түлектер/

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан Айгүл Слямқызына беріледі.

Жүргізуші: Бүгін алғашқы қоңыраумен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған, 11 жылдың мәреге жеткен күні,

бүгін мектебім, ұстазым деп көңілін қимастық кешкен күн,

бүгін ұстаздардың жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн,

бүгін арман қуып алысқа аттанған күн,

бүгін мектеп вальсын дөңгелене билейтін күн. Сіздердің қошеметтеріңізбен мектеп бітіруші түлектерді қоштасу вальсіне шақырамыз.

/Музыка. Вальс /


Жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар. Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!

Жүргізуші:

Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды

Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін


Хор: « Соңғы қоңырау» әні. Орындайтындар мектеп бітіруші түлектер.
(Қоңырау соғу сәті.)



Жүргізуші: Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 7 түлек жолдама алды: 7 арман, 7 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!

Жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!