400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ені бойынша беттестіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ені бойынша беттестіру жəне тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы жəне бірдей заттардың шамасын немесе көлемін салыстыру дағдысын бекіту,балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім берусаласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:Ені бойынша беттестіру жəне тұстастыру

Мақсаты: Ені бойынша беттестіру жəне тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы жəне бірдей заттардың шамасын немесе көлемін салыстыру дағдысын бекіту,балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын

Билингвальды компонент:ені-ширина, жалпақ-толстый, жіңішке-узкий

Инновациялық технология:Дамыта оқыту технологиясы

Барысы:

Шаттық шеңбері

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады,

Жадырады бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Сюрприздік сәт:

Балалар бізге поштадан хат келіпті.Мен сендерге хатты оқып берейін. Хат "Үркерден" келіпті.

"Балдырған" тобының балалары өте ақылды екенін білемін, маған мына тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші.

Орындауға дайынбыз ба?

Балалар мында бірнеше тапсырмалар берілген екен.

Логикалық есептер

1. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1) (доп төртбұрыш болмайды).

2. Қоянда неше құлақ бар? (қоянның суретін көрсету)

3. Қолда қанша саусақ бар? (10)

4. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?(3)

5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?(5)

6. Екі сиырдың мүйізі нешеу? (4)

7. Бір мысықтың аяғы қанша?(4)

-Өте жақсы балалар, мен осы жауаптарды жазып, хатты қайта поштаға салып жіберемін.

- Енді орнымызға отырамыз.

Балалардың алдында көлемі жағынан бірдей екі жолақшажәне көлемі екі түрлі жолақшалар тұрады.

-Балалар алдымызда тұрған жолақшаларды ені бойынша беттестіріп, салыстырамыз.

Екі бірдей жолақшаның ені де бірдей, ұзындығы да бірдей тең, қандай болса сондай. Екінші жолақшалардың ені бірдей емес, біреуі жалпақ, екіншісі жіңішке.Оны қайдан білдіңдер.

Балалардың алдында екі бірдей бірақ түстері әртүрлі тоңазытқыштың суреті беріледі.

-Балалар енді тоңазытқыштарды ені бойынша беттестіріп салыстырып көрейік. Түстері қандай?

-Тоңазытқыштардың ені бірдей, тең, қандай болса сондай.

«Сәйкес пішінді тап» ойынын ойнату.

Балалардың алдына геометриялық пішіндердің суреті беріледі. Балалар қажетті пішінді тауып, беттестіреді.

-Балалар алдарыңда пішіндердің суреті берілген (қосымша қиылған пішіндер беріледі), осы пішіндерді тауып беттестіріңдер.

-Жарайсыңдар, балалар, енді бой сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуын орындайды. Теледидар арқылы жасалады.

«Жұбын тап» немесе «Сыңарын тап» ойынын ойнату

Шарты: Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің сыңарын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.


Сурет салу арқылы алған білімдерін бекіту.

Жалпақ және жіңішке құмыраны бояту.


Санамақ айту.

Дарын:

Кел санайық, санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортантерекатасы,

Шылдыршүмеканасы,

Шынашағымбалапан,

Бәрінеортақалақан.

Айбар:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ…

Мирас:

Бір- таңертең тұр.

Екі- шынығып бекі.

Үш- тазала тіс.

Төрт- сабындап жу бет.

Бес- сүртін тез

Алты – үйді жина жалпы.

Жеті- киін енді.

Сегіз- асыңды жеп, іш.

Тоғыз-ыдыстыжутегіс.

Он- сабақоқы.

Қорытындылау.

-Балалар біз не білдік?

-Не үйрендік?

-Балалар сендерге бүгінгі ойындар ұнады ма?

-Мен сендерге бүгінгі күннен естілік ретінде смайликтер таратамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі