Материалдар / "Ер азамат атыңа лайық бол!"

"Ер азамат атыңа лайық бол!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қаламыз және аман сақтаймыз. Ұлттың бір бөлшегі – сіздің ұрпағыңыз. Ер азамат атыңызға лайық болыңыз!
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ф.Оңғарсынова атындағы № 41мектеп-гимназия

















«Ер азамат атыңа лайық бол!»

тәрбие сағаты







Класс: 7 «ә» класс

Класс жетекшісі: Жанаева Н.Ө

Түрі: дөңгелек үстел.



























2022-2023оқу жылы

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, аталар мен әкелер және класс оқушылары. «Ер азамат атыңа лайық бол!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат беріңіздер. Неге осы тақырып десек, біздің сынып кадет класс болғандықтан, алдымызда тәрбиелеп отырған оқушының басым көпшілігі ер балалар болғандықтан өскелең осы ұрпақ нағыз еліңе елеулі, халқына қалаулы азамат болғанын қалағандықтан. Осы тақырыпқа байланысты бүгінгі тәрбие сағатымызға арнайылап шақырып отырған аталар мен әкелеріміз, ағайларымыз бар. Ендеше таныс болайық: Мектебімізде «Әкелер»мектебі қызметін атқарып жатыр. Сол мектепте біздің сыныптың атынан Әділеттің әкесі жазылған болатын Сейтмағанбетов Болатбай Сағынтайұлы, Темірбай Бекнұрдың атасы - Үргенішбаев Темірбай Мұздақбайұлы, Елеусіз Әлішердің атасы- Кенжеғұл Елеусіз атамыз және мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің жаттықтырушысы Асқар Қабдрахимұлы қатысып отыр. Құрметті қонақтар келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Жүргізуші: Бұрынғының азамат атауы мен бүгінгінің азамат ұғымында біршама айырмашылық бар. Заман да, адам да, қоғам да өзгерді. Десе де, ұлттың сақталуы үшін ер-азаматтың атқарар рөлі өте зор. Азамат деген атқа лайық болып жүрсіз бе?! деген сұрақ туындайды. Құрметті қонақтарымызға алғашқы сұрағымызды қойсақ,

  • Бүгінгінің ер азаматы қандай болуы керек?

Жүргізуші: Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Келесі сұрақ:

- Сіздер аталар ,әкелер үйде балаларыңызға әсіресе ер балаларыңызға осы тәрбие арқылы мәдени құндылықтармызды қалай қалыптастырасыздар?

Жүргізуші: Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Ал қазір осы қоғамда дәл осы сөздер арқылы қазіргі жастарды, ер азаматтарды жігерлендіріп, қайраттандыра аламыз ба?

1.Жігіт қаншалықты салмақты болса – соншалықты әдемі.

2. Ерлігің есеппен жасалмасын.

3. Әйел затын құрметтей біл. 

4. Әкенің өнегесі бала үшін маңызды. Сіздің іс-әрекетіңіз – балаңызға тәрбие үлгісі.

5. Еңбек етуден жалықпа. Есектің артын жу да, мал тап. 

6. Адал астың сіңімділігін естен шығармаңыз. Отбасыңыз адалынан ас ішсе, сауабы азаматқа.

7. Екі сөйлеуден аулақ болыңыз. Ер-азаматтың екі сөйлегені – өлгені.

8. Азамат атыңызға кір келтіретін – ұсақшылдық. Осы қасиеттен аулақ болыңыз.

9. Жауапкершілікті сезіне біліңіз. Ата-анаға құрмет, жарға сүйіспеншілік, балаға тәрбие керек екенін естен шығармаңыз.

Жүргізуші: Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады?

Жүргізуші: Бейнеролик қарайық. https://www.youtube.com/watch?v=dzBJI0DHWTI

Жүргізуші: Ұлт ұстазы атанып кеткен Омар Жалелұлымен қаншалықты келісездер? Пікірлеріңіз???

Жүргізуші: Батырлар жырында еркектің бейнесі «еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қабыландай сұсты, бұландай сүйекті, нардай төзімді, ар алдында ақ, сауысқандай сақ...» деп сипатталады. Мұндай білектілердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Жігіттің сұңқары, жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің сарасы, жігіттің нары, жігіттің жампозы» деп мақталып жатады емес пе? Өкініштісі, бұл сипаттарды дәл қазіргі уақытта біреуге айта қалсаң, қабақ шытқан, назды жүздерді табасың. Құлағымыз «баяғыда ата-бабаларымыз мынадай болған, анадай болған, қазіргі жігіттердің барлығы ұсақталып кеткен т.с.с...» пікірлерді ести қаласың. Бұл жөнінде не айта аласыздар? Расыменде осы пікірлермен келісесіздерме?

Жүргізуші: Алайда, мақсатымыз өзгені айыптау, уәж айту, сынға алу, кінәліні іздеу, жоқтау емес еді. Абыздардың ауыздарынан шығып, ғасырдан ғасырға жетіп, күні бүгінге дейін қолданыста жүрген мақал-мәтелдер, нақылдарды, Алла мен Оның Елшісінің сөздерін топтастырып, ер жігіт қасиеттерін бір айқындап қойсақ деген ниет қана. Ақылды, арлы, есті жігіт өзіне қажетін сарқып алар...

Жүргізуші: Ендеше сергіп алсақ тақтаға назар аударсақ, ойын ойнасақ.

(Презентациямен жұмыс)

Жүргізуші: Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қаламыз және аман сақтаймыз.

Ұлттың бір бөлшегі – сіздің ұрпағыңыз. Ер азамат атыңызға лайық болыңыз!

Уақыт бөліп, өз тәрбие тәжірибесімен бөлісе келген қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Сау саламатта болыңыздар!





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі