Материалдар / Ережелер жинағы бастауыш сыныптарға әдістемелік құрал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ережелер жинағы бастауыш сыныптарға әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
1286
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі ережелер жинағы(бастауыш сынып оқушыларына көмекші құрал)Есмаханова Алма Избасаровна Кочкарова Зулфия ЯнгибаевнаАлматы облысыҚарасай ауданы«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Түсінік хат Білімнің сара жолы бастауыштан басталатыны, бастауышта алған білімі негіз болып қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауш сыныптардың қазақ тілі пәнінен сауаттылығын дамыту мақсатында жаңартылған бағдарлама бойынша Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, М.Н.Оспанбекова. Сауат ашу. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2016. Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2017 оқулықтағы ережелер жинақталып теріп жазылды. 3-4 сыныптардың ережелері Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. (4-басылым, өңделген) Алматы «Атамұра» 2014. Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. (4-басылым, өңделген) Алматы «Атамұра» 2015 басылымнан шыққан оқулықтағы ережелер жинақталып жазылды. Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама жинағы бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге және оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

1 сынып І бөлімСөйлеуСынып бөлмесінде отырғандар кімдер? Олар не істеп отыр?Сенің бұл берген жауабың екі сөйлемнен тұрады. Олар сөйлеуді құрайды.

Сөйлеуде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен белгіленеді. . ! ?Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір-бірімізге сөз арқылы жеткіземіз.БуынСөздер буынға бөлінеді. Оны сызбаның көмегімен былай белгілеуге болады.






Сөз дыбыстардан тұрады. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болады.ДыбысСөйлеу адамға ғана тән. Жан-жануарлар тек дыбыс шығарады.Дыбыстарды айтамыз және естиміз.Әріптерді көреміз және жазамыз.

1 сынып ІІ бөлімБарлық сөз дыбыстардан тұрады, оларды жазуда әріппен белгілейміз.Дауысты дыбыстар: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и, (у).Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң, п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ұ,ы.Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,е,ө,ү,і.Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: ақ, уа-қыт, жү-рек.Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады.Мысалы: ба-уырсақ, бауыр-сақ.ӘліпбиҚазақ әліпбиінде 40 әріп және екі таңба (ь,ъ) бар.Аа (а), Әә (ә), Бб (бы), Вв (ве), Гг (гі), Ғғ (ғы), Дд (ды), Ее (е), Ёё (йо), Жж (жы), Зз (зы), Ии (и), Йй (қысқа й), Кк (кі), Ққ (қы), Лл (ыл), Мм (мы), Нн (ны), Ңң (ың), Оо (о), Өө (ө), Пп (пы), Рр (ыр), Сс (сы), Тт (ты), Уу (у), Ұұ (ұ), Үү (ү), Фф (эф), Хх (хы), Һһ (һы), Цц (цы), Чч (че), Шш (шы), Щщ (ща), ъ (айыру белгісі), Ыы (ы), Іі (і), ь (жіңішкелік белгісі), Ээ (э), Юю (йу), Яя (йа).Сөйлем аяқталған бір ойды білдіреді. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрақ белгісі(?), не леп белгісі (!) қойылады.Сөз дыбыстан құралады. Ол белгілі бір мағынаны білдіреді.Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қойылады.Адамның және жер-су аттары бас әріппен жазылады: Досан, Қарағанды, «Балуан Шолақ» спорт кешені.Хайуанаттар мен үй жануарларының аттары бас әріптен бастап жазылады: Тарлан, Құтжол.Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? қайтті? деген сұрақтар қойылады: келді, жазды, өсті.Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай?, қай? деген сұрақтар қойылады: жасыл, терең, кең.Заттың санын білдіретін сөздерге қанша?, неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жиырма, сегізінші, отызыншы.

2 сынып І бөлімСөйлеу сұрақ, жауап, әңгімелеуден тұрады.Кітап жазбаша сөйлеу түрінде, радио ауызекі сөйлеу түріне жатады. Біздің еститін және айтатын сөйлемдеріміз аузекі сөйлеу деп аталады. Яғни бұл- үн берілетін сөйлеу. Жазбаша сөйлеу- жазылып берілетін хабар. Сөйлеудің бұл түрі аузекі сөйлеу түрінен кейін пайда болған.Ерте заманда адамдар әріптерді білмеген. Олар сөзді сурет және басқа белгілермен беруге тырысқан.Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі диалог деп аталады.Өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі монолог деп аталады. Ы,і дыбыстарына аяқталған сөздерге у дыбысы қосылса, ы,і дыбыстары түсіп қалады: тасы-тасу, оқы-оқу, торы-тору.И- дауысты, Й- дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, мойын, мейіз, ай, қайыс.И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: киім, қиын, жиын.Сый, тый және бұлардан тараған сөздерде тек ый жазылады: сый, сыйлық; тый, тыйым.Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, сая, таяқ.Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, я жазылады: мия, тақия, Әлия.Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию,жию.Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстыр
Үнді дауыссыздарҰяң дауыссыздарҚатаң дауыссыздар
л,м,н,ң,р,й, (у)б,в,г,ғ,д,ж,зК,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,я,ш,щ


Сұхбат дегеніміз-арнайы сұрақтарға біреуден жауап алу.Сөз басында б естілгенімен, п әрпі жазылады: мектеп, кітап, доп, қап.П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: кітап-кітабы, талап-талабы.Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: достық-достығы, артақ-артағы, құшақ-құшағы.Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі, серік-серігі, жүрек-жүрегі.Сөз басындағы л,р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет,рас.МәтінМәтін мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.Тақырып- мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.Мәтіндегі негізгі ой-автор айтқысы келген басты пікір. Мәтіннің басы оқырманды оқуға даярлайды. Негізгі бөлікте автор айтқысы келген басты пікірін білдіреді. Мәтінді соңғы бөлік аяқтайды. Мәтіннің әрбір бөлігі азат жолдан бастап жазылады. Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады.Заттың немесе құбылыстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтініне қандай? сұрағы қойылады.Пайымдау мәтіні үш бөліктен құралады:*бірінші бөлікте түсіндіруді, дәлелдеуді қажет ететін ой айтылады. Айболға мұғалім ескерту жасады;*екінші бөлікте түсіндіру, дәлелдеу пікірі беріледі: Өйткені ол гүлді жұлып алып, мұғалімге ұсынды;*үшінші бөлікте қорытынды пікір беріледі: Ол кінәсін мойындап, мұғалімнен кешірім сұрады.Пайымдау мәтініне неліктен? сұрағы қойылады.Сипаттауда заттың бірнеше белгісі –түсі, түрі, көлемі көрсетіледі. Ал салыстыра сипаттаудазаттардың ұқсастығы мен ерекшелігі олардың нақты белгілері бойынша тапқызылады. Мысалы: алма-қызыл,қияр-жасыл.ДиалогДиалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады.Мысалы:-Неге шақырдың, Қожатай?-Шақырғам жоқ...-Дауыстағандай болдың ғой?-Сізге емес .... жайша.СөйлемСөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем сөңына не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің сөңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.Мәтінге қарағанда хабарламаның көлемі қысқа, шағын болады. Хабарламада нақты бір ақпарат туралы ғана айтылады.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемнің сөңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің досың кім?Сұраулы сөйлемдегі сұраулық мағынаны білдіретін сөз басқа сөздерге өарағанда көтеріңкі дауыспен оқылады.Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады: Айгүл келді ме? Жауын басылып па?Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады: Қандай әдемі гүл!Сөйлемдегі сөзден бір-бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.2 сынып ІІ бөлімСөз-заттың, сапаның, қимылдың,санның атауы.Мысалы: ай, үй,ақын; тұнық, әдемі; оқы, түсін; алты, он бір.Сөздің лексикалық мағынасы болады. Футбол сөзінің білдіретін лексикалық мағынасы-допты аяқпен теуіп жүріп, қарсы жақтың қақпасына кіргізуді мақсат еткен спорт ойыны.Тілімізде мағынасы қарама-қарсы сөздер кездеседі: ақ-қара,арзан-қымбат.Мұндай сөздерді антоним сөздер деп атайды.Тілімізде білдіретін мағынасы бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр басқа сөздер кездеседі: әдемі, көрікті; алыс-шалғай.Мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайды.Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер деп атайды. Мысалы: алма-жеміс, алма- қимыл атауы: сен оны алма.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейді: күн, жыл,спорт, палуан.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді: күні, жылдар,спортшы, палуандарТүбірдің белгісі- күйҚосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Жұрнақтың белгісі- .Мысалы: футболшы .Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді. Жалғаудың белгісі- .Мысалы: : футболды.Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді.Жұрнақ бұрын, Жалғау жұрнақтан соң жалғанады:хоккей+ші+ге жүз+гіш+терхоккей+ші+нің оқу+лық+тахоккей+ші+мен ұш+қыш+пенСөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім сөз таптары.Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есімдерге кім?, кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.Мысалы: адам, көгершін; жазушылар, құлындар. Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, заттар мен жануарларға не? нелер? деген сұрақтар қойылады.Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Әсел, Астана, Іле.Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады: ауыл, әже, құс, көше.Зат есімнің жекеше, көпше түрі болады. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі деп атайды; әке, үй, құс.Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды; әкелер, үйлер, құстар.Зат есім дара және күрделі болады.Дара зат есім бір сөзден тұрады: қойшы, мал, түйе.Күрделі зат есім екі не одан да көп сөзден тұрады: тасбақа, аққу, ата-ана, теміржол.ЕТІСТІКЗаттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? Деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.Етістік дара және күрделі болып бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады: жазды, көрді, ұшады.Күрделі етістік екі не үш сөзден тұрады: жазып отыр, көріп жүр, ұшып бара жатыр.СЫН ЕСІМЗаттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атайды. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады: сұлу, жақсы, таза, қоңыр.Сын есім дара және күрделі болады.Дара сын есім бір сөзден тұрады: көк, қою.Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады: ақ сары, көк ала. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.САН ЕСІМЗаттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім деп атайды. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес жеті, тоғызыншы, жиырмасыншы.Сан есім дара және күрделі болады. Дара сан есім бір сөзден құралады.Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: он тоғыз, жүз он екінші.3 сынып Тіл жіне сөйлеуВ-ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді: вагон, автобус, паровоз, ПавловФ-қатаң дауыссыз дыбыс.Ол сөздің барлық буындарында келе береді: фабрика,телефон,телеграф.Ч,Щ-қатаң дауыссыз дыбыстар: Чапаев, чемодан, чемп
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!