400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойлау қабілеті нашар балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАДЫНАМА!

Сіздерге оқу кестесі бойынша өтетін пәннің дәрісбаяны ұсынылып отыр. Дәрісбаянды мұқият 2-3 рет оқып, содан кейін дәптерлеріңізге 1,5 - 2 беттен тұратын қысқаша мазмұнын жазасыздар. Оқу процесі қайта басталған кезде дәрісбаяндар күн-күнімен тексеріледі. Дәрісбаянға күнін, тақырыбын, жоспарын жазуды естен шығармаңыздар.



1.4 тақырып. ҚР-дағы инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы


Жоспар:

1. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғайтын заңнамалық құжаттар.

2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар.

3. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның толеранттылық және қамқорлық қарым-қатынасының көрсеткіші ретінде ауызекі ұлттық шығармашылық және әлеуметтік қағидалар.



Адамның өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі сақталуы қажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халықтың әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халықаралық актілердің негізінде реттеледі.

Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқығын сақтау туралы халықаралық құқықтық құжаттар барлық халықтың құқығы мен еркіндігін мойындауға, жеке басының, тілінің, дінінің, еңбекке араласу, тынығу мен бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік қамсыздану, материалдық және моральдық қызығушылықтарының орындалуына негіз болады.

Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).

Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.

2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.

Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау негізінде жұмыстарының ортақ тенденциясы мен қағидаларын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің көбі үлкен мән беретіні:

  • түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;

  • оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына;

  • бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;

  • отбасына психологиялық қолдау көрсету.

Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар.

2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.

Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

- жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

- мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

- арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;

- мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

- мекемені ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:

  1. Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.

  2. Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.

  3. Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.

  4. Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.

Инклюзивті білім беру түсінігі тек білім беру жүйесіне ғана емес сонымен қатар қоғамдағы адамның алатын орнын анықтауға жаңа көзқарастардың туындауына септігін тигізеді.

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ

Халықаралық құжаттар:

•   Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

•   Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)

•   Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)

•   Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация

Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы:

•   Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы.

•   «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасын Заңы.

•   "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытундың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғалым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығандағы өзгерістер енгізу туралы.

•   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

•   Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң

•   Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң

•   Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң

•   Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заң

•   Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру

 

Заңға қосымша актілер:

•   Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы.

•   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы.

•   Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V ҚРЗ

•   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

•   «Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

•   «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

•   Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы)

•   Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасының. Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы  желтоқсанның 12-ндегі № 524 бұйрығымен бекітілді)

•   Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы

•   Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті (кіріктіре)  білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар  (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009  жылғы  наурыздың 16-ндағы  № 4-02-4/450 хаты)

•   Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы

•   Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығымен бекітілді

•   Балаларды кохлеарлы имплантациядан кейін жалпы (инклюзивті) білім беру және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік-нұсқаулық хат (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009 жылғы шілденің  2-ндегі № 4-02-4/1228  хаты)

•   Аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2010  жылғы  мамырдың  28-ндегі №4-02-4/1435  хаты)

•   Әдістемелік нұсқау хат «2016-2017 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы»

•   "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бекіткен материалдар:

•   Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері

•   Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

•   Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау

•   Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру

•   Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру

•   Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау

•   Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі

•   Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету

•   Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу үлгілерін дайындау

•   Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 Заңы.

2. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана.:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ,

3. Айдарбекова А.А. Ермекбаева Л.Х. Дербисалова Г.С. Самигулина З.Р. Формирование социальной компетентности детей с ограниченными возможностями, обучающихся в инклюзивной (интегрированной) среде. Методические рекомендации. Алматы, 2015, 59 с.

4. Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Инклюзивное образование: учебное пособие. - Алматы, 2013. – 200 с.

5. Тұрғанбаева Б.Ш. Коррекциялық педагогика. Семей, - 2014ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
3976
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі