400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ер адам-парызды,жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Федоровка қазақ ЖОББМ

Мерзiмі:

Тақырып: «Ер адам-парызды,жауапкершілік пен тәртіпті іске асырушы»

13 сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: парыз,жауапкершілік,тәртіпті болу

Мұғалiм: Мажитова А.С.

Сынып 9 «А,Б» Оқушы саны:19

Сабақ мақсаты: оқушыларға ер адам парызы мен жауапкершілігі туралы айта отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • оқушыларға ер адам парызы туралы түсінік беру;

  • оқушыларға жауапкершілік қасиеттерін дамыту

  • оқушыларды тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа,өлең сөздері,жағдаят жазылған карточка

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Жағымды көңіл - күйге ену. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

13 сабақ 84бет «Үміт үзгім келмейді» түсініп оқу

-Қаратай ағаның жұбайына бір минуттық қуаныш сыйлау үшін соншама тер төккен әрекетін жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіңдіріңіздер.Бұл оның бойындағы қандай қасиеттерінің көрінісі?

-Киіпкерді дұрыс әрекетке жетелеген қандай күш?

-Әйел адамды сыйлау дегенді қалай түсінесіздер?

-Ер адамның парызы не?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халықына тиген пайдасы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы


5.Әңгiмелеу. Екі батыр


Ертеде қазақ жерін жоңғарлар басып алыпты.Қазақтың Қожан,Мәнжі деген қос батыры қол жинап, туған елін азат етуге жорыққа шығыпты.Олар жауларын тықсыра отырып, Бүркітші тауына жетіпті.Осы арада екі жақтың да әскерлері шатырларын тігіп, дем алуға жатыпты.

Жоңғарлардың бір шалы қазақтарға елшілікке келіпті.Ойы – қазақ батырларын көру екен.

Мәнжі батыр Қожанды аға тұтып, атын ерттеп жүретін көрінеді. Шал келген кезде,сол әдетімен ат ерттеп жатыпты.

Сен кім боласың?- деп сұрапты одан шал.

Мен Қожан батырдың ат ерттеушісі болам,-депті Мәнжі.

Ендеше, сен маған Қожаныңды көрсетші,- депті елші.

Мен қазір қазанаспаға бір-екі тас әкеле қояйын,сосын жолықтырамын,- деп Мәнжі төбеге қарай кетіпті.Іле-шала оралыпты. Екі қолтығында кебежедей екі тасы бар батырды көрген елші асығыс атқа қоныпты. Қолбасына барыпкөргенін айтыпты.

  • Егер атқосшысы екі кебежедей тас көтерсе,батыры қандай болмақ?- деп, жау сол түні қашып кетіпті.


  • «Батыр» деген ұғымның шынайы мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Батырлардың бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз?

  • Қандай батырларды үлгі тұтасыңдар?Не үшін?

Оларға ұқсап өсу үшін қандай дұрыс әрекеттер жасап жүрсіңдер?

Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған

хрестоматия


I ТОМ


ӨСИЕТ ӘҢГІМЕЛЕР


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ Қоғамдық көлікте өзіңді ұстауын.

ІІ топ Дастархан басында жастардың өзің ұстауы.

ІІІ топ Қоғамдық орында өзіңді ұстауын.

ІV топ Көшеде өзіңді ұстауын

«Өзін-өзі тану» 9 сынып оқулығы.114бет 2013ж

7.Топпен ән айту АРМАНДАСТАР

Әні Ә.Бейсеуовтікі

Н.Әлімқұловтікі

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар-құрдастар!

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда,

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?

Құрбы қыздар мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар, құрдастар.

Қайырмасы.

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?

Қайдасыңдар, құрдастар?

MUZ.BOX.соm сайты

8.Үй тапсырмасы.

14 сабақ 88бет «Бақытжан Ертаев: «Батыр таққа таласпайды,батыр тақты қорғады» түсініп оқу


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.























Қоғамдық көлікте өзіңді ұстауын.



Дастархан басында жастардың өзіңді ұстауы.


Қоғамдық орында өзіңді ұстауын.



Көшеде өзіңді ұстауын









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.04.2021
1871
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі