« Екпетал мектеп -
балабақшасы » КММ
Бекітемін:
Мектеп директоры:
Жумагулова Г.

(ертеңгілік)
Өткізген: Жұмабай
Қ
2017-2018 оқу
жылы
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке,
Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан
соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін
дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл
дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші
дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан
үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен
шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының
ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Жүргізуші:Жеңісіміз баянды болсын дей
отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінгі «Еңсесі биік - Ұлы
Жеңіс» атты ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран
айтылады.
Бүгінгі «Еңсесі биік - Ұлы
Жеңіс» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!Ашу
салтанатымыздағы сөз мектеп директоры Жұмағұлова Г. ханымға
беріледі.
Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген
жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз
жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін
оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң
шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.
Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік
Германия елімізге опасыздықпен басып
кірді.
Жүргізуші:Бұлт түнеріп аспаннан,
Талмай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған
-деп Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін видео
көрніске кезек берейік.
Видео
көрніс:
Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша
күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер
туралы өлең жолдарын тыңдау үшін балаларға сөз
берейік!
Жансұлтан:
Аталарым
ардагер
Достарымен
майдангер
Ұрпақ үшін,ел
үшін,
Аямаған қан-мен
тер!
Нұрхат:
Арылтып жаудан жеріңді,
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
Жүргізуші:
Еркеназ:
«Қазақ» асыл тегім
бар,
Батырым мен бегім
бар.
Біз тәуелсіз, ұлы
елміз.
Болашақтан сенім
бар
Перизат:
Жер мен көктің арасын,
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия қазақ даласын,
Азат етіп, болды мерт!
Бақдат:
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер
етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына
қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсеткен еді,Осы
әпкелеріміздің құрметіне арналған шағын видо көрніміз бар,
тамашалаңыздар.
Видео
көрніс:
Жүргізуші:Барша халық жеңіс күнін
тойлайды,
Бүлдіршіндер думандатып билейды- деп келесі кезекте
би
Би:
Молдаванка
Жүргізуші:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі кезекті балалардың жеңіс туралы
әндеріне береміз!
Ән: Жеңіс
күні
Жүргізуші:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Келесі кезекті балалардың
жеңіс туралы тақпақтарына береміз!
Айжұлдыз:
Жеңіс, жеңіс естіледі
жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Бақыт:
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
Сағындық:
Жеңіс туы
желбіреп,
Атылмасын
зеңбірек!
Жыламасын
ешкашан,
Бесіктегі бал
бөбек!
Айару:
Ағайлардан, апайлардан,
інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.
Мадина:
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жанарладан алтын шуақ шашылған.
Би: Қыздар
Катюша
Жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан
кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс
бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат
еткен,
Құрметтеп айтамыз Жеңіс
үнін,-деп біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке
жоқ.
Ән Ортаңғы
топ: Біз өмірдің
гүліміз
Жүргізуші:Балалар сендер білесіңдерме
осы батыр Мәншүк, Әлия батыр әпкелеріміз не үшін майданға
аттанды?
Балалар: Отанымызды қорғау
үшін
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Отан,туған жер туралы тақпақ білесіңдерме?Кім айтып
береді?
Аяулым:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Кәусар:
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Сұлтан:
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған мал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Рамазан:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Нұрсейіт:
Алдан шығып
бағымыз,
Жеке болды
тағымыз.
Елтаңба мен көк
туды,
Қастерлейік
бәріміз.
Ернұр:
Жас ұрпақ тілегі,
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын де,
Әлемнің аспаны!
Бейбітшілік болсын әлемде деп
бүгінгі ертегілігімізді бейбітшілік әнімен
аяқтаймыз.
Ән:
Бейбітшілік
Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған
«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келген
ата-аналарға рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық балаларға
алғысымызды білдіреміз!Көк туымыз көк аспанымызда желбірей
берсін!Сау болыңыздар!