400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Ерекше баланың ата-анасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, тәрбиешілерге, психологтарға, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасайтын барлық мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерекше баланың ата-анасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Бала дамуындағы бұзылыс отбасы мүшелері үшін үнемі күйзеліске әкеліп соғады. «Ерекше» баланы тәрбиелеу және дамыту мәселесі отбасының ұзақ және күрделі әлеуметтік бейімделе алмауының себебі болып табылады.

Даму мүмкіндігі шектеулі бала эмоционалды, моральды, психологиялық өте күрделі жағдайда болады. Бала тұрмысқа бейімделіп, өзге адаммен қарым-қатынасқа түсуге үйрену қажет, алайда өзінің «ерекшелігіне» қарай ол қандай да бір әрекетті орындай алмауы мүмкін. Сондықтан да, баланың ата-анасына баланы дамыту мен тәрбиелеу, қамқор болу, оның өмірі үшін жауапты болу секілді үлкен жүктеме бар.

Көптеген зерттеу бойынша, аталған топтағы баланың ата-анасы эмоционалды қысым, қобалжу, кінә сезімі, реніш, асқынған күйзеліс күйінде жиі сезінеді екен. Мұның барлығы ата-ананың балаға деген қатынасына әсер етеді. Мұндай кезде, балаға да, ата-анаға да психологиялық көмек қажет.

Бұл жан ауыру кезеңі, оны бүкіл денемен сезініп, қайғыны кешіп, көз жасын төгуді қажет етеді, содан кейін екінші кезең басталады. Қайғыны көрген адам, жағдайды байсалды шешіп, мәселені байыпты шешуге қабілетті бола түседі. Бала тағдыры үшін уайымдаған ата-ана қорқынышын бала береді. Ересектердің қобалжуын интуитивті сезе білген бала ашушаң, жүйке тозуына ұшырайды.

Әрине, «мүгедек» сөзі баланың күнделікті сезімі мен көңіл күйіне ештеме қоспайды. Баланың қоғамдағы статусын түсіну немесе түсінбеуден ол жақсармайды да, нашарламайды да. Ең маңыздысы, ата-ана өзінің балаға деген эгоистік махаббатының арқасында, яғни ерекше қамқор көрсетуінің арқасында, баланың өзінің жай-күйіне, қоғам мен қоршаған ортада өз орнын табуына кері әсерін тигізбеуі, керісінше бала дамуына оптималды жағдай жасауында.

«Ерекше» балалар ата-ана махаббатына мұқтаж, алайда олар жаны ашығандықтан, мүсәпірліктен туындаған махаббаттын қажеті жоқ, баланың сезімімен санасатын таза альтуристік махаббат қажет. Баланың арықарайғы өмірінің тым ауыр немесе жеңіл болып өтуі баланың өз-өзіне қызмет етуі мен айналадағы орта мен қоғамға бейімделуіне байланысты. Балаға болмайды, қолыңнан келмейді сөздерінен гөрі, ары қарай әрекет етіп, өмір сүруіне талпындыратын, стимул беретін, өзінің жасырын мүмкіндіктері мен қабілетін ашуға итермелейтін қанатты сөздер мен дұрыс бағыттар берілген жөн. Әрине, баланың сырқаты мен жалпы физикалық-психикалық күйіне көзді жұма қараған да жөн емес, алайда оны алтын құтынын ішінде сақтап ұстау бала үшін еш пайдасыз. Барлық отбасы мүшелерінің балаға деген зейіндерінің аз шоғырландырса, баланың өз бетімен әрекет етіп, шығармашылық қиялының оянып, ортамен қарым-қатынасы нығая түсетіні анық. Егер ата-ана бала тек өзін ғана емес, өзгені де ойлауды үйретсе, бала тағдыры бақытты сәттерге толы болып, мәнді бола түсетіні анық.

Ал, ата-аналар – өздеріңіз туралы ұмытпаңыздар! Депрессия – науқас баланың ата-анасының жиі көлеңкесі болады. депрессия тетігін басатын, диагнозды ұзақ күту, үмітсіздік, қиын жағдайда дос пен туысқанның көмектесіп, назар аудармауы, ұйқысыз түндер, бала көзіндегі мұң болуы мүмкін. Шамадан тыс шаршаңқылық, зорығу, ұйқысыздықта жүрген ата-ана үшін кез-келген ұсақ-түйек мәселенің өзі жүйке жүйесін жұқартуы мүмкін. Бірақ, бала үшін көңілді, байсалды, күшті, энергиясы мол, сенімді ата-ана қажет.

Психологиялық қолдау сіз және баланың бейімделу жолында маңызды процедураның бірі болуы мүмкін. Уақытылы ұйықтау мен демалуға мүмкіндік беретін, қол ұшын созып көмек көрсететін адамды тапқаныныз жөн. Ол әлеуметтік қызметкер, жақын туысыңыз, психолог немесе көмекші тәрбиешілер болуы мүмкін. Іштегі уайым-қорқынышыңызды жеңуге көмектесіп, үміт отып ұялататын, сенім білдіріп, жігерлендіретін адаммен жиі байланыста болуды әдетке айналдыру керек. Егер ата-ана бақытты болса – бала да бақытты болатынын есте ұстаңыз.

Өмірдің қызықты сәттерін көрмей, қуанышы мен мәнін жоғалтып алмаңыз. Баламен бірге өзіңіздің де өміріңіз бар екенін есте сақтаңыз. Өзіңізді құрбан ете отырып, баланы тәрбиелеу сізге де, балаға да ешқандай пайда әкелмейді. Өмірге құштар адам, сәбиін де өмірге құштарлыққа үйрете алады, ары қарайғы өмірінің сапалы іргетасын қалай алады.

Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жадынама:

«Түсінемін» және «қабылдаймын».



1 Ереже. Балаға тым жоғары талап қоймаңыз. Ол өз өмірінде сіздің арманыңызды емес, өзінің қабілеттерін шыңдау қажет. Бала үшін ұялудың еш қажеттілігі жоқ.



2 Ереже. Баланы жиі мадақтау. Мейірім төге қарап, құшақтау, басынан сипау, шағын сыйлық жасау, марапаттау, көтермелеу - баланы жігерлендіреді.



3 Ереже. Бала ерекше болуға құқылы. Баланы өзі жасай алатын әрекеттен бастап, күрделі әрекетті үйретуді жолға қою керек. Дұрыс көмек керек уақытта бала жеңіс пен қуаныш әкеледі. Аз ғана жеңіске де қуана білу, бала үшін өте маңызды. Бала өз қабілетін жаймен аша түседі.



4. Бала ерекше болғаны үшін кінәлі емес. Баланы өз ортаңызбен жиі қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік жасаңыз. Балаңыз туралы әңгімелеуге ұялып, қысылмаңыз. Өз әлеміңізде тұйықталмаңыз. Бала өзгелермен қарым-қатынас орната отырып, болашақта қоғамға сіңісудің, өз орнын табудың үлгісін үйренуі қажет. Балаға жаңа достарды тез пайда болуына жағдай жасаңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
2528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі