400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ер адам - парызды, жауапкершілікті іске асырушы, 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ашық сабақ жоспары, өзін-өзі тану 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: №60 ЖББОМ

Күні: 07.12-10.12.20ж

№13 сабақ

Мұғалім: Н.Б.Сейітжан

Сыныбы: 9 а, д

Тақырыбы: Ер адам – парызды, жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы


Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: жігерлілік,шынайылық, қайсарлық

Мақсаты: Оқушыларға ер адамның қадір-қасиеті мен абыройы, парыз сезімі, отбасы қауіпсіздігі үшін жауапкершілік, әйел адамды сыйлау екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға жігерлі болу керек екендігін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қайсар болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://bilimland.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.


2. Сабақтың дәйексөзі

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы

-Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

дәптер

3.Жаңа ақпарат

Тілімізде азамат дейтін сөз бар. «Малым – жанымның садағасы, жаным-арымның садғасы» деген сөзді де естіген шығарсың? Ар, намыс жағынан біз, мақтанды десең дей бер, қарағым, әжептәуір халықпыз. Бұған дәлелдеріміз көп. Мысалы, эпостарымызды ал. Бәрінің тақырыбы – ар.

Ар-намыс деген нәрсе – ердің туы. Арсыз деген сөз қып-қызыл мазақ, қорлық! Біздің қазақ халқы бұл жағынан көп нәрсені білген, түсінген. Арсыз адам азамат бола алмайды. Ал азамат бола алмасаң, өмір сүрдім деп айтудың керегі жоқ!

Кім болса сол азамат бола бере ме? Ол үшін талап, өнер керек, қажымайтын күш, қайрат керек. Барлық адам азамат бола алмайды. Өйткені бәрі бірдей емес. Бәрі бірдей болмағаннан кейін бәрінің азамат болуы қиын. Кейбіреу әртүрлі топ, ұжым басқарып, біреулер әкім атанып, енді біреулер депутат болам, азамат болам деп талпынып жүр. Депутат болғандары да бар. Ал солардың бәрі бірдей азамат па?

слайд

4. Шығармашылық жұмыс

2-тапсырма

Төменде берілген тұжырымдардың біреуі бойынша ой-пікірлеріңізді ортаға салып, оларды біріктіретін қандай идея екендігін анықтаңыздар.

• И.Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің».

• Л.Н. Толстой: «Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың».

• Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады».

• С. Смайлс: «Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәнінде ешқандай бағасы болмас еді».

3-тапсырма

Ұлдарға арналған өсиетті оқып шығып, жалпы жасөспірімдердің бойында қандай қасиеттердің болуы тиіс екендігін жазыңыздар.

Әзілхан Нұршайықов

Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:

-Арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны. Адам арақ ішкеннен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі мәнсіз болады. Адамның өмірі онсыз да қысқа. Ендеше аз өмірді ардақтап, шамаң келгенше мағыналы, мәнді етіп өткізгенге не жетсін, шіркін.

Жігіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Қыз – болашақтың анасы. Қыз – алдағы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметтесең – қызды сыйла, қарағым.

дәптер

5. Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі