400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ер есімі-ел есінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ер есімі - ел есінде»

Бұл жұмыста мен өз әкем Туймебаев Артықбай туралы жазып отырмын. Менің әкем Туймебаев Артықбай 1923 жылы 10 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Төменгі Шыршық ауданында Энгельс колхозында дүниеге келді. Әкеден туған жалғыз ұл. Ел қатары 19 жасқа толған шағында әкеме де әскерге шақыру қағазы келді. Сұм соғыстың басталғанына бір жыл болды.1942 жылдың 5 маусымында ант қабылдап ,қатардағы совет әскері аттанды.Әскери жеке құжжатының сериясы НТ№1915051.Осы жылдың 6 маусым айында ,62 атқыштар полкінің 301 қатардағы атқыш әскері болып соғысқа аттанды. Соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен белшеден қан кешкен күндерін есіне алып немерелеріне аңгіме айтып беретін. Қара теңізді түнделетіп пароммен жүзіп өткенін ,түн болсада автомат оқтарының кезіп жүретіндігін. Окоптан басты көтерсең кездейсоқ оқтың адам өмірін жалмап кететінін айтатын. Аш жүрген кездерін есіне алып, адам аштыққа 1 апта , сусыз 3 күнге ғана шыдай алатындығын аңгімелеп беретін. 1942 жылдың 8 қыркүйегінде Моздок ауданында жаумен болған шайқаста сол қолынан ауыр жарақаттанып госптальға жатқызылды.Сол жарақатының азабын өмір бойы тартып келді.Жарақатың әсері жасының ұлғаюына байланысты көбейсе көбейді азайған жоқ.1993 жылы көзінің көруі нашарлап 2 топ мүгедегі, ал 2001 жылы 1 топ мүгедегі болды. Соған қарамастан ,елге оралған соң еңбек етіп жүрді. Менің атам үш ағайынды еді. Олар Артықбай,Сапарбай,Шәмші деген. Туймебай атамның өз бауырлары Абайев Сапарбай , Абайев Шәмшілерден қара хат алып олар із түзсіз жоғалып кеткендер қатарында еді.Жалғыз ұлдың аман есен келуіне он ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Соғыс кезінде өлім аузынан қалған жалғыз ұлының аман есен оралғанына қуанған ата анасының төбесі көке бір елі жетпеді.Бұл да болса құдайдың сыийы шығар. Соғыстан жарақаттануына байланысты ерте келді соған байланысты ешқандай марапаттары болмады.Тек Ұлы Отан Соғысы қатысушысы деген белгісі болды.Кейіншелік «Жеңістің жиырма жылдығы» және «Жеңістің оттыз жылдығы», «Жеңістің қырық жылдығы» , «Жеңістің елу жылдығы» және Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң «Jasorat» деген медальдармен марапатталды.1956-1961 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы Низамий атындағы педагогикалық иституты сырттай оқып бітіріп.№39 М.Әуезов атындағы мектепте он жыл тарих пәнінің мұғалімі болып, оттыз жыл мектеп директоры болып қызмет атқарды.Көптеген шәкірттер тәрбиеледі. 2004 жылы өмірден озды.Мен өз әкемнің ерлігін мақтан етемін.Жатқан жерің жайлы,топырағың торқа болсын әкешім. Есінде мәңгі сақтаушы және ерлігіңді мақтан ететін ұлың Туймебаев Қалмахан келінің Алтынай және немерелерің.

Туймебаев  Қалмахан Артықбайұлы Павлодар обылысы,Павлодар ауданы ,Заңғар ауылының мәдений ұйымдастырушысы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі