400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ер есімі - ел есінде" атты әскери-патриоттық мерекелік концерт сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ер есімі - ел есінде" атты әскери-патриоттық мерекелік концерт сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі





Сценарий


Тақырыбы: «Ер есімі, ел есінде...»

(7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт)


Мақсаты: Жастарға өз Отанымыздың тарихын бойына сіңіртіп, нағыз патриот етіп тәрбиелеу.


Өткізуші: Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлы


Қатысушылар: «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының мүшелері, I курс қазақ топтарының студенттері.








Нұр-Сұлтан - 2019 жыл

(7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған видео көрсетіледі)

(Фан фара орындалады, жүргізуші сахнаға шығады)


Жүргізуші:

Құрметті колледжіміздің ұстаздары, қонақтары және соғыс ардагерлері!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер есімі – ел есінде...» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!

Мерекелік концертімізді бастамас бұрын Ұлы Отан соғысында және де басқа да соғыстарда қаза тапқан аталарымызды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялаймын. (РАХМЕТ)


Бүгінгі мерекелік концертіміздің қонақтарымен таныстыра кетейін.

1)_____________________________________________________________________

2) ____________________________________________________________________

3)_____________________________________________________________________

4) ____________________________________________________________________

5) ____________________________________________________________________






Мен -қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.



Алғашқы құттықтау сөзін колледж директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Жусипбаева Раушан Сергейқызына береміз.


Жүргізуші:

Концертіміздің алғашқы номерінде Теңізбай Алмат пен «Балауса» тобының орындауында «Қазақстан» әні.


Жүргізуші:

Ленинград 1941 ж. 8 қыркүйектен 1943 ж. 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды.

Міне осы жылы Қазақстандық ақын атамыз Ленинграддықтардың рухын көтеру мақсатында «Ленинградтық өренім» атты өлеңін шығарды.







«Ленинградтық өренім»

Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...

Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,

Төккенім жоқ терімді!
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.

Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! —
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;

Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,

Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!
Ата-бабаң баяғы
Аян еді Жамбылға;

Құрсаулы қол, аяғы,
Аударылған ауылға.
Төрт патшадан теперіш
Көргендерін білем мен.



Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысына арналып көптеген фильмдер жарыққа шықты. Сол фильмдердің бірінің үзіндісін тамашалайық. Экранға назар аударыңыздар. (Офицерлер кинофильмінен үзінді)

Жүргізуші: (сахна сыртынан хабарлау)

Арадан бірнеше жыл өтті. (Видео ветеран)




Жүргізуші:

Келесі кезекті II Бүкілодақтық халық творчествосы фестивальінің лауреаты, Авторлық әскери әндер байқауының бас жүлдегері Қасымов Мамыр Әбдіқадірұлын «День победы» әнімен қарсы аламыз.


Жүргізуші:

Міне сол сұрапыл жылдары жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында көптеген әндер жарық көрді. Міне сол әннің бірі «Катюша» әнін Тлеубек Гаухардың орындауында назарларыңызға ұсынамыз.



Жүргізуші:

«Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубында Жоғары көлік және коммуникация колледжі «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы қонақта, міне осы клубтың мүшесі Байқадамов Нұржанның «Тарихы терең тағдырлар» атты арнау өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.





















Тарихы терең тағдырлар




Ізгі өлең болып 
Қалсын біздерден
Тарихы терең тағдырлар

Бақыты үшін болашағыңның
Майдан да құрбан болдыңдар

Жасқанбай жауға
Аспандай тауға
Сіркіреп нөсер құйғансың

Жүдырық жүрек
Қасық қаныңды
Отаның үшін қиғансың

Білмеген бүлік
Жүргенде күліп
Төбеден түсті-ау бомбалар

Сол сәттен бастап
Анаңа қостап
Келуші еді қайғы хат хабар

Айырылып ұлдан
Айырылып ерден
Жылады қанша мөлдір көз

Қаталдығына қайран қаламын
Елестеп кетсе сол бір кез

Аядай күнде аямай мүлде
Алыпта жатты жалғызын
Қорада тұрған бір бас малдыңда
Әкетіп жатты соңғысын

Аштыққа шыдап
Жатса да кұлап
Таптатпай жауға намысын

Ерлікпен қаза таптыңдар сендер
Ертеңгі елдің бағы үшін

Көз көріп күнде 
Жүрсекте бірге
Ерлігін ердің кешегі

Батыр бабамның
Қасымда бүгін
Қалыпты-ау жалғыз бесеу


Жүргізуші:

«Қызғалдақтай қырмызы,

Ерте солдау гүл қызы.

Әлияммен Мәншүгім,

Шығыстың қос жұлдызы»


Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Әлия». Орындайтын Қырықбай Айдана.



Жүргізуші: (сахна сыртынан хабарлау)

(Видео тәжік-ауған)

«Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының мүшесі Айзатқызы Әйгерімнің шығарған арнау өлеңін Советхан Диастың оқуында назарларыңызға ұсынамыз.



Жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегін Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі Қасымов Мамыр мырзаға береміз.



  1. Ән «Қазақстан сарбазы»

  2. Ән «Ағалар»

  3. Караоке – Смуглянка – Соғыс ардагерлері мен қонақтардың орындауында

  4. Ән «Жас сарбаздар әні»

Орындайтын: «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының «Қырандар» тобы




Жүргізуші:

Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар және қонақтар көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.Осымен «Ер есімі – ел есінде...» атты мерекелік концертіміз аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.08.2020
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі