"Ер есімі - ел есінде" жоғары деңгейге арналған сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ер есімі - ел есінде" жоғары деңгейге арналған сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға елімізге еңбегі сіңген елеулі тұлғаларды дәріптеуге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

32-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: етістіктің бұрынғы өткен шағы.

Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ тілінің грамматикасы бойынша тақырыпты меңгерту, жаңа лексикамен таныстыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бейімдеу

Сабақтың дамытушылық мақсаты: тыңдаушылардың сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, сауаттылығын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, анализ-синтез

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Коммуникативтік тренинг.

1. «Ер» сөзін қалай түсінесіз?

2. Қандай іс-әрекет ерлікке жатады?

3. Ерлігі ел есінде қалған қандай тұлғаларды білесіз?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз.


Үлгі тұту

Маңызды зерттеулер

Үміттену

Ғажайып

Әуелету

Жүректерді жақындату

Желбірету

Әсер ету

Тілдік тұлға

Кәсіпқой

Ән шырқау


2-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіп, табылған сөздердің ең бірінші әріптерін қосып оқыңыз.

1. Қарым-қатынас құралы.

2. тілі, тарихы, мәдениеті бір әлеуметтік қауым атауы.

3. Ешкінің төлі

4. Көне түркі жазуын пайдаланып, түркі тілінде сөйлеген ежелгі тайпа атауы.

5. Туыстық атау.


1




2




3




4




5




3- тапсырма. Бағандарда ұсынылған тарихи тұлғалардың есімдерін өзара сәйкестендіріңіз.

І

ІІ

ІІІ

ІV

1

Әл-Фараби


А

әнші

1

Абылай


А

ұстаз

2

Бұқар

Ә

батыр

2

Шоқан

Ә

сері

3

Амангелді

Б

ақын

3

Жамбыл

Б

хан

4

Құрманғазы

В

жырау

4

Қабанбай

В

ғалым

5

Күләш

Г

суретші

5

Ыбырай

Г

ғарышкер

6

Шара

Ғ

дана

6

Ақан

Ғ

ақын

7

Ә.Қастеев

Д

биші

7

Шәкәрім

Д

жыршы

8

Абай

Е

күйші

8

Тоқтар

Е

батыр



4-тапсырма. Суреттегі ұлы тұлғалардың есімдерін жазыңыз.


5-тапсырма. ОҚЫЛЫМ.
Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құраңыз.


ҒАРЫШТЫ БАҒЫНДЫРҒАН ҚАЗАҚ ҚЫРАНДАРЫ.

Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Талғат Мұсабаев – Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарыщкер, ал Айдын Айымбетов ғарышты бағындырған қазақтың тұңғыш азаматы.

Т.Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут, Т.Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут, А.Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секунд болған.

Әлемнің 256-ғарышкері Т.Әубәкіров – бірнеше рет рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енген тұңғыш қазақ ғарышкері. Т.Мұсабаев – ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан тұңғыш қазақстандық ғарышкер. Ол ғарыш стансасынан тыс ашық ғалам аясында жалпы мерзімі 41 сағат 21 минут болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, барлығы 30 сағат 89 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны үшін есімі айшықталып жазылған.

А.Айымбетов – ғарышқа тұңғыш ұшқан Қазақстан азаматы. Ол ғарышта қазақстандық ғылым үшін зерттеулер жүргізіп, радиацияның миға әсерін зерттеген.

А.Айымбетов – ғарышта қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдарын дәріптеген.


6-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.


Т. Әубәкіров

ғарыш

желісінде

шыққан

Гиннестің

қазақтың

кітабына

ғарышкері

Ашық

миға

киімдерін

зерттеген

Қазақтың

рекордтар

кеңістігіне

енген

Радиацияның

әлеуметтік

тұңғыш

жариялаған

Твиттер

ұлттық

әсерін

дәріптеген


ТЫҢДАЛЫМ.

7-тапсырма. Сұхбатты тыңдаңыз. С1 №3

Кәсіпқой қазақ боксшысы Қанат Исламұлы 1984 жылы Қытайда дүниеге келген. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Орташа жеңіл салмақтағы WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, 2010 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, "Астана Арландары" кәсіби клубында өнер көрсеткен. Қазір АҚШ-та Нельсон промоутерлік клуб атынан сайыстарға түсіп жүр. Соңғы 12 жекпе жектің онында нокаутпен жеңіске жеткен. Қанатпен журналистер кездесіп, екі сұрақ қойды. Журналист: Болашақта АҚШ-қа отбасыңызбен көшіп бару ойыңызда жоқ па?Қанат: Ел көру, жер көру үшін ертіп баруға болатын шығар. Ал былай, АҚШ-қа бір жола қоныс аудару мүлдем ойымда жоқ. Америкаға байласа да, қалмаймын. Маған жер бетінде Қазақстаннан артық жәннат жоқ.Журналист: “Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі болса, келісер ме едіңіз?” Қанат: Геннадий екеуміз Қазақстаннан шыққанбыз. Екеуміздің де соққымыз жақсы. Ол да төбелесуден қорықпайды және төбелесе біледі. Біз бір елдің намысын қорғап жүргендіктен екі қазақстандықты бір-біріне қарсы қою керек емес. Ал, егер халық екеуміздің жекпе-жекке шыққанымызды қаласа, мен рингке шығар едім. Өйткені, бұл – бокс. Геннадийге тек жеңіс тілеймін. Ол әрдайым еліміздің туын көкке көтеріп, халқымыздың батыры атана берсін деп тілеймін.Сөз соңында Қанат өз жанкүйерлеріне: «Қазақстан жастары үйде отырмай шетел асса, еліміздің көк туын желбіретсе, құр босқа жүрмей, жұмыс істесе екен деймін», – деген тілек айтты.


8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сұхбат не туралы?

  2. Сіздің ойыңызша, сұхбат беруші тұлға деп атауға лайық адам ба?

  3. Қандай жауаптары арқылы Қанатты патриот ретінде тануға болады?


9-тапсырма. Сұхбатты қайта тыңдаңыз. Сөйлемдегі артық сөзді тауып жазыңыз.


1. 2010 жылы алдыңғы атамекені Қазақстанға көшіп келген. ..............

2. Екі қазақстандықты бір рингте бір-біріне екеуіне қарама-қарсы қою керек емес. ...............

3. Қазақстан жастары үйде жалғыз отырмай шетелге шықса екен деймін. ...............

4. «Астана арландары» кәсіби клубында тұлға өнер көрсеткен. ...............

5. Халқымыздың батыры болуға атана берсін деп тілеймін. ...............


10-тапсырма. Тыңдалым бойынша тапсырма. Мәліметтерді сәйкестендіріңіз.



АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ!


ДҮНИЕЖҮЗІН МОЙЫНДАТҚАН ДИМАШ

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітірді.

Димаштың ата-әжесі де музыкаға жақын жандар. Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Алайда жас әншінің бағын Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық ән байқауы ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді. Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың "Мен әншімін" жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Сөйтіп 2017 жылы Димаш қытайлық жобада екінші орын алды. Осы жеңісінен кейін Димаш Францияның танымал бағдарламасына құрметті қонақ ретінде шақырылды. Отандасымыз әлем жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, француздарды тәнті етті.

Димаш алғашқы әлемдік турнесі аясында Қытайдың бірнеше қаласын аралады. Ал 2017 жылдың жазында Астанада алғашқы үлкен концертін берді. Шығармашылық кешке қазақстандықтардан бөлек, Қытай, Италия, Ресей, Украина, АҚШ және Франциядан тыңдармандар келді. "Астана-Арена" спорт кешеніне бас-аяғы 30 мыңдай көрермен жиналған.

Сондай-ақ, Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" номинацияларының жеңімпазы. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың мыңдаған тыңдарманы бар.

2018 жылдың мамыр айында әнші Screaming әніне түсірілген алғашқы бейнебаянын таныстырды. Бұдан бөлек, Айман Мұсақожаева Қытай кинокомпаниясы Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

РЕФЛЕКСИЯ.

Кестені толтырыңыз.


Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі